Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 19:20, доклад

Описание

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан

Работа состоит из  1 файл

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.doc

— 58.00 Кб (Скачать документ)

    Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің "істемей қалуы" көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты.

    XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты. 

            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс