Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:10, реферат

Описание

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

Budgetten tys korlar.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар  тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды  нығайту жөніндегі мәселелерді  жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.

Ұлттық экономиканы  тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым  секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

- мұнай- газ  секторы ; - электр энергетикасы ; - металлургия; - химия, 

мұнай- химия; - инфра  құрылым .  

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар  болып табылады :

1. Қордың жалғыз  акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;

2. Қордың және  оның компаниялары қызметінің  ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;

3. шешімдер қабылдауда  және оларды іске асыруда кезінде  жүйелілік және шұғылдық;

4. жауаптылық  және есептілікте болу .

Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :

1. ұлттық экономиканы  жаңғыртуға және әртараптандыруға  жәрдемдесу ;

2. елдің экономикасын  тұрақтандыруға жәрдемдесу ;

3. компаниялар  қызметінің тиімділігін арттыру  .

Қордың міндеттері:

1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;

2. Қордың компаниялары  топтарының қолданыстағы активтерін  қолдау және жаңғырту ;

3. өңірлерді  дамытуға және әлеуметтік жобаларды  іске асыруға жәрдемдесу ;

4. отандық тауар  өндірушілерді, отандық тауарлар  мен қызметтерді қолдау . 
 

Бюджеттен тыс қорлар, олардың  мағынасы 

  

Бюджеттен тыс  қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың  қол астындағы және мақсатты түрде  қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.  

Бұл қорлардың  дұрыс құрылуы мен пайдаланылуы қарастырылған құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып  бөлінеді.  

Экономикалық, қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.  

Әлеуметтік қорларға коғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.  

Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.  

Бюджеттен тыс  қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін. 

Бюджеттен тыс  қорлардың ақшалай қаражаттары  мынадай негізгі бағыттарға жұмсалады: 

- жарғылық қызметі; 

- артық    ақшаның    белгілі    бір    үлесінің    қаржылық активтерге инвестициялануы;  

- коммерциялық  қызметі. 

Бюджеттен тыс  қорлар мемлекеттік қаржылардың  бір буыны болып табылады. Бюджеттен  тыс қорлар өзінің, мәні бойынша  мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді  қар жыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмса латын каржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.  

Тағайындау - қаражаттардың  аударымдары есебінен мақсатты шаралардың каржыландырылуы: 

а) арнайы мақсатты салықтар есебінен; 

б) зайымдар мен  ақшалай-заттай лотереялар есебінен;  

в) бюджеттен  алынған субсидия есебінен; 

г)  қосымша  табылған кірістер мен үнемделген қаржылық ресурстардың есебінен;  

д) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарынан. 

Бюджеттен тыс  қорлардың    көмегімен мыналар  асырылады:  

- отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу арқылы өндірістік процеске  әсер ету; 

- қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  алынған   айыппұл мен арнайы белгіленген   көздер  есебінен  табиғатты қорғау  шараларын жүргізу;  

- әлеуметтік  инфрақұрылымды   қаржыландыру,   субсидиялау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету; 

- зайымдар   беру.      

Бюджеттен тыс  қорлардың кызмет етуі орталық, реслубликалық  және жергілікті мемлекеттік билік  органдарының басшылығымен ұйымдастырылады.  

Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:  

а) салық төлеуден босатылуы;  

б) кеден баждарын төлеуден босатылуы (коммерциялық кызметтегі жеңілдіктерден басқа).

Информация о работе Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы