Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:52, доклад
Қазақстанның ЖІӨ -мі 2011 жылы 6,2%-ға артады деп болжам жасайды Азия және Тынық мұхит бойынша БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО).
Қазақстан экономикасы
Қазақстанның ЖІӨ -мі 2011 жылы 6,2%-ға артады деп болжам жасайды Азия және Тынық мұхит бойынша БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО).
«2009 жылы 1,2% -ға артқан сенімді өрлеуден соң экономика 2010 жылы шапшаң түрде шамамен 7% - ға артты. Болжамдарға сәйкес, жағымды сыртқы ортаның қалыптасуына байланысты экономика әрі қарай 2011 жылы да 6,2% -ға артады», - деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары – ЭСКАТО орындаушы хатшысы Ноэлин Хейзер «Азия – Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік ахуалға шолау, 2011 жыл» тұсаукесерінде.
«Үкіметің шапшаң әрекеті банк секторы мен экономикадағы төңкерістерді тұрақтандыруда аса маңызды рөл атқарды. Мұнай және басқа да минералды ресурстарға деген жаһандық сұраныстың қайта қалпына келуі 2010 жылы шамамен 10% -ға артқан өнеркәсіптік өндірістің жоғары тиімділігінде көрініс тапты. Бидай астығы құрғақ –ыстық жел елеулі зиянды әсер еткендіктен, ауыл шаруашылығының үлесі елеулі азайды», - деді ол өз сөзінде.
Ноэлин Хейзер сонымен бірге, ірі аймақтық экономикалармен сауда және энергетика саласындағы ынтымақтастық жақын арада өзектенеді, деп хабарлайды Интерфакс-ҚазаҚстан.
«Банк секторын реттеуді жетілдіру және қаржылық тұрақтылықты қолдау аса маңызды рөл атқарады. Энергетика саласындағы аймақтық ынтымақтастықты жалғастыру әрі нығайту Қазақстан үшін аса қажетті және маңызды», - деп қорытындылады сөзін Ноэлин Хейзер.
ҚРның тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды. Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10% қарқынмен өсіп келеді. Өткен онжылдықта елдің ІЖӨ 5 есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін).
Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 2007 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 7 мың АҚШ долларына теңеледі. Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Ел экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ доллары).
Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асады. Соңғы он жылда сыртқы сауда айналымы 6 есеге артты, 2007 жылы 80 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін. Елдің жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатомпром» және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел. Елімізде «Қазкоммерцбанк», «ТұранӘлем» банкі, Халық банкі сияқты жоғары халықаралық рейтингке ие ірі банктер жұмыс істейді. Республикада бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орында иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді.
Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.
«2011 жылдан бастап Қазақстан экономикасы алдын ала болжам бойынша бірқалыпты қарқынмен, жылына 3-4 % -дан 2015 жылға дейін 7%-ға дейін өсетін болады», - деді В.Хисматуллин.
Оның айтуынша, орта
мерзімдік болашақта Қазақстан
экономикасы өсуінің негізгі
факторы ішкі тұтынудың артуы,
сонымен қатар әлемдік
«Бұдан өзге, 2010-2014 жылдары
қарқынды индустриалды-
Қазақстан экономикасы Ресейдің экономикасына қарағанда алға кетті
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат
- Қазақстан экономикасы Ресейдің
экономикасына қарағанда алға кетті.
Бұл туралы BFM.Ru порталына берген
сұхбатында Ресейдің "Тройка Диалог"
компаниясының бас экономисі
Евгений Гавриленков мәлім
Жағдайды оңтайландыру үшін
Қазақстан Үкіметі көрсетіп отырған
шикізат нарығындағы тиімді де, өзіндік
іс-әрекеттер, экономистердің пікірінше,
2011 жылы экономикада дағдарысты
жағдайдың туындау
«Ресейде бұл орайда тәуекелшілдік басым. Қазақстанда экономикалық тәуекелдіктерді азайту үшін тек ойластырып жасалған бюджеттік саясат емес, одан да гөрі тұрлаулы экономикалық саясаттың әсері мол болып отыр. Бұл кең мағынада алғанда даму көрсеткіштерінің сатылары деуге болады», - деп атап көрсетті Е. Гавриленков.
Информация о работе Финансовый рынок Казахстана: реалии и перспективы развития