Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 23:48, реферат
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады.
«Кәсіпорын иелері үшін дағдарыс» - несие берушілермен есеп айырысу кезінде көрінетің кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының нашарлауымен сипатталады, оны анықтау критериі ретіңде бізбен меншік иелері құқықтарының дискриминациялануы тандалған,яғни меншікті капиталға инвестицияланған ресурстар бойынша жоғалтулар. Ал салыстыру базасы ретінде тәуекелдері теңдес альтернативті инвестицияларды алуға болады. Сөйтіп, кәсіпорын иелерінің зардаптарын анықтау үшін меншікті капиталдың негізделген ағымдық нарықтық құнын тәуекелі теңдес инвестициялық жұмсалымы ретінде жарғылық қорға кеткен капиталды қолдану кезіндегі жарғылық капиталға бастапқы жұмсалымның ағымдық құнымен салыстыру керек.
Егер альтернативті инвестициялық жұмсалымның құны меншікті капиталдық ағымдық нарықтық құнынан көп болса, онда кәсіпорынның иегері үшін жоғалтулардың бар екені және дағдарыстық жайыттын бірінші сатысы басталғаны туралы айтуға болады. Сондықтан қарастырылып отырған дағдарыстын сатысын идентификациялау үшін бастапқы альтернативті капитал жұмсалымының кәсіпорын иесінің табысының екі құраушысы – кәсіпорын иесі үлесінің құны мен үлестік табысымен салыстыру қажет.
«Несие берушілер үшін дағдарыс» сатысы несие берушілердің талаптарын уақытылы және бөліктерімен қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл жағдайда шаруашылық субъект меншік иелері мен жалдамалы менеджмент көмегімен басқарылатын дербес кәсіпорын болады. Анықталған несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін белгілілерді белгілі бір сандық көрсеткіштерде бейнелеу қиын болып табылады.
Жалпы осыған орай несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін біздің пікіріміз бойынша қарыз алушының міндеттемелерін қазір орындау үшін меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі кезіндегі «банкроттық туралы» ҚР – ның заңына сәйкес 150 минималды есептік көрсеткіштен төмен емес кешіктірілген міндеттемелер сапасын бар екенін көрсетіп бейнелейтін критерий ретінде қолдануға болады.
«Заңнамалық реттеу» сатысында кәсіпорынның иелері тарапынан дағдарысқа ықпал ету шаралары несие берушілердің мүдделерін қорғау үшін заңнамалық тұрғыда шектеуге ұшырайды. Оның басы банкрот туралы арызды сотпен қабылдауы арқылы анықталады. Осы кезден бастап, коммерциялық құпия болып келген ақпарат банкроттық жөніндегі іске қатысушылар үшін ашылып беріледі. Берілген сатыда кәсіпорын толық дербес шаруашылық субъект бола алмайды. Себебі, оның қызметі арбитраждық сотпен, несие берушілердің жиналысымен және арбитражды басқарушылармен бақыланады.
Дағдарысқа қарсы басқарудың әдістері мен инструменттері. Батыстық экономистер дағдарысқа қарсы басқаруды аман қалу басты мақсат болу кезіндегі кәсіпорынның өмір сүруіне қатер төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті қызмет ретінде анықтайды. Бұл қызмет кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жайттардан өтуден интенсивтілігін жоғарлатумен сипатталады. Хаберланд бойынша бұл антидағдарыстық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын менеджменті қатаң және тез шешуші шараларды жүргізумен байланыста қысқа мерзімді проблемаларды шешу үшін барлық назарын аударады. Кейбір ғалымдар дағдарыстардың оңды сипаттамаларын көрсету арқылы дағдарысқа қарсы менеджментті – келе жатқан дағдарысқа алдын – ала анықтап, жаңа даму курсын әзірлеуге мүмкіндік беретін инструменттерді жасау болып табылады.
Сондай - ақ дағдарысқа қарсы менеджмент түсінігі уақыттық сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, мұндай анықтау дағдарыстық процестен өту, оны әлсіретуге алып келетін дағдарыс кезіндегі шараларды әзірлеу мен жүргізудің барлық міндеттерінен тұрады. Коппаның пікірі бойынша бұл антидағдарыстық басқарудың мағынасы. Екіншіден, бұл түсінік кең мағыналы болу үшін оған дағдарысқа профилактика мен терапия жасауды қосу керек.