Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2011 в 17:59, курсовая работа

Описание

Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту бұған дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есірткі, құмарлыққа құнарлы негіз қалап, қоғамдық, түңілушілікті туындатады және қоғамдық тұрақсыздык, мүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық, деңгей негізінде экономикалык, проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз стратегиялардан туындады.

Содержание

Кіріспе

І - Бөлім. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.

1.1 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.

1.2 Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.

ІІ – Бөлім. Құрылымдық дағдарыстар.

2.1 Конъюнктураның үлкен циклдары.

2.2 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу мәселесі.

ІІІ – Бөлім. Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы.

3.2 Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар.


Қорытынды.


Пайдаланған әдебиеттер .

Работа состоит из  1 файл

Циклдық толқулар.doc

— 156.50 Кб (Скачать документ)

 

       2.2 ЦИКЛДЫҚ ТОЛҚУЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ.

      Циклдық толқуларды реттеу проблемасы жөнінде  әр түрлі пікірлер бар. Алайда олардың  сан түрлілігі мен салмақтарының  бірдей еместігі антициклдық саясатты қабылдауга кедергі болмай, барлық циклдық реттеу тұжырымдамасын екі  бағыттың төңірегінде топтады: неокейнсиандық және неоконсервативтік бағыттардың екеуі де классикалық мектептің негізінде дамыды. Біріншісі жиынтық сұранысты реттеуге бағытталса, екіншісі жиынтық ұсынысқа бағыт алды.

      Бастапқы  нұсқау мен болжамға байланысты жоғарыдағы керсетілген бағыттар циклдық толқулар проблемасын шешуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін мемлекет қолындағы құралдарды әр қилы пайдаланады. Мысалы, кейнсиандық бағытты жақтаушылар бюджеттік саясатқа (мұнда ең басты мемлекеттік шығындарды азайту немесе көбейту) және салық саясатында экономикалық жағдайға қарай салық ставкаларымен айлалы әрекет жасау. Ал неконсервативтік бағыттағылар бар күшті ақша мен несие саясатына жүмсауды ұсынады. Сондықтан соңғы кезде неконсервативтік саясатты жақтаушылар монетарлық теорияға арқа сүйеп, ақша келеміне және оны реттеуге ұмтылуда. Осы процестерге жалпы экономиканы реттеу саясаты мен циклдық толқуларды бәсеңдетуге мемлекеттің қатысу мәселесі де түрліше шешілуде. Айтарлықтай айырмашылықтарына қарамастан бұл    тұжырымдардың мына мәселелер бойынша ортақ жақтары бар: біріншіден, мемлекет циклдық толқуларды бәсеңдете алады, екіншіден, мемлекет мұны экономикада түрақтылықты қамтамасыз етіп және оны баянды етуі тиіс. Сонымен қатар олардың циклдық толқуларды жоюдағы мемлекеттік қадамы жөнінде де жалпы ортақ пікірлері бар.

      Құлдырау  фазасында мемлекеттің шаралары іскерлік әрекеттерді ынталандыруға  бағытталуы тиіс. Салық саясаты саласында  ол жаңа инвестицияға салықтық жеңілдік беруден, жеделдету мен амортизация  саясатын жүргізуден көрінеді. Кейнсиандық көзқарастағылар мемлекеттік шығындарды көбейтуге үміт артады, өйткені олар қорлануды ынталандырады деп ойлайды. Салық шаралары бюджетті қосымша толықтырып, бәрін біріктіріп алғанда жиынтық сұранысты ұлғайтып, ең соңында өндірісті ынталандырады.

      Неоконсервативті көзқарасты жақтаушылар салыққа баса назар аударады, оны тементедту іскерлік белсенділікті арттырады. Жалпы олар салық бюджет саясатын несие-ақша саясатының қосымшасы деп қарайды. Несие-ақша саясатын осы кезде салық-бюджет саясатының көздеген мақсатына қосылып және несие экспансиясының "шабуылын" көбейтуді қолдайды. Оның мақсаты қосымша несиелер арқылы елдің экономикалық өмірін жандандыру.

      Бұл кезде "арзан ақша" саясаты  жүргізіледі. Нақты өмірде, тәжірибеде ол несиеге бергені үшін процент ставкасын азайту, банктердің несие ресурстарын көбейту, сөйтіп олар күрделі қаржыны ұлғайтуға, іскерлік белсенділікті күшейтуге, жұмыссыздықты азайтуға әкелуге тиіс. Алайда жағымсыз салдары да болуы мүмкін, өйткені ұзақ мерзімде олар инфляция тенденциясын күшейтеді. Басқаша жағдайда, яғни экономикалық коньюнктураның көтерулі кезеңінде ие болады.

      Мемлекет  экономиканың "қызып" кетпеуі  және шаруашылық ақаулардың алдын алу  үшін тежеу саясатын жүргізеді, яғни салық-бюджет және несие-ақша жүйесінде икемді саясат қолданады. Бұл кезеңдегі салық-бюджет саясаты салық ставкасын жоғарылатып, мемлекеттік шығындарды қысқартумен, амортизация саясатын шектеумен сипатталады. Осы салық-бюджет саясатына кейнсиандық тәсілдерді жақтаушылар бағыт ұстайды, фискалдық шаралар сатып алу қабілетін төмендетіп, сұранысты азайтып ең соңында экономикалық белсенділіктің айтарлықтай құлдырауына әкеледі.

      Несие-ақша саясатында несие рестрикациялық белгілері  басым бола бастайды, яғни "қымбат ақша" саясаты жүргізіледі. Ол бұрынғыға қарағанда қарама-қарсы шаралар: қарыз алғандарға проценттік ставканы жоғарылату, банктерді несиелік ресурстарын қысқарту. Бірақ мұнда да несие-ақша саясатының бағыттарын сақтықпен жүргізу керек, өйткені несие рестрикциясының (шектелуінің) ұзақ мерзімді болуы инвестиция мен өндірістің қысқаруы негізінде жұмыссыздықты көбейтуі мүмкін.

      Жалпы мемлекеттің циклдық толқуды  бәсеңдету саясаты туралы айтқанда оны қарама-қарсы әрекет деп сипаттау дүрыс. Циклдық құбылыстарды жұмсартуға бағытталған шаралар сол кездегі экономикалық конъюнктураны барлық шаруашылық процестерді жандаңдыру саясатын, ал экономиканың "қызып" кеткен кезінде іскерлік белсенділікті тежеуі тиіс. К. Эклунд өзінің "Тиімді экономика" деген кітабында жоғарыда айтылғанды график түрінде көрсетеді (52-сурет) {Кар Эклунд К. Тиімді экономика, М., 1991, 127-бет).

      К. Эклунд бұл графикті кейнсиандық  үлгі тұрғысынан қарайды: құлдырау кезінде шығындарды ұлғайтып және салықтарды төмеңдету, ал өрлеу кезінде шығындарды азайтып, салықтарды жоғарылату арқылы бірінші жағдайда жұмыссыздықты, екінші жағдайда инфляцияны жұмсарту ұсынылады. Алайда келтірілген график консерватизмді жақтаушылардың да шараларын сипаттайды,  

      

      1-сурет.

экспенция мен тежеу саясатын жүргізу әдісі өзгереді, ал жүйенің өзі (әрекет бағыты) өзгеріссіз қалады.

      Мемлекеттің циклға деген қатынастарын білдіретін жоғарыдағы барлық ұсыныстар тәжірибеде және нысаналы түрде қолданылып келеді. Тек нақтылы өмірде ғана теориялық ой-пікірлер мен ұсыныстар өздерінің әділ бағаларын алады. Үкімет экономикалық жағдайлардың талабын ескеруге ұмтылады, тұрлаусыз құбылыстармен күреседі, шаруашылықты дамытудың тұрақтылығына жету үшін күш салады. Осыдан келіп олардың қабылдаған нақты шаралары негізделеді. Ал ол қадамдардың тиімділігі белгілі бір уақыттардан кейін білінеді. Нактылы мысалдар арқылы үкіметтің экономикалық өмірді түрақтандыру мақсатында өзінің саясатын қалай өзгерткенін дәлелдеуіне болады. Мысалы, АҚШ-тың соғыстан кейінгі уақытта экономикалық саясаты қалай жүргізгенін айту орынды. 50— 60-жылдарда экономикалық өмірде тоқырау белгілері керіне бастағанда үкімет экономикалық өсуді ынталандыратын саясат жүргізді. Мемлекеттік ұйымдар бұл мақсатқа жету үшін түрлі тәсілдер қолданды. Олар өз әрекеттерінде Кейнстің кеңесін басшылыққа алды, өйткені ол кезде Кейнстің мемлекеттік реттеу теориясы кеңінен таралып, оны бәрі мойындаған еді. Тоқырау құбылыстарын тоқтату үшін үкімет оған қарсы шаралар жүргізді, мемлекеттік шығындарды көбейтті және салықты төмендетті. Осы жылдарда, әсіресе мемлекеттік шығындарды ұлғайтуға көп кеңіл бөлінді. Өндірістік қуаттардың амортизациясын жеделдету, амортизациялау туралы заң шығару жұмыстары жүргізілді. 1950, 1954, 1962 жылдары көптеген зандар қабылданды,   олар  амортизациялық  төлемдер  нормасын көтерді. Мұндай шаралар нәтижесінде жиынтық сұранысты өсірді. Ол өз кезегінде инвестицияны ұлғайтты, ал бұл өндірістің ұлғаюына жол ашты. Нақ осы кезеңде несие-ақша саясатына онша көңіл бөлінбей, реттеу процесінде олар салық-бюджет саясатын толықтыратын құрал сипатында қаралды, соңғысына, әсіресе саясаттың бюджет бөліміне үлкен маңыз берілді.

      60—70-жылдарда  жалпы экономикалық жағдай мүлдем  өзгерді, әсіресе циклдық толқулармен  күрес ерекше болды. Осы кезде  экономикада инфляциялық құбылыстар  біліне бастады. Құлдырау кезінде жақсы нәтиже берген салық-бюджет және несие-ақша саясаттары тұрақсыздандыру факторы болды, өйткені капиталдың артық қорлануына әкеледі. Үкімет өзінің саясатын қайта қарауға жағымсыз элементтерді жою үшін өзінің қызметін жаңа бағытта қайта құрды.

      Сонымен, 50—60-жылдарда мемлекеттің саясаты ашықтан-ашық мемлекеттік тұтынуды ынталандырса, 60— 70-жылдарда оны қысқарту тенденциясы байқалады. Бар назар бюджетке аударылады, салықтарды көтеру — аса қолдау таппайтын шара, сондықтан үкімет көбіне бюджеттен маннуляция жасауға барады. Осымен несие-ақша саясатын да жүргізеді, әсіресе қарыз процентін көбейтеді. Көрсетілген кезеңдерде АҚШ-та мұны кеңінен пайдаланады. Несиенің айтарлықтай кымбаттауы (жылына 15%-ке) байқалады, ал бұл өндірісті ұлғайтуға қаржы алуды қиындатады, инвестицияны тежейді дей тұрғанмен осы кезеңдерде салық, бюджет теңсіздіктеріне көп көңіл бөлінді, өйткені Кейнс теориясы негізінен жиынтық сұранысқа бағытталды, ал мемлекеттік шығындардың азаюы немесе салықтың өсуі сұранысқа тікелей несие ақша механизміңдегі инвестиция арқылы жанама әсер етті.

      70—80-жылдардың  қарсаңында жағдай тағы өзгерді. Экономикалық өсу қарқыны баяулап, жекелеген салалардың дағдарысы, жұмыссыздардың көбеюі іскерлік белсенділіктің темендеуі байқалды. Конъюнктуранын жаңа циклдық орамына сәйкес реттеу тәсілін тағы да өзгерту қажеттілігі туды. Өкімет басына консерваторлар келді, олар кейнстік ұсыныстардан бас тартып, классикалық теория (мемлекеттің рөлін тежеу, рыноктық субъектілердің еркіндігі) мен монетаризмге бағыт ұстады. Соңдықтан да енді тек несие-ақша арқылы реттеуге және циклдық толқуды бәсеңдету үшін несие-ақша саясаты қолданылады. Ақша көлемін реттеп, оның массасын әрі қолайлы, әрі қажетті деңгейде ұстап тұру мақсатында басқа да бірқатар әдістер пайда болды.

      Инфляцияның негізі себебін монетаристер мемлекеттік  шығынның көбеюінен көреді, соны азайтуды ұсынады. Бюджеттің шынайы мемлекеттік реттеу элементі бола алмайтын себебі айтарлықтай дефициттің (тапшылық) болуында. Салық — бюджет саясатында назар салық шараларына аударылады. 60-жылдарда АҚШ-та салық реформасы жүргізілді. Ол салық ставкасын және салық шкаласының үстемелік деңгейін төмендетуді көздеді. Мұның бәрі экономикалық өсудің қосымша экономикалық ынталандыруын қамтамасыз етті. 80- және 50—60-жылдардағы саясаттың сыртқы ұқсастығын зкономикалық экспансия деп сипаттағанмен олар циклды реттеуге келгенде бір-бірінен күшті айырмашылығы бар. 50—60-жылдарда назар негізінен ұсынысты ұлғайтуға аударылды, сондықтан да салық — бюджет саясатын жүргізу жемісті деп есептелді. Қазір бағыт сұранысқа бұрылып отыр, яғни тиімді өңдіріске жағдай жасау, сондықтан да несиені бейтараптандыруға, ал салық — бюджет саясатында салық пен үстеме салық деңгейін төмендетуге көңіл бөлінді.

      Қазіргі жағдайда біршама жаңа факторлар  пайда болды. Циклге қарсы саясатты жүргізумен байланысты олар туралы әдейі  сөз болуы тиіс. Біріншісі, 70—80-жылдардан байқалған экономикалық циклдарды синхронцандыру, сәйкестендіру құбылысы. Бұл әр түрлі елдер мен аймақтардағы циклдық ауытқуларды бір-бірімен үйлестіру. Үйлестіру процесі өндірістің интернационалдавдырумен, ҒТР ұлғаюымен және ғылыми-техникалық ынтымақтың тереңдеуімен түсіндіріледі. Антициклдық реттеуді жүргізгенде үкімет бұлармен есептесіп, циклдық толқуларды бәсеңдетуге, басқа елдердегі осы сияқты жұмыстармен өзінің шараларын сәйкестендіріп отыруы тиіс. Бұл талаптарды жоққа шығару тек антициклдық реттеудің тиімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар бұл саладағы барлық тәжірибені нәтижесіз етеді. Мұны Франция мысалы, айқын дәлелдейді. 80-ші жылдардың бас кезінде барлық жерде неоконсервативтік доктрина үстем болды, ал Франция экономикалық құлдыраумен күресте кейнсиандық ұсынысты қолданды, ішкі сұранысты мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырды. Басқа елдер бюджеттік қаржыны үнемдеу саясатын жүргізіп жатқанда Францияның қадамы ынталандыру нәтижесін бере алмады, сөйтіп бюджеттік дефицитті (тапшылық) мағынасыз кебейтті. Францияның тәжірибесі тек мемлекеттің   антициклдық саясатын жүргізуді қолдау жеткіліксіз екенін, бұл шараларды басқа елдермен сәйкестендіріп жүргізу керектігін көрсетті.

      Екіншісі, жоғарыда аталғандарды антициклдық саясаттың жалпы бағыттары, болжамдары деп қарастыру. Бірақ конъюнктуралық толқуларды тереңдететін инфляция, экономиканың монополиялануы, шаруашылық пропорцияларынын бұзылуы және т. б. құбылыстардың да бар екенін естен шығармау абзал. Сондықтан оларды (антициклдық саясат, монополиямен күрес және т. б.) жою мақсатындағы шараларды антициклдық реттеудің жеке жағдайлары деп қарау керек.

 

       ІІІ Бөлім ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ. ЦИКЛДЫҢ КЕЙНСТІК,

      НЕОКЕЙНСТІКЖӘНЕ МОНЕТАРЛЫҚ

      ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

      Экономикалық  цикл — бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы — өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысынын болуы сұраным төлем қаблеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.

      Дағдарыс  кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғайды және кәсіпорындар кұлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия. Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

      Келесі  фаза тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістін дамуын ынталандырады. Циклдын кезекті фазасы — өрлеумен алмасады.

      Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен  сипатталады және ол дағдарыс алдындағы  деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды  және банк пайызының (%) нормасы төмендейді

      

      

 
 
 
 
 

      2 – сурет 

      Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді

 

       3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы

      Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық қөзқарастар бар.

      Мәселен, К. Маркс артық өндірудің циклдық  дағдарысынын реттілікпен қайталану  себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған.

Информация о работе Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары