Инфляция ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:52, курсовая работа

Описание

.Инфляцияға қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
-Дефляция (латынша «deflatio», «үрлеп шығару» деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.
-Табыстар саясаты стагдефляция кезінде қолданылады,мемлекеттің бақылауымен жалақылармен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін анықтап көрсетеді.
-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты таңдалады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
1. Инфляция ұғымы және мәні
1.1Инфляция көп факторлы құбылыс..........................................................6
1.2Инфляцияның түрлерін жіктеу...............................................................7
1.3Инфляция себептері................................................................................11
2.Қазақстан Республикасының инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
2.1 Инфляция мәні мен салдары.................................................................14
2.2.Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері...........25
Қорытынды ..................................................................................................30
Қолданған әдебиеттер..................................................................................32

Работа состоит из  1 файл

инфляция угымы.doc

— 179.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

Кіріспе.............................................................................................................3

1. Инфляция ұғымы және мәні

1.1Инфляция көп факторлы құбылыс..........................................................6                                           

1.2Инфляцияның  түрлерін жіктеу...............................................................7

1.3Инфляция себептері................................................................................11

2.Қазақстан Республикасының инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат 

2.1 Инфляция мәні мен салдары.................................................................14                                                            

2.2.Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері...........25                                                                                       

Қорытынды ..................................................................................................30

Қолданған әдебиеттер..................................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.

Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.

Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.

Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.

Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.

Ал үшінші бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері туралы айтылады.

Инфляция түсінігі 1861-65 жылдары азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен Ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін - өзін реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақша мен арттық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтеріліуін, ақшаның сатып сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік – экономикалық феномент. Инфляция – табиғи апаттар мен қоғам сіліністерінің жиі серігі.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады, Экономикада дағдарыс пен тоқырлау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынад, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтұну тауарларына сұранысты ұлғайтады.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.Инфляцияға қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
-Дефляция (латынша «deflatio», «үрлеп шығару» деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.
-Табыстар саясаты стагдефляция кезінде қолданылады,мемлекеттің бақылауымен жалақылармен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін анықтап көрсетеді.
-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты таңдалады.
-Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті.Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да бағытталған.
Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.
Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің аңғыртылуын көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, евальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.. 
                               1. Инфляция ұғымы және мәні.

1.1    Инфляция көпфакторлы құбылыс.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен  көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық  шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде  инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды  арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

 

1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу.

               Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай типтері болады.

Баға  өсуінің  қарқыны бойынша:

1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін

2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан  200% - ға дейін.

3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.

                Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.  Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды  реттен отыруға мүмкіндік береді.

Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір  қиын жағдай, біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

Гиперинфляция – инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық, көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады. Гиперинфляциянда бағалардың  жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың  асу қарқыны айналымға  шығарылған  ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді.  Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.

Инфляция  ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екіншісі – тауардың жоғарлуы.

Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.

Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:

1.Бағаның өсу қарқыны (баға индексі).

2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.

3.Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.

Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі

және гиперинфляция деп ажыратылады.

Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда  әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты –өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.

Инфляция  теңгермелі  түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл  жағдайда  бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі  (ставкасы) де өседі.  Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)  сақталады. Теңгермелі  емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан  зардап шекпейді. Ал  күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

Тосылған инфляциясы тосын  инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе  оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын  инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді.  Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар  бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен  бағалардың  кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың «инфляциялық, тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО) – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан  ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.

Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі  ірі  масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың  әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір  тауарлардың бөлшек  саудада  болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады.  Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.

Информация о работе Инфляция ұғымы