Бәсекелестік және монополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 07:45, реферат

Описание

Монополиялық бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді.

Содержание

Бәсекелестік және монополия
Монополиялық бәсеке
Монополиялық қызметті мемлекеттік бақылау және бәсекелесті кті қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 30.87 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

 

  1. Бәсекелестік және монополия
  2. Монополиялық бәсеке
  3. Монополиялық қызметті мемлекеттік бақылау және бәсекелесті кті қорғау

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бәсекелестік және монополия

Нарықтық экономиканың басты  принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.  
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.  
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.  
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.  
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.  
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б

Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни «жалғыз сатамын» деген ұғымда.  
Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылықтан тұрады:  
а) Еркiн бәсеке капитализмi. Бұл ХVІІ – ХIХ ғ.ғ арасы.  
б) Монополистiк капитализмi. Бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақыт iшiнде.  
Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық шаруашылық; в) көліктендiрiлген өндіріс.  
Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық. Мұнда капиталист - кәсiпорын иесi бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.  
Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХVІІ ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алады. Бұл да еңбек кооперациясы. Бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi еңбек бөлiнiсi арқылы өндiрiледi. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (көліктіңiң тек дөңгелектерiн, моторын, т.б).  
Көліктендiрiлген өндiрiс. ХVІІІ ғасырдың соңында, ХIХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, АҚШ-та өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi көліктер келедi.  
Кәсiпорындарда ендi қарапайым болмаса, қиын машиналар адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны «фабрика» деп атайтын болды.  
Көліктендiрiлген өндiрiс - техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХIХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада, көлік жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнеркәсіпте төңкерiс болды.  
Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай, сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.  
        Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.

 

Монополиялық  бәсеке

 

Монополиялық  бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді. Мысалы: Монополиялық бәсекелі нарықта дифференциалданған өнім өндіреді. Өнім дифференциациясын экономикалық ғылымда бағалық емес бәсеке деп атайды. Өнім мынандай белгілері бойынша дифференциалдануы мүмкін:

  1. Өнімнің сапасы бойынша. Физикалық түрі жағынан дифференциалдануы мүмкін. (қолданылғын материал, дизайн, жұмыс сапасы, т.б.)
  2. Қызметтер бойынша. Тұтынушыға қызмет көресту ерекшелігі бойынша дифференциалданады.
  3. Орналасуына байланысты. Рынокқа алыс-жақын орналасуына байланысты баға бірлігі әртүрлі болады.
  4. Өнімді сатуды ынталандыру түріне байланысты және өнімнің сыртқы түріне байланысты. Өнімге жасалатын жарнама, буып-түю, сауда маркасы, сауда белгілері бойынша дифференциалданады.

Монополиялық бәсеке нарығының  ерекшеліктері:

  • Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.
  • Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кезкелген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
  • Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
  • Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.

Монополиялық бәсекеде жұмыс  істейтін өндірушілер рыноктағы  тұтынушының әрқайсысы қалайтын ерекше өнім үшін «артық төлем» жасауға келісетіндігіне негізделіп жұмыс істейді.

Монополиялық бәсекелі нарықта  бағалық емес бәсекемен қатар  бағалық бәсеке де жүреді. Ұзақ мерзімде жаңа өндірушілердің бәсекелесінің пайда болуы мүмкін. 

Монополиялық  қызметті мемлекеттік бақылау және бәсекелестікті қорғау

Рыноктық экономикаға көшу құқықтық ортада елеулі өзгерістерге әкелді. Рыноктық экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарабынан монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру қажет.

Осы мақсатта 1998 жылдың екінші жартсында. Қазақстан Республикасының  Парламенті «Табиғи монополиялар туралы»  және «Жосықсыз бесекелестік туралы»  Заңдарды қабылдады, 2001 жылы Қазақстан  Республикасының Парламенті «Бәсеке  және монополиялық қызметті шектеу туралы»  Заңды қабылдады.

Монополияға қарсы реттеу–  комплекс мемлекет жүзеге асыратын және рыноктық бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және рыноктық тетіктің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс монополияландыруды болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың кешені.

Монополияға қарсы реттеуге:

  • өндірісті шоғырландыру және монополияландыру деңгейін реттеу;
  • кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасын реттеу;
  • сыртқы экономикалық қызметті реттеу;
  • бағалық және салықтық реттеу.

Қазақстан Республикасы Индустрия  және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:

  • монополиялық қызметті ескерту, шектеу және болдырмауды;
  • тұтынушылардың құқықтарын мен бәсекелестіктерін қорғауды;
  • монополияға қарсы заңнаманы сақтауды бақылауды;
  • бағаны реттеуді;
  • тауар рыноктары мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі саясат саласында басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Индустрия  және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерін табу мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) рыногын талдауды жүргізеді.

Tауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) тиісті рыногтарын талдау «Бәсеке  және монополиялық қызметті шектеу  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-тармағының, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 86 –НҚ бұйрығымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайда орын алған рынок суъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесінің, сондай-ақ Белгілі бір тауар шекарасын анықтау және монополистің рынок субъектісін тану ережесінің талаптарына сәйкес.

Талдау жүргізу барысында  рынокты талдайтын субъектілерден ақпарат тікелей, сондай-ақ мемлекеттік  органдардан сұратылады (Қазақстан  Республикасының статистика, құзіретті  мемлекеттік органдар жөніндегі  агенттік). Талданатын рынок субъектілерінің  басымдық үлесін есептеуде ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі табиғи және құндық көріністе беріледі. Біртекті тауарлардың басымдық үлесін есептеу кезінде (жұмыстар, қызметтер) негізге табиғы көріністегі көлем алынады (мысалы, ұялы телефонның бір минуттағы қызметі).

Рынок субъектісінің басымдық жағдайы белгілері

  • егер тиіст тауар рыногында субъекті рыногының жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден асатын болса. Бұл ретте тиіст тауар рыногындағы үлесі 35 пайыздан асатын субъектінің жағдайы басымды (монополиялық) деп танылуы мүмкін емес;
  • егер тиіст тауар рыногында субъекті рыногыың үлесі жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден кемін құраса және егер мұны сайын монополияға қарсы орган мыналардың негізінде белгілесе:
  • тиісті тауар рыногындағы рынок субъектісінің үлесінің тұрақтылығы;
  • бәсекелестерге тиесілі рыноктағы үлес мөлшеріне қатысты;
  • осы рынокқа рыноктың жаңа субъектілерінің (бәсекелестердің) кіру мүмкіндігі.
  • Егер рынготың бірнеше субъектілерінің кез келгеніне қатысты мынадай шарттар орындалатын болса:
  • белгілі бір тауар рыногында екеуден аспайтын рынок субъектілерінің жиынтық үлесі 50 және одан көп пайыз болса;
  • белгілі бір тауар рыногында үшеуден аспайтын рынок субъектілерінің жиынтық үлесі 70 және одан көп пайыз болса.

Қызметтер рыногынды басымдық (монопольдық) жағдайды анықтау мысалы.

Қазақстанның ұялы байланыс рыногында (болжаммен) рыноктың 4 субъектісі қызметін жүзеге асырады: «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ, «Мегафон» ЖШС. Осы кәсіпорындардың үлесі былайша көрінеді «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС - 59,4% (1900,0 млн. мин), , «Кар-Тел» ЖШС - 15,6% (500,0 млн. мин.), «Алтел» АҚ - 9,4% (300,0 млн. мин.), «Мегафон» ЖШС - 15,6% (500,0 млн. мин.). Герфиндаля – Гиршмана (НН) коэффициентінің деңгейі үлес квадраты сияқты есептеледі, ал концентрации рыноктың (CR )шоғырлануы бұл тиісті субъектінің үлесінің өзі, бірақ ең ірі немеес анағұрлым ірі топтың. Мысал бойынша Қазақстанның ұялы байланыс операторларының үлес квадраттарының жалпы сомасы 4103,44 (НН)тең. Бұл ретте бір ірі субъектінің шоғырлану коэффициенті 59,4% (CR-1) тең. Осылайша, осы коэффициенттердің мәні былай көрінеді: 35< CR-1 = 59,4% < 70%, 2000< НН=4103,44 < 10000.

Осы жағдайда «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС  ұялы байланыс қызметтері рыногындағы  жағдайы басымды (монопольдық) болып  танылады, себебі осы кәсіпорынның үлесі жыл сайын монополияға  қарсы орган белгілейтін шекті  мөлшерден асып отыр, ал бұл 35%. Сонымен, осы субъект белгілі бір тауар рыногында басымды (монопльдық) жағдайда Рынок субъектілері мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі мәтін бойынша Тізілім) енгізілуге, не ол қазірдің өзінд етізілімде тұрса, басымдық үлесін нақтылауға жатады.

Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу 
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.  
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.  
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:  
- өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру; 
- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау; 
- шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау; 
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау; 
- монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау; 
- еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту; 
- шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау; 
- экспорт-импорт операцияларына лицензия беру; 
- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.  
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.  
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: 
- дербестік және тәуелсіздік; 
- экономикалық ынталылық; 
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік; 
- жаңашылдық. 
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.  
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.  
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.  
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді: 
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал; 
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік. 
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б. 
Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.  
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.  
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді. 1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады. 2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.  
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату. 

Информация о работе Бәсекелестік және монополия