Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 16:06, реферат
Бәсеке - шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай-ақ капитал салу шеңберіндегі нарықтық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын нарықтық механизмнің элементі болып табылады.
Бәсеке
Бәсекелік күрестің түрлері
бәсекелестік
Жоспар
Бәсеке - шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай-ақ капитал салу шеңберіндегі нарықтық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын нарықтық механизмнің элементі болып табылады. Бәсеке мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу
Нарықтық
экономикадағы қолданылатын
Бәсеке экономикалық
процесс ретінде белгілі бір
іс-әрекеттің жиынтығы болып
Бәсеке деңгейі өнімнің нарықтағы өмір сүру уақытына байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың нарық коньюнктураларынан тәуелділігі, сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.
Бәсеке өндірушілердің
бірін-бірі бақылап отыруына
Мемлекеттің
экономикаға араласуынсыз
Нарықтағы
жағдайларға байланысты бәсеке
әртүрлі нысандарда көрініс
Жетілген бәсеке – өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері: нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз, нарыққа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының қозғалысы жоғары, нарықтағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ, ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Жетілген бәсеке үш бағытта жүреді: сатушылар арасында, сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.
Егер жетілген бәсекенің, кем дегенде, бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
Жетілмеген бәсекемен салыстырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынышылардан өндірушілерге өткеру саналады. Монополиялық бағаның құрылуы, сондай ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Монополия жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Бәсекелестік күрестің әдістері. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу нарығынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші нарығын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар.
Жосықсыз бәсеке:
Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарларына монопольды жоғарғы немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады ( бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сатады).
Сонымен қатар, бағалық емес күрес әдістері де жиі қолданылады. Бұл әдістер 2 топқа бөлінеді: 1) өнім бойынша бәсеке. 2)сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен нарықтағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы АҚШ-та 10 мың сорты, консервіленген жүгерінің 4 мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдарын қолданады. Оның ішінде : жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері- тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг – өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың
орта кезінде нарықта еркін
бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай
нарық сұраныс пен ұсыныс
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату. 3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.
«Тек
бәсеке – қүрес бола отырып, тауар өнімінің
сапасының деңгейі көтеріледі, бұл экономикада
өте маңызды» – деген гипотиза шығарып
отырмын.
Қолданылған
әдебиеттер