Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 20:51, курсовая работа

Описание

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................
2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................
Қорытынды..........................................................................................
Қосымша кесте....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның салық жүйесі реферат.doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)

     Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

   Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

   Прогрессивттік  ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.

   Регрессивттік ставкалартабыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.

   Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.

   Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей  төлейді. Олар заңды және физикалық  тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей  пропорционалды болады. Осыған жататындар:

  • азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
  • мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.

      Жанама  салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:

  • үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
  • мұрагерлік салық;
  • жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.

  Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі  түрі болады. Мұның негізін табыс  салығы – азаматтар және заңды  тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды. 

  Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы  және  заңды тұлғаларға салынатын табыс  салығы деп ажыратылады.

  Индивидуалдық табыс салығы бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.

  Соңғы жылдары табыс салығының ставкасын  төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы  бойынша, «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген  прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.

  Заңды тұлғаларға табыс салығыкорпорациялардың пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады.

  Корпоративтік салық фирмалардың салық төлемдердің  басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акйионерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді. Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады – бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.

  Салықтың  дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі – қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.

  Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті  қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады. Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялық салық несиесі салықтың жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.

  Жанама  салықтың қатарында кеден , баж алымдары жатады.Олар тауарларды мемлекеттік  шекарадан әрі бері өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезенде, әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі

       

  1.3 Салық салудың принциптері мен  түрлері 

   Салық салу жүйесінің басты буыны –  бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация, табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық қоры төлемдері және т.б. шығындар. Көптеген елдерде корпорация пайдаларына салық салу ставка пропорциялары арқылы жүреді.

   Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық  салу деген де бар. Ол пайданың белгілі  мөлшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше  жағдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.

   Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардаың  бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан  түскен табыстардан алынады. Тікелей  табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады.Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ.

   Жанама  салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық салу кенінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгенен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезендегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады.

   Фискалды, монопольды салық мемлекеттің монопольды өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай олардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. басқа болуы мүмкін. Фискалды, монопольды түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкметтің бюджетіне түседі.

   Жанама  салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік  шекарадан әрі-бері алып өткенде  төленетін салықтар. Қазіргі кезеңде, әсіресе шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды. Қазіргі мемлекеттердің финанс жүйесінде маңызды рөлді орталық үкіметтің салықтарымен қатар жетгілікті жерлердің салықтары да атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары: меншік салықтары, әр түрлі жанама салықтар.

   Жергілікті  әкімшіліктің қажеттіліктерін өтеуге өз салықтары жетіспегендіктен көптеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға субвенция (көмек) беруі  үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі.

   Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т.б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюннктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Олсалықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің айынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

   Мемлекттік  бюджет пен салық ставкасының  арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі  – Лаффердің қисық сызығы деп аталады. Суретте ордината сызығында салынған ставкаларын (R), абциссада мемлекеттік бюджетке түсетіндер (Y) бейнеленген. Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық ставкасының қолайлы мөлшері (R) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз етеді(Y). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтуге болады.                           Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Жалпы рыноктық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқа да факторлар ықпал етеді. Бұлардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуі. 

                                                           
 
 
 
 
 

      

       Лаффердің қисық сызығы.                       

II. Қазақстан  Республикасындағы салықтар және  салық жүйесін ұйымдастыру. 

   2.1 Қазақстан Республикасындағы салық  жүйесінің қалыптасу кезеңдері 

  «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз  байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.

  1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға  дейін елде көбінесе экономиканы  басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері