Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 21:16, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.
Кіріспе.................................................................................................
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................
2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................
Қорытынды..........................................................................................
Қосымша кесте....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығының есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты жәнежерсалығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары табыс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық әдіс;
2) есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасының салықтарның, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Раиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «Салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.
2.2 Салық алуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылоды.(1-сызба «салық механизмінің элементтері» 33-бет)
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі , салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі тувндайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
Тауарға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулурінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
Салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғаушараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық боойынша және т.т.);
Салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен қатар төлеу мерзцмцн ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері – билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтық бақылау– салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Салық төлеушілерді тіркеу есебі;
Салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;
Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
Салық тексерістері;
Камералық бақылау;
Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
Фискалдық жады бар бақылау касса-машиналарын қолдану ережелері;
Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
Уәкілетті органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексыне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
2.3 Қазақстан Республикасының салық түрлері.
Қазақстан Республикасының салықтары екі түрге бөлінеді. Олар: жергілікті және мемлекеттік. Салықтар: жанама салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар,.
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасына бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 пайызын құрады.
Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелер