Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:34, доклад
Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті, халық шаруашылығының жеке бөлімдерін ұдайы өндірудің экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейді.
Экономикалық теория негіздері [7 бет]
Экономикалық теория - бұл қоғамның шаруашылық негізі мен өндірістің даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті, халық шаруашылығының жеке бөлімдерін ұдайы өндірудің экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейді.
Экрономикалық георияның негізгі қызметтері:
- танымдық қызметі- экономикалық теорияның қоғамның экономикасын оқып үйретеді, түсіндіреді;
- тәжірибелік қызметі- шаруашылықты ұтымды жүргізудің нақты тәсілдері мен негіздерін жасайды, мемлекеттің тиімді саясатын ғылыми тұрғыдан негіздейді;
- теориялық-әдістемелік қызметі-экономикалық ғылымдардың жүйесінің теориялық және әдістемелік негізі болып табылады;
Экономикалық зерттеудің тәсілдері:
- ғылыми абстракция — әртүрлі дерексіз пайымдаулар (мысалы: баға, ақша тс.с);
- талдау және синтез - экономикалық құбылыстарды бөліп зерттеу;
- тарихи және логикалық - бұл тәсіл экономикалық процестерді тарихи жүйелікпен, бірақ артық бөліктерге көңіл бөлмей жалпы зерттейді.
Экономикалық теория, ғылым ретінде қоғам мен ұлттың алдында тұрған маңызды пробелмаларға жауап беруі керек. Мәселен, халық санының өсу проблемалары, олардың өсу қарқыны және оның қандай факторларға байланысты екенін.
"Экономия" деген ұғымды тұңғыш рет қолдаған ежелгі заман оқымыстылары Ксенофонт пен Аристотель еді. Бұл ұғымның аудармасы "үй шаруашылығын жүргізу".
"Экономия" ұғымы ұзаққа созылған тарихи кезеңдерде "үйшілік" байлықты қалай ұлғайтуға болады деген ізденістерді шоғырландырды.
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі
жағдайды айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзін де «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал «социализмнің саяси экономиясы» туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген «социализм» сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған , зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі.