Инфляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 06:08, реферат

Описание

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.

Работа состоит из  1 файл

Инфляция1.docx

— 25.89 Кб (Скачать документ)

Экономикалық өсімнің  антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең –  кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі  факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Осылайша инфляцияның  әлсіруіне әлемдік теория мен практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Крымова В. «Экономикалық  теория» - Алматы, 2003ж.

2. Осипова Г. М. –Экономикалық  теория негіздері/ Алматы 2002ж

3. Сейтқасымов Ғ. С.  – Ақша, несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж

4. Халықаралық Қазақстан  сайты (www.kazakh.ru)

5. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев  Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин  С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова  А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық  саясат/ Алматы: экономика 2002ж

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Студенттің өздік жұмысы

Тақырыбы: «Антиинфляция»


Информация о работе Инфляция