Хансеннің экономикалық цикл теориясы

Автор работы: d*********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 18:14, реферат

Описание

Гарвард университетінен шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған Э. Хансен "Экономикалық циклдар теориясы" деген кітабында циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден, артып кетуі, бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағымының кешеуілдеуі деп түсіңдірер еді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И. Шумпетер мен П.

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық цикл Хансен.docx

— 22.15 Кб (Скачать документ)

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Химия және Химиялық технология факультеті

   
 
 

Реферат

Тақырыбы : Хансеннің  экономикалық цикл теориясы 
 
 
 
 

Орындаған : Айткалиева А.А.

ХЗ – 202

Тексерген :Бейсенбаев Ж.Т. 
 
 
 

Алматы,2011 

      Гарвард университетінен  шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған Э. Хансен "Экономикалық циклдар теориясы" деген кітабында циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден, артып кетуі, бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағымының кешеуілдеуі деп түсіңдірер еді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И. Шумпетер мен П. Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес. Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі, ол оны экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И. Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры — циклдық қозғалыстың ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналыска үш циклда кесте енгізді, бүл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін көзқарас деп есептеледі. И. Шумпетер бұл циклдарды Н. Д. Кондратьев, К. Жуглар мен Дж. Китчина сияқты ғалымдардын есімдерімен атады. Ал, ол ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55,102 жыл және төрт айға бөлді. Шумпетер экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп есептеді.

      П. Самуэльсон "Экономика" атты кітабында  экономикалық циклды жалпы рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге  тән деп қарайды. Экономикалық циклдың  объективті сипатын мойындай келе, П. Самуэльсон бүл құбылысты оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды  талдау арқылы, оның ұзақтығын әр фазаның  көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді.

      Шетел экономистерінің циклдық дамудың  табиғаты туралы көзқарастарымен тереңірек  танысқысы келетіндерге Селегэменнің "Основные направления современной  экономической мысли" және Жамстың "История экономической мысли  XX века" 1968, 1969 жылдарда орысша шыққан басылымдарды ұсынамыз.

      Бұрынғы кеңес экономистерінің ішінен экономикалық циклдар мен дағдарыстар теориясы туралы Л. Мендельсон мен Е. Варга  еңбектері белгілі. Жалпы бұл  авторларды экономика ғылымының  ірі зерттеушілері қатарына жатқызуға  болады.

      Өнеркәсіп циклының ең айрықша белгісі —  дағдарыстың фазалары, сатылары. Өнеркәсіп  дағдарысының артық өндіруден айырмашылығы белгілі тауарға, өндіріс өніміне  деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бүзылуында жатыр.

      Енді  монополистік капитализмге дейінгі  дәуірдегі өнеркәсіп дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік. Барлық өндірістік тауарларды өзіне тартқан  рынок белгілі бір уақытта  лық толады, ал тауарлардың келуі  толастамайды, бірақ сұраныс азаяды да, соңында мүлдем тоқталады. Бүл жайсыздық бүкіл рынокқа таралады. Сұраныс жоғалады, бірақ барлық жерде тауарлар қоры бар, көптеген кәсіпорындар бүрынғыдай рынокқа тағы да жаңа тауарларды женелтіп жатады. Бағалар күрт төмендей бастайды. Жағдайды түзету үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрібір нәтиже бермейді. Көптеген кәсіпорындар бағаның күрт төмендеуіне төзе алмайды. Олардың тоқтап немесе жабылып қалуы басталады. Алдымен банктік және несие беретін мекемелер жойылады. Рынок шаруашылығы субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де кемиді.

      Барлығы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды  талап етеді. Кеше ғана күдік туғызбаған вексельдер бүгін жай, ешкімге керегі аз қағаз болып қалады. Қарыз проценті өседі. Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап, машиналар тоқтап, фабрикалар жабылады. Көшелерде көптеген жұмыссыздар қаптап жүреді. Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді. XIX ғасырда болған дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті. Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталады. Содан кейін ол 1841 жылы АҚШ-та, 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін, ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды. Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын дағдарыстар 1900—1901 жылдары болды. Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ-та басталып алдымен металлургия өнеркәсібін қамтыды. Американың металл рыногын қиратқан дағдарыс әуелі Англия, содан кейін Еуропаны шарпыды. Алғаш тоқыма өнеркәсібі тоқтады, іле-шала құрылыс, химия, машина, электр салалары жабыла бастады. Көзді ашып-жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады. Франция, Австралия, Германия, Италия, Бельгия, сөйтіп ол бүкіл дүниежүзілік дағдарысқа ұласты.

      Бағалардың  күрт темендеуі мықты деген кәсіпорындарды банкротқа ұшыратты, ал кәсіпорындардың күйзелісі өз кезегінде жүмыссыздардың санын көбейтті.

      Алайда  XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы дағдарыстар сонымен қатар одан шығудың жолын да тапты. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың бірте-бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері экономикасын сілкілеп тұрды. Алайда оның сипаты 1929—1933 жылдарда басқа еді.

      АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы  болды. АҚПІ-та, Германия, Англия экономикасында бұрын-соңды кездеспеген бағалардың төмендеуі, пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала кетейік:

      а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап қалу;

      б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;

      в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;

      г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;

      д) коғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;

      е) жалақыны реттеу.

      Мемлекеттің экономиканы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Міне жарты ғасыр  бойы рыноктық экономика 1900—1901 жылдардағы немесе 1929—1933 жылдардағы катализмге, астаң-кестеңін шығарған күйзелістерге  соқтырмай келеді. Алайда өнеркәсіптік дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға, пайдаға, өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келді. Дағдарыс кезінде тек ірі капиталы және   үлкен   қаржы-қаражаты бар кәсіпорындар ғана өндіріс шығындарын азайту жолымен пайда тапты. Осымен байланысты ірі кәсіпорындар дағдарыс жағдайында да жалпы пайда нормасының төмендеуін  тоқтатып, болмаса  баяулатты. Орта және ұсақ кәсіпорындар, әсіресе жоғары өнімді құралдары мен технологиясы бар ұйымдар экономикалық жағдайының нашарлауын тұрақтандыра алмай, көбіне банкротқа ұшырады. Техникалық жағынан нашар кәсіпорындардың ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп үшін оң процесс, өйткені ол жалпы өндіргіш күштер деңгейін көтеруге ықпал етті. Еңбек өнімділігінің жалпы деңгейін кетерудін мақсаты — тауар құнын азайту мен пайда нормасының төмендеуін тоқтату. Тоқырау фазасы — дағдарыстан кейін болады, ол ұзаққа созылуы мүмкін. Өндіріс деңгейі тұрақты, бірақ дағдарыс алдындағы кезден әлдеқайда төмен болады. Бірақ жұмыссыздық жоғары. Бірақ бағаның төмендеуі тоқталады, қарыз проценті азаяды, тауар қорлары тұрақты күйде қалады.

      Келесі  фаза — жандану — өндіріс деңгейі аздап өседі, жұмыссыздық та қысқарады. Бірте-бірте бағалар көтеріле бастайды, қарыз проценті де өседі. Тауар рыногында жаңа өнеркәсіп жабдықтарына сұраныс артады. Көріне бастаған жандану барысында маңызды салалар өзіне жаңа капитал тартып, тың икемділік көрсетеді. Өрлеу көбіне жанталасқан әрі қарбалас сипатта жүреді. Өндіріс деңгейі циклдың бастапқы кезінен асып түседі. Жұмыссыздықтың азаюы жалақының айтарлықтай өсуімен қатар жүреді. Әсіресе ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын салалардың өніміне сұраныс күрт еседі. Өндіріс көлемінің ұлғаюымен байланысты бірінші кезекте шикізат ресурстарына сұраныс артып, олардың бағасы көтеріледі. Өрлеу фазасында, жандану кезінде байқалган диспропорциялар, яғни сәтсіздіктер күшейеді. Сөйтіп экономика кезекті сатыға жақындайды.

      Рыноктық  экономикадағы дағдарыстың абстрактілі  ойша мүмкіндігі жай тауар айналысында  жатыр және ол ақшаның айналыс  құралы қызметімен байланысты. Сатып  алу мен сатудың орны мен мезгілінің сәйкес келмеуі сату және сатып алу  тізбегіндегі үзілістерге әкеледі.

      Дағдарыстың тууының екінші бір себебі, ақшанын  төлем құралы қызметінен шығып қалуы. Кез келген тауар өндіруші оның өнімін сатып алушының төлеу қабілетінің  барлығынша күмәнданады. Сейтіп бір  міндеттеме бойынша телемнің болмауы  басқа да үзілістерге жол ашып, айналыс жүйесінің бұзылуына, ең ақырында, өндіріс процесінің қожырауына әкеліп соқтырады.

Информация о работе Хансеннің экономикалық цикл теориясы