Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 19:40, курсовая работа

Описание

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................

I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................

1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................

1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................

1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................

II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................

2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................

2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................

2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................

2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................

Қорытынды..........................................................................................

Қосымша кесте....................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның салық жүйесі.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 

 

Курстық жұмыс
 

Экономикалық  теория 

Тақырыбы: «Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері» 
 

                 

                                

                                                
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны

      Кіріспе.................................................................................................

I. Нарықтық экономикада  салықтың алатын орны...............................

   1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................

   1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................

   1.3 Салық  салудың принциптері мен түрлері..................................

II Қазақстан  Республикасындағы салықтар және  салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................

   2.1 Қазақстан Республикасындағы салық  жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................

   2.2 Салық  алуды ұйымдастыру.........................................................

   2.3 Қазақстан Республикасындағы салық  түрлері.......................... 

   2.4 Қазақстан Республикасының салық  жүйесіндегі кейбір мәселелер  және оны шешу жолдары.....................................................

   Қорытынды..........................................................................................

   Қосымша кесте....................................................................................

   Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................  

 

 
 
3 

4 

4-7 

7-11 

11-13 
 
 

15 
 
 

15-21 

21-24 

24-29 
 
 

29-34 

34-35 

36 

37 

Кіріспе

 

   Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты  көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған  елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. 

   Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы  еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.

   Табыс салығын алу белгілі бір төменгі  деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.

   Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен  рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

     Менің курстық жұмысымның мақсаты  – Қазақстан Республикасының  салық жүйесі жайлы жан-жақты  мағлұмат беру, оның қалыптасу  кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.  

I Нарықтық  экономикада салықтың алатын  орны 

1.1 Салық  ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

 

   Ұйымдық–құқықтық  жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

   Салықтар  қаржының бастапқы категориясы болып  табылады. Салықтар мемлекетпен бірге  пайда болды және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

   Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі  көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің  басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

      Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі  қағидаты қалыптасқан: 

  1. пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
  2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.

   Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне  салық салудың қағидаттарын пайдалану  салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың  өзгеруіне саяды.

   Салықтың  Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

  1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
  2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
  3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
  4. салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).

   Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл  процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.

   Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төламдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

   Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.

   Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді.

   Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.

   Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

   Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -33 %).            (Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев // Қаржы // Алматы, 2003, бет 214).

   Мемлекет  салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

  Нарықтық  қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың  өзін ақтамаған қағидатынан бас  тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.     

   1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы 

   Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп  заң актілерімен белгіленген  тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің  бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.

   Мемлекетке  түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың  және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары  мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.   

   Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында  салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:

  • салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші – арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
  • салықтың объектісі – салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
  • табыстың көзі – есебінен салық төленетін табыс;
  • салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

   Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.

Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері