Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 21:09, аттестационная работа
Нарық – өз мағынасында айырбас сферасында жүретіндігін анықтайды. Екінші жағынан «нарық» дегеніміз өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Сонымен нарық - өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі, ал нарықтық қатынастар дегеніміз адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін орны. Осындай анықтамадан кейін айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі болып табылады.
І. Кіріспе: Нарықтық қатынастар және бөлшек сауда нарығы туралы жалпы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім: 1. Бөлшек сауданың табиғаты және маңызы
2. Бөлшек сауда кәсіпорындарының түрлері
3. Статистикалық мәліметтер
ІІІ. Қорытынды
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:
Бөлшек сауда нарығы
Жанатқызы С.
І.
Кіріспе: Нарықтық
қатынастар және бөлшек сауда нарығы туралы
жалпы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім: 1. Бөлшек сауданың табиғаты және маңызы
3. Статистикалық мәліметтер
ІІІ.
Қорытынды
Нарық – өз мағынасында айырбас сферасында жүретіндігін анықтайды. Екінші жағынан «нарық» дегеніміз өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Сонымен нарық - өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі, ал нарықтық қатынастар дегеніміз адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін орны. Осындай анықтамадан кейін айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі болып табылады.
Ағылшын экономисі У.Джевонс (
Нарықтық қатынастарға мыналар жатады:
Бөлшек сауда дегеніміз не? «Сирс» корпорациясы бөлшек сауда фирмасы екені жұрттың бәріне белгілі. Ал мына есікті қағып тұрған «Эйвон дамасы» туралы, үйді жөндеу қызметін телефон арқылы ұсынған мердігер туралы, пациентке келген дәрігер туралы, демалыс күні демалуды жарнамалайтын қонақ үй туралы, не айтуымызға болады. Ия, ия, осының бәрі бөлшек сауда. Біздер бөлшек саудаға былай деп анықтама береміз:
Бөлшек сауда – тауар не қызметкерді тікелей соңғы тұтынушының жеке коммерциялық түрде емес пайдалануына әрбір сату әрекеттері. Осымен айналысатын әрбір мекеме бөлшек саудамен айналысады деуге болады. Оның үстіне, тауардың не қызметтің дәл қалай (жеке қолдан сатылуы ма, пошта арқылы көшеде не тұтынушының үйінде) сатылатынына мән беріле қоймайды.
Бөлшек
сауда, Құрама Штаттарда ең ірі жұмыс
салаларының бірі. Бөлшек сауда дүкендері
жалпы коммерциялық кәсіпорындардың,
шамамен алғанда 25% құрып, елдегі жұмыс
орны көздері бойынша үшінші орынға шығып,
оның жұмысшыларымен, қызметкерлерінің
штаты 16 млн. адамға жетеді. Бөлшек сауда,
құрамына 1,5 млн. астам бір орынды және
340 мыңнан астам кәсіпорынды сауда кәсіпорындарынан
құралып, олардың жалпы сауда айналымы
1981 ж.1038000000 мың. долл. болған.
Бөлшек сауданың табиғаты және маңызы
Елдегі ірі бөлшек саудашыларына кімдер жатады? 1981 жылы ірі бөлшек сауда кәсіпорындарының бірінші ондығына «Сирс Робак» сауда айналымы 27,3 млрд. долл; «Сэйфуэй Строс» (16,5), «Дж К Пенни» (11,8), «Крогер» (11,2), «Ф.У. Вудворт» (7,2), «Америкэн сторс» (7,1), «Лаки сторс» (7,2), «Федерейтед департмент сторс» (7,0), және «Эй энд Пи» (6,8 млрд. долл) корпорациялары кіретін. Бөлшек сауда ірі фирмалары – бұл ең алдымен аралас ассортиментті әмбебап дүкендері және универсам жүйелері.
Сауда
қоғам кластарының бірімен
Корпорация өзінің бұрынғы жағдайын қалпына келтіру үшін 80-ші жылдары не істеп жатыр? Ол мынадай стратегияның жолдарын ұстап отыр: ең тұрақты нарық «орта класты американдықтар» екенін мойындаған. «Сирс» енді ықпалды сатып алушылардың санынан көбейту талабынан бас тартқан.
Оның орнына корпорация өзінің қазіргі сатып алушыларына несие беру арқылы байланысты нығайтып, өз тауарларымен қызметтерін тек осыларға бағыттайды. Мысалға, 1981 ж. «Сирс» корпорациясы жылжымайтын мүліктермен айналысатын фирманы және инвестициялық компанияны, олардың қызметтерін клиенттерге ұсыну үшін сатып алған. Және тағы бір өзгеріс: бүтінде «Сирс» өз дүкендерінде «Леви Сирс» маркалы джинстер және киімдерімен сауда жасайды. Қазіргі бөлшек сауда сатушылары өзгеріс нышандарын ұқыпты бақылап, өз стратегиясын кеш қалғаннан гөрі бұрын өзгеруге дайын болу керек. Дегенмен, стратегияны турылы шешім қабылдауды іске асыру оңай нәрсе емес. Ірі бөлшек сауда сатушысы өзінің басшылары «Жәй дұрыс мағына» деп санайтын саяси нұсқауларға көп жағдайларда тәуелді. Оның үстіне, ол дүкеннің өзгеріске ұшырауынан кейін де көп уақыттар тұтынушылардың ойында қалатын қоғамдық бейнеге де тәуелді.
Бөлшек саудада ұсақ «жанұялық» да көп-ақ. Ұсақ-түйек бөлшек саудамен айналысушылар бірнеше себептерге байланысты маңызды рольдер атқарады.
1. Оларда кейін үлкен дүкендер қабылдайтын бөлшек сауданың жаңа формалары жиі пайда болады.
2. Олар тұтынушылар үшін өте ыңғайлы, олар барлық жерде кездеседі.
3. Олар көп жағдайларда икемділік көрсетеді және жеке-дара арнайы қызмет атқарады. Олар сатып алушыларға өзін қожа сезінуге мүмкіндік береді.
Бөлшек
сауда кәсіпорындарының
түрлері
АҚШ-та әр түрлі көлемді және фирмалы миллиондаған бөлшек сауда орындары бар. Оның үстіне көне сауда формаларының бір қатар ерекшеліктерін қабылдаған жаңа бөлшек сауда формалары пайда болуда. Мысалы, «К-Март» дүкен жүйелері универсам және арзан баға дүкендерінің дүкендерін үйлестірген. Әртүрлі тұтынушыларға әртүрлі сауда формалары ұнайтын болғандықтан тұтынушыларға әртүрлі деңгейдегі қызмет атқаратын кәсіпорындардың жұмыс атқаруы және табысты болуы мүмкін-ақ. 1-суретте төрт қызмет атқару деңгейі және осындай деңгейлерді әдетте пайдаланатын сауда мекемелері көрсетілген.
Өзіне-өзі
қызмет атқаруға арналған
болашақ сауда
кәсіпорындары елде 30-жылдарға экономиканың
депрессиялық жағдайлары нәтижесінде
тез өсе бастаған. Бүгінде өзіне-өзі қызмет
жасау бөлшек сауда дүкендерінің қызметтерін
қоғамның барлық топтары, әсіресе күнделікті
пайдалану және алдын-ала таңдалатын кейбір
тауарларды сатып аларда кеңінен пайдалуда.
Өзіне-өзі қызмет жасау саудада жеңілдік
берудің негізі болып саналады. Уақыт
үнемдеуші сатып алушылар тауарларды
іздеуге салыстыруға және таңдауға дайын.
ҚЫЗМЕТ САНЫНЫҢ ҚЫСҚАРУЫ
ҚЫЗМЕТ САНЫНЫҢ ӨСУІ
Өзіне өзі қызмет жасау Тауар таңдау бостандығы Шектелген қызмет жасау Толық қызмет жасау
Бөліну ерекшелігі | Атқаратын қызметінің
саны минимальды
Бағасының ұнамдылығы Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар Күнделікті сұранымдағы тауарлармен сауда |
Қызмет атқару
саны шектелген
Бағасының ұнамдылығы Тұрақты
сұранымдағы негізгі Күнделікті сұранымдағы тауарлармен сауда |
Қызмет түрлері
көп емес таңдау тауарларымен сауда |
Қызмет түрелері
кеңейтілген
Модалы тауарлармен сауда Арнайы сұранымдағы тауарлармен сауда |
мысалдар | Бөлшек сауда
дүкендері-қоймалары
Бакалей-гастрономия дүкендері Төмен баға дүкендері Посылка сауда кәсіпорындары |
Төмен баға дүкендері
Галантерея дүкендері Посылка сауда кәсіпорындары |
Шығарып сату
Әмбебап дүкендері Телефон арқылы сату Галантерея дүкендері |
Мамандандырылған
дүкендер
Әмбебап дүкендер |
1-сурет.
Бөлшек сауда сатушыларын
тұтынушыларға атқаратын
қызмет көлемі бойынша
топтастыру
Тауарды таңдау бостандығы бар бөлшек сауда кәсіпорындарының қажетті жағдайда көмектесуін сұрауға болатын дүкеншілері болады. Клиент сауда келісімін тауар ақысын дүкеншіге келіп төлегеннен кейін аяқтайды. Таңдау бостандығы бар дүкендердің қосымша шығындары өзіне-өзі қызмет жасау дүкендеріне қарағанда жоғарырақ болады, өйткені онда қосымша қызметкерлерді ұстау қажет.
Шектелген қызмет атқаратын бөлшек сауда кәсіпорындары «Сирс» типті жүйелер кездесетін сатып алушыларға жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді, өйткені мұндай дүкендерде алдын ала таңдалатын тауарлар көбірек сатылатын болғандықтан, сатып алушыларға олар туралы көбірек ақпараттар қажет болады. Оның үстіне, мұндай дүкендерде, тұтынушыларға қызмет атқару деңгейі өте шектелген жәй дүкендерде кездеспейтін, тауарды көшеге шығарып сату және сатылған тауарды қайтарып алу сияқты қызметтер ұсынылады. Мұндай дүкендерді пайдалану шығыны жоғары.
Толық қызмет атқаратын бөлшек сауда кәсіпорындарына сатушылары сатып алушыларға тауарды іздеу, салыстыру және таңдау кезеңдерінің бәрінде тікелей көмек көрсетуге дайын фершенбельді әмбебеп дүкендері жатады. Өзіне қызмет жасағанды қалайтын тұтынушылар тек осындай дүкендерді ұнатады. Олардың номенклатурасына арнайы сұранымдағы тауарлары және баяу өтетін тауарлар (модалы бұйымдар, ювилер бұйымдары кинокамералар) пайызының жоғарлылығы, сатылған тауарларды қайтып алуға либералды қарауы, несеилеудің әртүрлі түрлерін пайдалануы, ұзақ тұтынылатын тауарларға үйде техникалық қызмет көрсетуі, сатып алушыларға ыңғайлылық жасау үшін демалысқа және ресторанға қосымша бөлмелер бөлуі жатады. Осы қызметтердің бәрін орындауға қызметкерлер ұстау керектігі мұндай дүкендердегі қосымша шығындары жоғарылатады. Сондықтан соңғы бірнеше онжылдықтарда мұндай толық қызмет атқаратын бөлшек сауда мекемелерінің бұлжымай қысқаруы таңданарлық нәрсе емес.
Бөлшек
сауда кәсіпорындарын суреттегендей
біз олардың басатапқы бірнеше параметрлер
негізінде топтастырамыз: ұсынылатын
тауар ассортименттері, бағаға деген көзқарасы,
сауда қызметтерін жасау сипаттамалары,
дүкеннің кімнің иелігінделігі және дүкендердің
шоғырлану түрлері. Бөлшек сауда кәсіпорындарының
түрлері 1 кестеде келтірілген, ал оларды
суреттеу төменде келтіріледі.
Бөлшек сауда кәсіпорындарын түрлі әдістермен топтастыру