Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 14:17, курсовая работа

Описание

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 6
1.3.Экономикалық өсудің типтері 9
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 11
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 13
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 16
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 16
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 18
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 19
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 22
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 22
3.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Работа состоит из  1 файл

econ_kurs_510.doc

— 188.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ              2

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ              4

1.1. Экономикалық  өсу  және  экономикалық  даму              4

1.2.Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері              6

1.3.Экономикалық  өсудің  типтері              9

1.4. Инвестициялар  және  экономикалық  өсу              11

1.5 Экономикада  және  оның  өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі              13

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ  НЕГІЗГІ   МОДЕЛЬДЕРІ              16

2.1.  Динамикалық  тепе-теңдіктің  кейнсиандық  моделі              16

2.2.  Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   моделі              18

2.3 «Нөлдік  экономикалық  өсудің»  концепциясы              19

2.4.  Салааралық  баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу              20

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ   ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ   БОЛАШАҒЫ              22

3.1 ҚР-дағы  қазіргі  экономиканың  жағдайы              22

3.2.ҚР-дағы  экономикалық  өсудің  болашағы              23

ҚОРЫТЫНДЫ              25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ              27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

             

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  шешуге мүмкіндік  береді.

              Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық  реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

              Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ  экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ  өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

              Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық  аспект жетістіктерін  оқу.

Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер:

      экономикалық өсу түсінігін қарастыру;

      экономикалық  өсуге әсер ететін факторларды көрсету;

      экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

      экономикалық  өсудің типтерін қарастыру;

      экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;

      ҚР-ның қазіргі  экономикалық даму жағдайын сараптау;

      Болашақта дамуын анықтау;

                     Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық  озық  ғалымдар  К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.  Экономикалық өсу және экономикалық даму

Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни  халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.

              Экономикалық өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін) ұлттық табыстың  өсуі.

              Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады.

 

                      1-сурет. Экономикалық өсу және өндіріс мүмкіншілігінің қисығы

Графикалық түрде (1-сурет) экономикалық өсу ұдайы түрде өндіру мүмкіншілігі қисығының оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс экономиканың товар өндіру және қызмет көрсету қабілетінің өсуін сипаттайды. Егер экономиканың барлық ресурстары (еңбек, капитал, т.б) пайдаланылмайтын болса, онда экономика өзінің барлық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды, яғни графикалық түрде экономика «ОАВ үшбұрышының ішінде жұмыс істейді.» АВ және СD қисықтарында қалу үшін, жиынтық  сұраныс тез өсуі және өсіп келе жатқан экономиканың өндіріс мүмкіншілігін толығымен пайдалану керек.

Егер экономиканың кез келген ресурстарының біреуі тиімді бөлінбесе, яғни өнімдірек және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс қисығында жұмыс істемейді.

Экономика баяу оңға жылжитын өндіріс қисығында әрекет етуі керек, ол үшін оның ресурстары толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек. Еңбекпен толық қамтымуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін қолдану үшін, қазына және қаржы полициясы жиынтық сұраныстың жылдам өсуін қамтамасыз етуі керек.

Экономикалық өсу – бұл белгілі уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің сандық және сапалық жетілдіру.

2-суретте тиімді экономикалық өсудің мақсаттары көрсетілген.

                  

Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары

 

                                 

өмір  сүру  мерзімін  ұзарту;

 

аурудың және жарақаттанудың төмендеуі;

 

қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру;

 

білім беру және мәдениет деңгейін көтеру;

 

әлеуметтік тұрақтылық және өз болашағына сенімді арттыру;

 

кедейлік пен өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын жою;

 

толық  жұмыспен қамтылу;

                 2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары             

 

1.2.Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері

Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).

   Өндіріс факторлары

 

    еңбек

 

     жер

 

   капитал

                            3-сурет. Өндірістің үш факторы теориясы

             

Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек көрініс тапты.

Оларға жатады:

      еңбек;

      жер;

      капитал;

      кәсіпкерлік ынта;

      ҒТР.

Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.

Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық элементтер бойынша бөлуге болады:

      сыртқы;

      ішкі факторлар.

Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық немесе сапалық) қарай бөлінетін факторлар бар:

1.      Интенсивті факторлар:

      ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату (жаңа техниканы, технологияны негізгі фондтарды жаңарту жолымен енгізу, т.б.)

      мамандар біліктілігін көтеру;

      негізгі және айналым фондтарын пайдалануды жақсарту;

      шаруашылық қызмет тиімділігін дұрыс ұйымдастыру арқылы көтеру;

2.  Экстенсивті факторлар:

      инвестициялар көлемін технологияның бар деңгейін сақтау арқылы көтеру;

      жұмысшылар санын көбейту;

      пайдаланылатын шикізат, отын, материал және де басқа айналым капитал көлемін өсіру.

Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Олармен ұлттық  өнім өндіру байланысты.

Экстенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Бұл факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу жатады.

Факторлардың ең маңыздысы еңбек шығыны болып келеді. Бұл фактор негізінен мемлекеттің халық санымен анықталады. Халықтың бір бөлігі жұмыс қабілеті барлардың санына кіреді және еңбек нарығына кірмейді. Оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс істегісі келетін жұмыс күшін құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында жұмыссыздар, яғни жұмыс істегісі келетіндер, бірақ жұмыс  таба алмайтындар бөлініп шығады.

Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер саны) бұл көрсеткіші нағыз шын жағдайды көрсетпейді.

Еңбек шығынының дәлірек көрсеткіші жұмыс уақытының сомалық шығынын көрсете алатын, жасалған адам-сағат саны болып табылады.

Жұмыс уақытының өсуі келесі факторларға байланысты:

      халықтың өсу қарқынынан;

      жұмыс істеу мүддесінен;

      жұмыссыздық деңгейінен;

      зейнеткерлік қамтамасыз етуге.

Сандық факторлармен қатар еңбек күшінің сапалығы өте маңызды рөл атқарады.

Экономикалық өсудің  тағы да маңызды факторы болып капитал табылады. Капитал – бұл ғимараттар, товардың қосалқы қорлары. Негізгі қор болып тұрғын қорлары саналады, өйткені үйлерде тұратын адамдар бұл үйлердің қызметтерінен пайда көреді.

Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым  капиталдың өсу жылдамдығы  төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Европа елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні  Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.

Экономикалық өсудің маңызды факторы – жер, дәлірек айтқанда, табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы. Әр  түрлі табиғи ресурстардың үлкен қоры, құнарлы жерлер, қолайлы климат және ауа-райының жағдайы, минералды және энергетикалық ресурстардың қорлары елдің экономикалық өсуіне салмақты үлес қосады. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.

Ғылыми-техникалық – прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғауышы. ҒТП өзіне технологияны жетілдіруді, басқарудың жаңа әдістерін және формаларын, өндірісті ұйымдастыруды қосады.

Экономикалық  өсуді өлшеу  ұлттық табыстың өсу көрсеткішімен немесе ішкі өнімнің жалпы көлемімен немесе адам жаны арқылы жүзеге асырылады.

Ұлттық  табыстың өсу қарқыны былай көрсетіледі:

Х=(Yt-Yt-1):Yt-1

Мұндағы   х – ұлттық табыстың өсу қарқыны, Yt – осы жылғы ұлттық  табыс, Yt-1 – алдыңғы жылдың ұлттық табысы.

Экономикалық  өсу  физикалық (физикалық өсу) және құндық әдіспен өлшенеді. Аталған әдістердің әрқайсысы экономикалық өсудің көрсеткіштерін  инфляциялық құрағыштан тазалап отырады. Ұлттық табыстың құндық өсімін есептеуде оның мөлшері белгіленген уақыт аралығындағы бағаның өсу индексіне бөлінеді.

  

1.3.Экономикалық өсудің типтері

              Мінезіне қарай (сандық немесе сапалық ) экономикалық өсудің  екі типін ажыратамыз: экстенсивті және интенсивті (4-сурет).

 

 

   Экстенсивті

   Интенсивті

Экономикалық өсудің          типтері

   

 

 

 

 

 

  4-сурет. Экономикалық өсудің типтері

 

              Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады, егер ол қосымша ресурстардың көмегімен жүзеге асып, ғоғамда орта өндіргіштігін жоғалтпаса. Бақаша айтсақ, экономикалық  өсу жұмсалатын факторлар - өндіріс қаражаттары және жұмысшы күші арқылы жүзеге асады.

              Экстенсивті  тип кеңейтілген қайта өндірістің тарихының алғашқы жолы болып табылады. Оның бірқатар теріс мінездемелері бар және олар үшін осы тип кемеліне жетпеген болып саналады.

              Экстенсивті жол өндіріске жұмысшы күшін көп жұмсайтындықтан, жұмыссыздықтың қысқаруына ықпал етеді. Егер біз жұмыссыздықты 6-дан  3% -ке кемітетін болсақ, онда бұл кеміту адамдарға мәнді болып көрінеді. Бірақ  өнімге аударғанда, бұл жұмыспен қамтылу деңгейі 94%-тен 97%-ке ауысқанымызды көрсетеді. 97/94 немесе 3/94 қатынасын елемеуге болмайды және де ол 3/6 немесе 50%  қатынасына қарағанда өндірістің өсуі туралы дәлірек  түсінік береді. Одан басқа жұмыссыздықты 6-дан 3%-ке кеміту арқылы біз өсудің жылдық қарқынын қосымша 3%-ке (немесе 3/94) өсіре аламыз. Жұмыспен толық  қамтылу жағдайына жететін болсақ, онда ол жыл сайын қайталана бермейді. Келесі  жылы қайта өндіруге қолдануға болатын бос, артық жұмысшы күші болмағандықтан, өсу бұрынғы қарқынмен жүзеге асады.

              Экстенсивті  типтегі тағы бір проблеманы қарастырып өтуге тура келеді. Ол – тоқырау. Тоқырау кезінде өнімнің сандық  өсуімен  технико-экономикалық  прогресс  еріп  жүрмейді.

              Экстенсивті экономикалық өсуде қанша деңгейде пайдаланылатын негізгі фондтар, материалдық ресурстар, жұмысшылар саны өссе, сондай деңгейде  өнім шығару да өседі. Сондықтан да негізгі өндіріс фондтарын жаңартуға қаражат жетпейді және ғылыми-техникалық  жаңалықтар енгізілмейді.

              Мысалы, СССР-да 1986-1990 жылдар аралығында өндірістік негізгі  фондтардың тозуы 38 %-тен 41%-ке  өсті.

              Экстенсивті экономикалық өсу табиғи ресурстарды тез меңгеруге  мүмкіндік береді. Бірақ ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде кендердің, пайдалы қазбалардың тез таусылуы орын алады.

              Интенсивті  типте  ең  маңыздысы - өндіру тиімділігін  жоғарлату. Бұл тип  өнім  шығаруды  ресурстардың бірлігіне шағу арқылы өсіреді, сонымен қатар, өндірудің сапалық мінезі жақсарады. Мұндай процестер мына жағдайлардан байқалады:

      ҒТП  жетістіктерін қолдану, өндіруді жаңарту;

      мамандардың біліктілігін жоғарлату;

      шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, тауар түрлерін жаңарту.

Интенсивті  экономикалық өсудің  ең маңызды факторы – еңбек өнімділігін арттыру:

                                                                      ПТ=П/Т,

              Мұндағы ПТ – еңбек өнімділігі, П – табиғи немесе ақшалай мәнердегі  жасалған  өнім, Т – еңбек бірлігінің шығыны (мысалы, адам-сағат).

              ХХ ғасырдың ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттары бойынша, батыстың индустриалды елдерінде интенсивті жол тиімдірек болып табылып, қолданыла бастады.

              Экстенсивті  тип  қазіргі жағдайда тиімсіз және оның ешбір маңызы жоқ . Анағұрлым тиімді болып өндіріс көлемінің ұлғаюына, товардың сапасының, өмір сүру деңгейінің жоғарлауына алып келетін  алып келетін интенсивті тип саналады.

1.4. Инвестициялар  және  экономикалық  өсу

Экономикалық өсудің кез келген түрі қосымша инвестицияларды қажет етеді. Инвестициондық процестің мүмкіншілігі және оның өткізілімдігі  экономикалық өсудің  ең басты қозғауышы және  реттегіші болып келеді.

Инвестициондық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті алғышарттарды талап етеді:

                       Қорлардың жеткілікті мөлшері. Егер нарықтық экономика жұмысшыларға қор жинай алатындай табысты  бере алмайтын болса, онда ол инвестициондық процесті жүзеге асыра алмайды.

                       Дамыған қаржы нарығы. Инвесторлардың қолдарына қорлар ағымын әкеле алуы қажет. Нарық бұл талапты жеңе алмайтын болса, ақша халықта тұнып, инвестициялық процеске араласпайды.

                       Инвестициялардан түсетін жоғары түсім коммерциялық тәуекелдік салдарынан туындайтын мүмкін шығындардың орнын баса алады. Мұндай тәуекелділіктер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бизнес инвестициялар тиімділігіне жоғары талаптар қояды.

                Экономикалық өсу инвестицияларды орналастыру мен оларды игеру   тиімділігін жылдамдатады. Егер қорлар инвесторлардың қолына түсетін болса, онда кейнсиандық  теория бойынша тұжырым жасауға болады: экономикалық өсу қорлар және инвестициялар тиімділігіне тікелей тәуелді.

              Тұрақты экономикалық өсу. Мемлекет  шаруашылық  тоқырауға тап болып, тұрақсыз факторлардың әсерін бейтараптандыра алмаса, онда экономикалық өсу үзіліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғам өзінің мақсаттарын жүзеге асыра алмайды және өз азаматтарының  әл-ауқатының төмендеуіне қарсы ештеңе жасай алмайды. Сондықтан да  экономикалық  өсуді тұрақтандыру – экономикалық  саясаттың ең маңызды мақсаты.

              Экономикалық  өсуді тұрақтандыратын келесі бағыттар:

                     - сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алатын өндіріс тиімділігін көтеру;

              - әлеметтік жанжалдардың алдын алатын әлеуметтік мүдделерді үйлестіру;

              - нарықтық бағдарды сақтап қалуға болатын нарық субъектілерінің мүддесін үйлестіру;

              - экологиялық апаттардан сақтап қалуға мүмкіндік беретін экономикалық  өсуді  биосфераның даму заңдарымен келістіру.

              Теңгерімді  және  тиімді  экономикалық  өсу.  Егер экономика өзінің тұрақтылығы мен туындайтын үйлесімсіздіктерді дер уақытында жеңіп отырса, сонымен қатар ұлттық табыстың ұлғаюына ықпал етіп дамыса, онда оған теңгерімді экономикалық  өсу  тән. Теңгерімді (тұрақты) экономикалық өсу экономиканың  біртұтас жүйе ретінде дамуына жағдай жасайды.

              Экономиканы теңгеру процесі  тұрақты және шексіз болып келеді. Экономика өзгереді, күрделенеді, жаңа өнім өндіруге, өндірілетін өнім түрлерін және сапасын көтеруді  талап етеді. Сондықтан да теңгеріліске деген талаптар бұрынғы қалыпта қала бермейді. Тұрақтылықтың ескі мұраты өнегелік жағынан ескірсе, жаңалары тұрақталып үлгермейді. Сондықтан да халық шаруашылығының қалыпты жағдайы жеткен абсолютті теңгерілімдік емес, ол – экономикалық тұрақсыздық. Оны жеңе отырып, қоғам тепе-теңдікке, теңгерілімдікке мұратқа сияқты жылжиды.

              Үйлесімсіздіктерден босаған емес, бар әлуеттерді жия алатын, пайда болған үйлесімсіздіктерден тез шыға алатын экономика тиімді.

Экономиканың   теңгерілімді траекторияға шығуы тұрақты дамудың кепілі болып табылады.

 

1.5 Экономикада  және  оның  өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі

 

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде экономиканың мемлекеттік секторлары бар. Олардың мөлшері мемлекеттің экономикалық рөлінің өлшеуіші болып табылады.

Экономикалық  өсудің тарихы экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірнеше модельдерін біледі.

Осылай, Дж.М. Кейнс және оны жақтаушылар экономикалық өсуді ынталандырудағы мемлекеттің ролін сұраныс факторлары жағынан қарастырады. Олар күрделі салымдарды көбейту үшін проценттік мөлшерлемені азайтуды ұсынады («арзан ақша» саясаты). Қажет болса, қаржы-бюджеттік  саясат үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін, яғни күрделі салымдарының биік деңгейі инфляцияға соқтырмауы үшін қолданылады. Марксизм-ленинизм сияқты Кейнстің теориясы нарықтық экономиканың қарама-қарсылықтары мен қиындықтарына қарсы бағытталған реакция болды. Егер материалист К. Маркс барлық мәселелерді меншікке, экономиканы басқару үшін оны мемлекет қарамағына өткізуге тіресе, Кейнс мемлекеттендірусіз, меншіктің үш түрін: жеке, мемлекеттік және ұжымдық байланыстыра отырып экономиканы реттеуге болатыны айтқан. Ленин Маркстің айтқанына еріп, толық мемлекеттендіруді жүргізіп, тоқырауда қалды. Сталин орталық жоспарлауға негізделген тоталитарлық мемлекетті салды.

Кейнс «Жаңа курс» негізіне кірген дамудың басқа жолын көрсетті. Бұл нарықпен үйлескен мемлекеттік реттеу американдық экономиканың қуатты өсуін қамтамасыз етті. Ал Батыс Европада социал-демократтардың аса үлкен ықпалынан экономикада «асыра сілтеу» пайда болды. Қазір Батыста кейнсиандық әдістің қайта жандануы болып жатыр. Бұған барлық  себептер бар. Бірінші фактор – теңгешілдік (монетаризм) әдістерін қолданған барлық елдердегі кризистер (тоқыраулар). Екіншісі – Американың алып державаға айналуы. АҚШ айтарлықтай Халықаралық қаржы (валюталық) фондын, Әлемдік сауда ұйымын, Халықаралық банкті, ал қазір Иракты да басқарып отыр. Дж. Буш кейнсиандық әдістерді қалай қолданатыны қызық. Ол шағын бизнеспен айналысатын әрбір кәсіпкер үшін орта есеппен алғанда шамамен салықты 2 мың долларға қысқартады. Бірақ бұл қысқартулар тек қана инвестицияларға кетеді деген шартпен қысқартылады. Буш салықтарды азаматтар үшін де қысқартады, бірақ қайтадан толығымен емес, кейнсиандық-бағытталған әдіспен. Салық  жұбайлар үшін шамамен 2 мың долларға және қосымша түрде балалары бар жанұялар үшін де қысқартылады - әрбір   нәресте үшін  1000 доллар.

              Экономикалық өсуде мемлекет өзінің қатысуын тура немесе жанама араласу ақылы көрстетеді.

              Мемлекеттің тура араласуына нарықтық жүйенің барлық элементтері арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталған заңды акттардың қабылдануы жатады. Ал жанама араласу оның мақсаттарына – күрделі жұмсалымды ынталандыруға және қорлар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қайта орнатуға, халықты толық еңбекпен қамтуға, товардың экспорты мен импортын, капитал мен жұмысшы күшін көбейтуге, тұрақтандыру мақсаттарында бағаның ортақ деңгейіне әсер етуге, тұрақты экономикалық  өсуді қамтамасыз етуге және де басқа да себептерге  байланысты.

              Мемлекеттік органдар әрдайым  көңіл бөліп отыратын объект болып ақша айналымын реттеу, экономикаға үлкен қауіп төндіретін инфляциямен күресу болып табылады. Ақша айналымын реттеу арқылы мемлекет қор жинау шарттарына, бағаларға, әлеуметтік қатынастарға әсер етеді. Төлем балансының  жағдайы  мемлекеттің экономикалық  салауаттылығының басты көрсеткіштері болып табылады. Нарықты шаруашылықты елдердің бәрінде  мемлекет әрдайым  экспорт пен импорт, капитал қозғалысы, ұлттық валюта курстарын төмендету мен жоғарлату, халықаралық  экономикалық  интеграция арқылы  жедел және стратегиялық реттеуді жүзеге асырады.

              Мемлекеттік реттеу инстанциялары  экономиканың мемлекеттік реттеудің басқа да объекттеріне ықпал етуге тырысады. Мысалы, жеке фирмаларды ғылыми зерттеуге және олардың нәтижелеріне қызықтыру.

              Мемлекеттік реттеу әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін аса қажет. Ұжымдық тұтыну немесе қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру  мемлекеттік тұтқаларсыз, ұйымдарсыз мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ  НЕГІЗГІ   МОДЕЛЬДЕРІ

2.1.  Динамикалық  тепе-теңдіктің  кейнсиандық  моделі

              Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дж.М. Кейнстің ізбасарлары динамикалық тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайларын түсіндіре алатын жаңа модельді ойлап табуды өз алдына  қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық  модельдері ішіндегі аса танымалдары – Р. Харрод (Англия) және  Е. Домар (АҚШ) модельдері. Бұл модельдер екі алғышартқа негізделген:

1.      Ұлттық табыстың өсуі – тек қана капитал қорының функциясы, ал капитал қайтарылымына әсер ететін  барлық басқа факторлар (еңбекпен қамтылудың өсуі, ҒТП жетістіктерін қолдану деңгейі) шығарылып тасталынады. Осылайша, Харрод пен Домар модельдері – бір факторлы. Берілген капитал сыйымдылығында капиталға деген сұраныс тек қана ұлттық табыстың өсу қарқынына байланысты.

2.      Капитал сыйымдылығы өндіріс факторларының баға қатынасына тәуелді емес, ол тек қана өндірістің техникалық шарттарымен анықталады.

Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық өсудің анықтаушы факторы болып инвестициялар көлемі табылады. Қарастырылып отырған модельде инвестициялар маңызды роль атқарады: бір жағынан – олар  ұлттық  табыстың өсуіне, екінші жағынан - өндіріс қуатын жоғарлауына ықпал етеді. Өз кезегінде, табыстың өсуі еңбекпен қамтылу деңгейін жоғарлатады. Инвестициялар өндіріс қуатын жоғарлататындықтан, қоғамның ұлғайып келе жатқан өндіріс мүмкіншілігін тұрақтандыру үшін, табыстың өсуі жеткілікті болуы қажет.

Жоғарыда аталған алғышарттарға негізделген Е.Доммардың моделін қарастырайық. Динамикалық тепе-теңдіктің шарты болып келесі теңдік табылады:

Ақшалай табыстың өсімшесі = Өндіріс (сұраныс) қуатының (ұсыныс) өсімшесіне.

ΔI×1/a=I×δ, немесе  ΔΙ/ Ι =δ×a, мұндағы

Ι – жылдық таза күрделіжұмсалым;

ΔI – жылдық таза күрделі жұмсалым өсімшесі;

ΔІ/І – таза  күрделі жұмсалымның өсу қарқыны;

1/а – мультипликатор, мұндағы а – ұлттық табыс қорының үлесі, яғни қорлардың орташа иілімі;

δ – күрделі  салымдардың  мүмкін орташа өндірісі немесе капитал қайтарымы.

Осылайша таза инвестициялар өсімі  δ×a тең  болуы керек немесе күрделі жұмсалымның мүмкін орташа өндірісін ұлттық табыс қорының үлесіне көбейту керек. Мысалы, δ=0,3 және а=0,2 , онда инвестициялар өсімінің қарқыны құрау керек: (0,3х0,2)х100%=6 %[1].

Р. Харрод моделі  макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық шартына негізделген: I=SxP. Харрод біреуі статистикаляқ  макроэкономиканың шартын көрсететін 2 формуланы қолданады. Ал екіншісі – динамикалық тепе-теңдіктің шарты. Соңғысы туралы айтатын болсақ, нақты қорлар мен мүмкін қорлар салыстырылады. Сонымен, 1-теңдік:

GxC=S, мұндағы  G=ΔY/Y,  S=S/Y,  C=I/ΔY.

 

G – ұлттық табыстың өсу деңгейінің қарқыны;

S – ұлттық  табыс қорының үлесі;

С – капитал сыйымдылығы.

 

  2-теңдік:

 

Gw x Cr=S.

 

S – ескі (ex post) уақыт аралығына жатады;

Gw x Cr – динамикалық тепе-теңдікке қажетті (ex ante) шама;

Cr – капиталдық коэффициенттің қажетті шамасы;

Gw – қажетті, нақтырақ айтқанда, өсудің кепілді екпіні.

Неокейнсиандық адамдардың ойынша, нарықты экономикалы елдерде тұрақты өсудің кепілді ықпалы автоматтық түрде орындалмайтындықтан, динамикалық тепе-теңдікті орнату үшін мемлекеттік реттеу қажет деген тұжырымға келді.

        

2.2.  Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   моделі

              Экономикалық өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің бағасы барлық өндіріс факторларымен жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір факторы өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті  өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің моделі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді.

              Экономикалық теорияда ex ante және ex post ұғымдары экономикалық процестердің алдын алғы (мүмкін инвестициялар, қорлар) сатыларын және деректі нәтижелер сатысын (іске асқан инвестициялар, тиімді жасалған қорлар) шектеу үшін  қолданылады.

ҒТР экономикалық өсу теориясындағы зерттеулерге қуатты демеу берді. Интенсивті типке көшу ҒТР-дың экономикалық өсуге және оның қарқынына қосқан үлесін ойлауды талап етті.

Осы құбылыстарды зерттейтін неоклассикалық модель кең тараған Кобб-Дугластың  өндірістік функцияларына негізделген. 1928 жылдың өзінде-ақ  американдық ғалымдар – экономист П.Дуглас және математик Ч. Кобб әр түрлі өндіріс факторларының  өндіріс көлемін немесе ұлттық табысты ұлғайтуға қандай үлес қосатындығын бағалай алатын макроэкономикалық модельді жасады. Бұл функция мынадай түрде болады:

Ү=AK  L, мұндағы Ү - өндіріс көлемі, К – капитал, L – еңбек, А, α және β - өндіріс функциясының  параметрлері немесе коэффициенттері: А – қатынастық  коэффициент; α және β – еңбек және капитал шығындары бойынша өндіріс көлемінің икемділігінің коэффициенті. Негізгі капиталдың динамикасы, жұмысшылардың істеген адам-сағатының статистикалық  негізінде 1899-1922жж. аралығында  АҚШ-тағы өңделетін өндірістік өнімнің көлемі арқылы Ч. Кобб пен П. Дуглас эмпиристік жолмен өндірістік функциялардың келесі параметрлерін анықтады: Ү= 1,01х К0,25х L5.

Кейінірек Коббс-Дугластың өндірістік функциясы  жаңа  фактор – техникалық прогрестің енгізілуімен өзгерген болатын. Бұл амалды ең алғашқы болып голландық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты  Ян Тинберген қолданды.Оның өзгертуінен кейін формула келесі түрге түрленді:

Y= AK  L1 e.

e уақыт факторы. Уақыт факторын енгізу тек қана жиынтық сандық емес, сапалық өзгерістерді де көрсетуге мүмкіндік берді.

Одан кейінгі өндіріс функцияларының анализі американдық экономисттер  Р. Солоу, Дж. Мид, Э. Денисон және тағы басқалардың атымен байланысты. 

 

2.3 «Нөлдік  экономикалық  өсудің»  концепциясы

ХХғ 70-жылдарының басында  шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат» концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық  институтының  зерттеу группасының профессоры Медоузаның басшылығымен «Рим клубының»  «Өсудің шектері» докладында Жердегі адам санының тез өсуімен, инвестициондық товар өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан табиғат ресурстарының арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты «жалғасып келе жатқан экспоненциалдық  өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы өсудің шегіне итермелейді... біздің планетаның физикалық шектері туралы біліміміздің негізінде өсу фазасы жақын  жүз жыл ішінде аяқталатынын білеміз.» (Meadows D. Et al., the limits to growth. N.Y., 1972, p. 183). Автордың ойынша, «өсу шектеріне» жету халық санының апатты қысқаруымен, қоршаған ортаның бұзылуымен аяқ басып жүреді. Бұл жағдайда, автордың ойынша, жалғыз шешім  «нөлдік өсуді» қолдау болып табылады.

«Нөлдік өсуді» жақтаушылар техникалық прогресс пен экономикалық өсу өмірдің бірқатар теріс құбылыстарына: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға, улағыш заттардың тасталуына, қалалардың келбетінің бұзылуына алып келетіндігін айтады.Өндіріс процесі табиғи ресурстарды тек қана түрлендіретіндіктен, уақыт өткеннен кейін олар қоршыған ортаға қалдық түрінде тасталады.Бұл өсудің түрін жақтаушылар экономикалық өсу  әрқашан да өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығын айтады.

 

2.4.  Салааралық  баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу

              Экономикалық  өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері бірінші бесжылдыққа әкелген жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ рәсімделген түрінде алғашқы болып американдық экономист В. Леонтьев «шығын шығару» деген атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі кестелерді және сызықтық алгебра құралын қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен американдық экономиканы зерттеу үшін қолданылған болатын.

              Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы мөлшерлік байланыстарға назар аударады (1-кесте). Сала араларындағы бұл байланыстар технологиялық  коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы беріледі.

              1-кестеде берілген схемада салааралық баланс төрт квадрант арқылы берілген. Бірінші квадрантта - өнім өндірісіне материалдық үнемдеу көрсеткіштері. Екінші квадрантта көрсеткіштер дербес қолдануға, жинауға, экспорттауға, сатып алуға арналған соңғы өнімді көрсетеді. Үшіншіде – қосылған құн және импорт  көрсеткіштері. Төртіншіде – таза ұлттық  өнімнің бөлуінің көрсеткіштері.

              Салааралық байланыс кестесі бағандар бойынша шығындарды, яғни әрбір саланың бағасын жасайтын өнім элементтерін және жолдар бойынша ұлттық экономиканың әрбір саласының өнімін бөлуді көрсетеді.

              Леонтъев кестесінде соңғы сұраныстың немесе бір саладағы өндіріс шарттарының өзгеруін барлық байланысты салалардың мөлшерлік реацияларын бақылау арқылы зерттейді. Бұл қажеттіліктер немесе өнім өндіру технологияларының кез келген өзгерісі тепе-теңдік жағдайындағы бағалар құрылымын өзгертіп, сол арқылы технолгиялық  коэффициенттердің өзгеруіне әкеледі.

              Осылайша, «шығын-шығару» әдісін қолдану арқылы тек қана экономиканың салалары арасындағы байланысты ғана емес, сонымен елдің экономикасының дамуын болжауға болады.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ   ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ   БОЛАШАҒЫ

3.1 ҚР-дағы  қазіргі  экономиканың  жағдайы

Қазақстандағы ЖІӨ көлемі 2002 жылда 9 ай ішінде шамамен 3 млрд. теңгеге жетті[2]. Қазақстанда 2002 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында ЖІӨ көлемі  2797,9 млрд. теңгені құраса, өсу 2001 жылдың сол уақыт аралығына қарағанда 9,4% өсті. Қазақстанның статистика агенттігі көрсетілген уақыт аралығында өнеркәсіптегі өндіірс қарқыны 9,5 %, ауыл шаруашылығында 6,6% және құрылыста 7,7%  өсті.

БҰҰ- ның  сарапшыларының айтуы бойынша өтпелі кезең Қазақстан тұрғындарының өмір сүру деңгейіне теріс әсер етті, сондықтан республикадағы кедейлік пен теңсіздік үлкен мәселе болып отыр. Өмір сүру минимумынан да аз табыс көретін халық үлесі 1996 жылғы 35%-тен 2002 жылы 27 %-ке төмендеді. Кедейлердің басым бөлігі – балалар(35%), еңбек қабілеттілігі бар төмен ақы алатын жұмысшылар (30%) және жұмыссыздар (30%), зейнеткерлер (6%).

              Анализдің нәтижелері бойынша, БҰҰ –ның мамандары Қазақстанның экономикалық өсуі табиғи ресурстарын пайдалануға тым тәуелді екенін айтады. Бұл әлемдік сұранысқа және бағаның маусымдық ауысуына аса үлкен тәуелділікті туғызады.

              2004 және биылғы жылы Қазақстандағы экономикалық өсу түсті металдар мен мұнайға аса үлкен әлемдәк сұраныспен байланысты болып отыр. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов бұл фактор кәсіпорындар мен мемлекет жоғары экспорттық табыстар  көріп, оларды өндіріс және инфрақұрылымның дамуына инвестициялау керектігін айтты.

              ҚР-ның  президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біздің тұрақты экономикалық өсуіміз беріп отырған мүмкіндіктерді біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін қолданамыз,»-деді.

              Нақты ақша табыстары 13,5%-ке 71 мыңға өсті. Бір жұмысшының орта айлық номиналды жалақысы 26,7 мыңға жетті.

              «Сыртқы сауда мен қаржы жүйесінің көлемі – экономика  өсуінің оң көрсеткіштері», - деді президент. Тек бірінші жартыжылдықта ғана сырқы саудалық айналым жарты есеге өсіп, 14,2 млрд. долларды құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялар 12%-ке өсті.

    

3.2.ҚР-дағы  экономикалық  өсудің  болашағы

              Алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары өте ұстамды болды. Осылайшы, қайта құру мен дамудың Еуропалық банкі (ЕБРР) өзінің сараптамасында  2004 жылы ТМД елдерінде экономикалық өсу 5,6% -ке баяулайтындығын, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2проценттік деңгейге төмендейтінін анықтаған. 2003 жылы Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Украинаның экономикалық өсуін итермелеген мұнайдың бағалары, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бұл елдерге енді өзінің өсу қарқынын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Обзорда ТМД елдерінің экономиканы әртараптандыруға аз көңіл бөлетіндігіне алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар ЕБРР Ресей және ТМД елдерінің Армения, Грузия және Беларусия сияқты бірқатар елдерінің экономикалық өсуін көрсетсе, Қазақстан экономикасын сол баяғы бағада қалдырған.

              ЕБРР-ге қарағанда Халықаралық  қаржы (валюттік) фондының (МВФ) біздің өңірге көзқарасы өзгешелеу: 2004 жылы ТМД елдерінің экономикалық өсуі 6% құраса, 2005 жылы 5,2% құрауы тиіс. Және де атап өтетін жайт, біздің еліміздің атауының қасында «асыл» 8 саны тұр. МВФ сарапшылары  2003 жылы ТМД елдерінің барлығы дерлік  сенімді экономикалық  өсуді көрсеткенін айтты. Мысалы, негізгі капиталға келетін инвестициялар 2003 жылы 1,25 триллион теңгені құрады, бұл 2002 жылға қарағанда, 10,6%-ке көп. Шетелдік инвестициялардың ағымы 24,5 млрд. долларды құрады.

              Болашақ болжамдарға келетін болсақ, МВФ осы жылы ТМД елдерінде экономикалық өсудің баяулауы болатынын айтып отыр. Оның себептері: тұтынушы сұраныс пен инвестициялық ағымның тұрақтануы, мұнайға бағалардың мүмкін  төмендеуі.

              Қазақстанда 2003 жылы шетелдік инвестициялардың 40% пайдалы қазбаларды табуға, тағы 40% жылжымайтын мүлікпен операцияларға, тек қана 3% өндіірсті өңдеуші  кәсіпорындарға жұмсалған болатын. Өзінің экономикалық өсуін тұрақтандырғысы келетін мемлекет классикалық экономикалық теорияға байланысты  прогрестің төрт «дөңгелегі»: адамдық ресурстар, табиғи ресурстар, капитал, технология және кәсіпкерлік  бар екендігін ескеруі  тиіс. Өкінішке орай, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды иелене отырып, Қазақстанның экономикасы бір ғана «дөңгелекте» жылжып келе жатыр. Кезінде бұл әдісті Канада және Норвегия қолданған болатын, бірақ экономисттер бүгінгі күнде табиғи ресурстардың бар болуы экономика табысының міндетті шарты емес.

              Бүгінгі таңда Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Біз жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық өндірісті, кәсіпкерліктің инвестициялық  белсенділігін көтереміз. Қазіргі кезде осы бағыттарды дамыту үшін, салық туралы заңдар қайта қарастырылып жатыр. Экономика министрлігі амортизациялық аударымдардың есептелуін қарапайымдауды, салықтық есеп беруді қысқартуды  көздеп отыр.

              Салық жөніндегі заңдар мемлекеттік 2005-бюджеті үшін 26 млрд. теңге шығын әкелмек. Бұл болашақ өркендеу үшін жасалған алғашқы, бірақ соңғы емес құрбандық. Ең бастысы, он жылдан кейін біз бұл құрбандықтар босқа болмағандығын түсінуіміз.

              БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан үшін негізгі басымдық – бағалау және кедейліктің мониторингтің тиімді жүйесін жасау.

              Сонымен қатар, республика халықтың еңбекпен қамтылуына және ауыл шаруашылық және агро-өнеркәсіптік секторларға назар бөлуі керек. БҰҰ Қазақстанға маман-кадрлар нарықтық талаптарға сай болуы үшін, білім секторында да реформа жүргізуді жөн көреді.     

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономикалық өсу ұлттық экономика масштабында өндірістегі товар және қызмет көлемінің өсу түрінде көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсуге анализ жасауда тек қана  нақты ЖІӨ-нің өзгеруі назарға алынатындығы маңызды болып келеді. Номиналды өзгерістердің көрсеткіштері экономикалық өсу болып қарастырыла алмайды. Экономикалық өсу ішкі және халықаралық  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді шеше алатын өндіріс өсуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық өсудің типтерін қарастырғанда, экстенсивті типте жұмыссыздық деңгейі қысқарады, өндіріс қарқынын жоғарлататтын еңбекпен  қамтылу өседі. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Сондықтан бұл тип тоқырау мінезді, бұнда техникалық прогресс жоқтың қасы, өндіріс фондтары өнегелік және физикалық жағынан да тозады. Біз жасайтын қорытынды: экстенсивті тип өзін тауысты, жаңа, әлі дамып келе жатқан экономикалық қатынастар шарттарында бұл тип тек қана тұйықтамаға әкеліп, экономикалық қайта жаңғыруға ешқандай мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, объективті түрде бұл типті ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына көшіру қажет. Айта кететін жайт, экстенсивті тип жаңа тип – интенсивті типтің пайда болуына негіз салды. Экономикалық қатынастардың дамуына негіз салып, экстенсивті тип бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылық дамуына үлес қосты. Осы таңда өнеркәсібі дамыған елдерде таза, жалғыз түрде бірінші  немесе  екінші типтің белгілерін анықтауға болмайды, олар бір-бірімен белгілі қатынаста үйлеседі. Бірақ, ХХғ. ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттарында батыстың өнеркәсіпті елдерінде, оның ішінде біздің елімізде де экономикалық өсудің интенсивті түрі басым.

Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, капитал және технология.

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұдайы өсуіне қолданылатын шаралар әрбір мемлекетке әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін қажет. Қоғамдық  қажеттерді (денсаулық  сақтау, білім беру, т.б.) мемлекеттік тұтқалар және ұйымдарсыз мүмкін емес. Мемлекеттік реттеу экономикалық өсуде дұрыс иілімді бюджеттік-салықтық, қаржы-кредиттік, бағалық және инвестициялық  саясатты жүргізілсе, маңызды роль атқара алады.

Кейнсиандық теория макроэкономикалық тепе-теңдік теориясын қайта өңдеу және даму  нәтижесінде пайда болды. Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық  өсуді анықтайтын ең басты фактор – инвестициялар.

«Нөлдік өсу» концепциясын жақтаушылар техникалық прогресс және экономикалық өсу қазіргі өмірдің бірқатар  теріс факторлары: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға және қалалардың келбетінің бұзылуына әкеліп соқтыратынын айтады. Және экономикалық өсу әрқашан халық үшін қолайлы жағдайлар туғызы алмайтындығын айтады.

Салааралық  баланстың «шығын-шығару» әдісі  әр түрлі салалар арасындағы байланысты анықтауға  ғана  емес,  сонымен  қатар  мемлекеттің  экономикалық дамуын болжай алады.

Үшінші бөлімде жасалған сараптама – еліміздің экономикасы тез қарқынмен дамып келе жатқандығының айғағы. Әлемнің алып елдері Қазақстанды дамып келе жатқан нарықты экономикалы ел деп таныды. Табиғи ресурстардың байлығы, инфрақұрылыстың динамикалық дамуы, әлеуметтік және саяси жағдайдың тұрақтылығы, әлемдік сақынадағы бағдардың тұрақтануы экономикалық өсудің жоғары қарқынмен дамуына және жақын болашақта республикадағы экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуге  ықпал жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

1.      Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, 2002.

2.      Ломакин В.К. / Мировая экономика. Учебник. М.: ЮНИТИ. 2000. 727с.

3.      Макконнел Кэмпбелл Р., Стенли Л. Брю./ Экономикс.М.: 2000

4.      В фазе устойчивого экономического роста // Казахстанская правда, 2002. 8 октября.

5.      Курс экономической теории: Учебник./ Под ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров: АСА, 2003.

6.      Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. – М.: Изд-во ЭРА, 2000.

7.      Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.

8.      Терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000.

9.                        Қазақша-орысша  сөздік. Алматы: Аруна, 2002.

11

 


[1] Р. Харрод . К теории экономической динамики. М., 1959. С. 37.

[2] Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметтерінен

Информация о работе Экономикалық өсу