Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 12:43, реферат
1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді.
Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің “Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып, шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.
Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің позицияларын неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті аналитикалық талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.
“Неоклассикалық синтезді құрушылар”, “Жалпы теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.
Бірінші себеп, соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік экономика (өсудің жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа қарсы күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға” қарағанда басқа проблемаларды тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.
“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі М. Блауг, Кейнстің “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем - Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге (моделге) жеңіл кірсе (встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.
Кейнстің дана маңызды тұжырымдамасын зерттеу процессінде оның кей бір бағыттарын аз мәнді деп умытылды, ал басқалары одан әріқарай дамыды. Әр түрлі коментаторлар өздерінің түсінігі бойынша оның ілімінің мәнін өздерінше, оны “неоклассикалық синтез” деп “неокенсиандық”, “ортодоксалды кейнсиандық”, яғний “хиксиандық” кейнсиандық немесе “заңсыз тұған” кейнсиандық деп атады.
Сонымен, неоклассикалық синтездің негізі:
Кейнстің
бірінші қысқртылған (ықшамдалған) үлгісіндегі
жиынтық сұраныс немесе жоспарланаған
шығындар (Е), тұтынуға (С), және инвестицияларға
(І) бөлінеді, ал жиынтық ұсыныс ұлттық
табыстың
(Ү) деңгейімен анықталады. Шартты тепе
– теңдік мына теңдеумен сипатталады:
Ү=E=C+I
Екінші блокта “кірістер – шығыстар” сызбасын (кестелерінің) авторлары инвестициялау тек, капиталдың шекті тиімділігі проценттік (пайыздың) мөлшерінен асып кеткенде ғана: І < І (R) мағынасы бар деп есептеді. Процентің (пайыздың) мөлшері неғұрлым төмен болса, соғұрлым басқадан тең жағдайларда қосымша капитал салымдарын жасау пайдалы, яғни керісінше.
Жалпы алғанда Хикс – Хансен сызбасын (кестесін) жасаумен неоклассикалық мектеп ертеден айналысып, жалпы экономикалық тепе – теңдік тұжырымдамасының көптеген үрлігін көрсетті, сондықтан да Кейнсиандық теория оған жекелеген жағдай құқығында кіреді.
Үшінші блок – белгілі бір деңгейден төмен түспетіндігіне қарамастан, еңбек ақының икемсіздігі толық жұмыспен қамтылмаушылық себептерін түсіндіреді. Бұл еңбек нарығындағы өздігінен реттеу механизмінің - әрекетіне тосқауыл қояды. Бағаның өсуімен ақшаға деген сұраныста өседі, демек, ликвидттен (өтімділіктен) айырылғаны үшін - төлем проценті көбейеді, соның салдарынаң инвестициялар қысқарады, ұлттық табыс пен жұмыспен қамтылушылық деңгейі төмендейді. Мұндай құбылыстардан “өтімділік қақпаны” туындайды.
“Өтімділік қақпан” – бұл,
процент нормасының ең төменгі
деңгейде болған кездегі,
Мұндай құбылыстар, өтімділіктен айырылу төлемнің аздығы, сондықтан, ақша көлемінің бүкіл өсімін неғұрлым ақшаға тиімді деген алыпсатарлық сұраныстарға жұмсалғаның пайдалағын түсіндіреді.
Кейнс теорияның бұл үш айрықша жағдайларының маңызы - олардың “ неоклассикалық синтезге” кіру жағдайлары. Шын мәнісінде экономика тепе – теңдікке икем, дегенмен үш ықтимал жағдайда өзін - өзі реттеу механизмі іске қосылмайды, толық жұмыспен қамтымаушылықпен және ресурстарды пайдасыз шығындаумен сипатталады.
Көптеген теориялық талқылауларың нәтижесінде, ғылыми еңбектердің әсерімен Кейнс теориясының неоклассикалық жүйеге сыйымдық проблемасы шын мәнісінде шешілді. Неоклассиктер микроэкономика теориясының басымдық жағдайларын сақтап қалды, ал кейнсиандықтар макроэкономиканың тәжиребелі рецептерінін, артықшылығын сақтады. Бірақ муқият қарағанда “синтезді” жақтаушылар, капиталистік экономиканың тұрақтылығы жайлы неоклассикалық синтезді кейнсиандық тұрақсыздық пен күресуді ұштастыра алмағанын, көруге болады. Ортодоксалды экономистер өз - өздерімен үнемі қайшылықа кіріп отырды: өз теорияларын микроэкономикалық бөлігін қорғай отырып кейнсиандық доктринаны жоққа шығарады және керісінше, мемлееттің экономикаға араласуы туралы айтқанда, неоклассикалық теорияның принциптерін тағы да жоққа шығарып отырды.
Осылай, “неоклассикалық синтез”- бағаның икемді еместігін Cамуэльсонның айтуынша “ірі корпорациялардың бағаға әкімшілік ететін олигополиялардың пайда болуымен” түсіндіреді. Бағаның икемсіздігі туралы тезис кейнсиандық бағдарламаның қажеттілігінің басты дәлелі. Бұл жағдайлар “баға белгілеудің неоклассикалық принциптерінің” әділеттілігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен микро - және макро – теориялар екеуі де бір экономиканы талдайды, сондықтан бағаны әкімшілікпен белгілеуі және жетілдірмеген бәсеке туралы пайымдаудың ешқандай мағынасы жоқ. Сондықтан экономикалық проблемаларға жаңа жол табушылықтарды іздестіру қажетті болды.
Құбылыстарға жаңа жол табушылық идеясын ағылшын экономисі Рой Харрод (1990 –1978 жж.) іске асырды. Оның монографиясы “Экономикалық динамика теориясы” (1948) Харродты әлемге аты белгілі оқымысты, соғыстан кейінгі кейнсиандықтардың көсемі, неокейнсиандық динамика теориясын жасаушысы етті. Харрод өзінің еңбектерінде ақша, банктер, халықаралық сауда, жетілдірілмеген бәсекелестік, шығындарының ауытқуы, сауда циклі және т.б. проблемаларды қарастырды.
Харродтың
методологиясы Кейнс
Харрод тәжиребелік бағдарламада шаруашылықтың екі тобын қарастырды: 1. қысқа мерзімдік жоспардағы антициклдік саясат; 2. жаппай жұмыссыздықты алдын – ала ескерту мақсатында – экономикалық даму қарқын ұзақ уақытқа ынтыландыру саясаты.
Неокейнсиандықтар Харродтың экономикалық динамика аясындағы еңбектерін, өсудің (Дж. Робинсон, Н. Калдора және басқалар), неғұрлым күрделі үлгілерінің тұтастай класын туғызған, пионерлік зерттеулер деп атады. А. Эйхердің айтуы бойынша Дж. Кейнстің “Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы” тұжырымдасын талдаған Харродтың зерттеуі, оны алға дамытуда алғашқы талпыныс болды.
Қазіргі кезенде экономикалық өсуді талдауда (Жапонияда, Оңтүстік Кореяға, Тайландта) Харродтың экономикалық категорияларын пайдалану, оның даму динамикасы мен теориясына тамаша нәтижелерін берді.
Оның
үлгілерін қазіргі кезеңде
Посткейнсиандық мектептер үшін Харродтың капитализм жағдайындағы экономикалық өсу “табиғи” берік еместігі мен ішкі тұрақсыздығы туралы негізгі тезисі айрықша маңызға ие. Харрод теоретиктігі мен ғана қызықты емес, ол сонымен бірге тарихшы – экономист, Дж. М. Кейнстің өмірлік қызметі мен негізгі еңбектерін зертеуші ретінде де ынталандырмай қоймайды.
Неоклассикалық
мектептің бұрынғы жақтасы, Гарвард
университетің болашақ
Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Тобин былай деді: “АҚШ – тың макроэкономикалық саясатын қайта бағдарлауда Хансендай маңызды роль атқарған, басқа американдық экономисті табу мүмкін емес».
Хансен 20 жыл бойы Гарвордта, жоғары әкімдер мен көрнекті ғалымдардың нағыз мектебі болған, аспиранттардың теориялық семинарын жүргізді. Семинарға болашақ Нобель сыйлығының лауреаттары Самуэльсон, Тобин, экономикалық динамика теоретиктері Е. Домар, Дж. Гэльбрейт қатысты. Осы семинарда П. Самуэльсон бірінші рет мультипликатор мен акселераторды біріктіру принципінің үлгісі (моделі) туралы баяндамамен, ал Домар өсудің новаторлық үлгілердің авторы ретінде қатысты.
“Америкалық Кейнс” – Хансен алтыдан аса монографиясында (“Салық саясаты және экономикалық циклдар”, “Ақша теориясы және қаржы саясаты” және т.б.) Кейнстің ілімімен байланысты жаңа теориялық доктринаны кеңінен танымал етті. Оның тілі – фактілердің, кескіндердің, кестелердің тілі болды, сол арқылы оқырмандарын қажетті қорытындылар жасай білуге үйретті. Хансеннің еңбегі арқасында, Кейнс отаны Ұлыбританиға қарағанда, АҚШ-ты “неғұрлым кейнсиандық елге” айналдырды деп тұжырымдайды . Ол Рузвельт өкіметінің аса көрнекті теоретигі болды, “Толық жұмыспен қамтылушлық күресін” басқарды, соның нәтижесінде “Жұмыспен қамту туралы акт” (1946) қабылданды, сөйтіп АҚШ үкіметі жұмыссыздықа қарсы күресті бірінші кезекті міндетке айналдырды. Жалпы былай деп айтуға болады, Д. Эйзенхауер, Дж. Кеннеди, Л. Джонсон сияқты АҚШ президенттері әкімшілігінің экономикалық саясаты – кейнсианды-хансендік болды.
Хансен кейнсиандықты аса ірі таратушысы ретінде “Кейнс бойынша жолсерік” (1953) еңбегінде “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясына” толық түсінік берді. Бірмезгілде, ол аса көрнекті теоретик - экономимст ретінде, белсенді макроэкономикалық саясатты жалғаушысы болып саналды.
Самуэльсон айтқандай, Хансен табыстарды анықтау теориясы мен тұтастай макроэкономикаға бірдей үлес қосты.
Кейнсиандық циклдің тұжырымдамасының авторы ретінде, оның “Экономикалық цикл және ұлттық табыс” (1957) атты іргелі монографиясы Э. Хансенге әлемдік атақ әкелді.
Хансен циклды патологиялық жағдай ретінде қарастыруға болмайды деді, ол қазіргі динамикалық экономикаға шын берілген деді. Циклдардың ноклассикалық теориясы осыдан мынадай тұжырым жасады: қаншалықты цикл капиталистік экономиканы іштей дамытушы болмасын, бірақ енді оны реттеу үшін бір ғана рыноктың “көрінбейтін қолы” жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттік саясаттың антициклдық бағдарламасы қажет деді.
Хансен құрған мемлекеттің экономикаға араласуының неокейнсиандық бағдарламасы меншікке тиіспей, тек қана айналым мен табыстарды бөлу алаңын қарады. Осыған дейінгі тәжиребелерді ескере отырып, Хансен өзінің антициклдық бағдарламасының үш бағытын берді: