Экономикалық теория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 11:04, лекция

Описание

ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ»,
«САЯСИ ЭКОНОМИЯ» ЖӘНЕ «ЭКОНОМИКСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ»
Дәрістің жоспары:
• экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы;
• нетізгі экономикалық түсініктер;
• балама шығындар, көлбеу өндірістік мүмкіншіліктер;
• экономикалық теорияның әдісі.
Тақырыптың мақсаты:
Тақырып материалымен танысқаннан кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре аласыз:

Работа состоит из  1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

Тұтынушыларды қорғаудың  төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда  қол қойған болатын. Олар:

  • тауарлардың қауіпсіздігіне құқық;
  • ақпараттарға құқық;
  • өз мүддеңді білдіру құқығы;

Халықаралық тұтынушылар  одақтарының ұйымы (ХТОҰ) бұған тағы төртеуін қосты:

  • негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы;
  • зиянның орнын толтыру құқығы;
  • тұтынушылық білімге құқық;
  • қоршаған ортаның саулығына құқық.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілік  пен соттың қолда бар құралдарының көмегімен тиісті нормативті көлемділікке құрылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар  ретінде Бас Ассамблеясында  мақұлданған.

Бас Ассамблеяның күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін  БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылық принциптерді есепке ала отырып, тұтынушылар құқығын  қорғау жөнінен белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының қаулыларына қарай нақтылықпен бұл салада өздерінің бірінші кезекте тұрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

Тұтынушылардың заңды  мүдделері болып мойындалатындар:

  • қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;
  • олардың экономикалық мүдделерін сақтау;
  • жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дұрыс таңдауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;
  • тұтынушыларды сауаттандыру;
  • арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;
  • тұтынушылардың құқықтары сөз болып, шешім қабылдау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар тұтынушылар топтары мен ұйымдарын құруға еркіндік.

Қазақстан Республикасында  тұтынушылар құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Айрықша  бөлімімен, «Тұтынушыларды қорғау туралы» Заңымен   және т.б. реттелінеді.

1998 жылдың ішінде Қазақстан  Республикасында тұтынушылардың  құқықтарын қорғау қоғамдары  тұтынушылар құқықтарының жағдайларына 5000 тексеру жүргізген, оның 2816-да әртүрлі заң бұзушылық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені құрап, тұтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

Біріншісі өте қарапайым саналады. Кейбір фирмалар өздерінің адалдықтары мен туралықтары  жөнінен жасы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар рынокта ұзақ уақыт тұрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын  жүзеге асыра салып, түнге қарай тайып отыру. Соңғы уақытта мұндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі ұшырасатын болды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалаудың тәжірибесі ретінде республиканың халыққа  сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық  қызмет, көлік, байланыс, комунальды-тұрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

Азаматтардың 1944 ой-тілектері  қаралды, олардың бәрі негізді болып  шығып, тұтынушылар мүддесінің пайдасына  шешілді.

Тұтынушылар құқығының бұзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталынып, материалдық зиянның мөлшері 175 млн.теңгені құрады.

Тұтынушыларға қайтарылған  материалдық зиянның сомасы 162 млн. теңгені құрап, мемлекеттік бюджет есебіне 152 млн. теңгені түсірілді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің аттарына 939 ұсыныс, нұсқама, ескертпелер жасалды.

Тұтынушылар құқығын  қорғау қоғамдары сот органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа тартылып, 145 млн.еңге материалдық залал өтелді.

Рынок, мүмкін өнімнің  пайдалану сапасы жөнінде өзіне  пайдалы ақпараттарды  жеткілікті білмейді. Тұтынушылар   сатушылардың арыздарын салыстыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстанда ең маңыздылықтардың бірі. Тұтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

Мұндай тұтынушылар өздері таңдап тұрған тоңазытқыштың басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей ақпараттар оқығысы келетіндігі табиғи нәрсе. Айта өтер болсақ, өндірушілер тұтынылған электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның тұтынылу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мұздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталынып болғаннан кейін де энергияны тұтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің единицасымен білдіруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланылуының орта бағасын және тағы басқаларды тілдеріне тиек етеді.

Электр энергиясын тұтынуды тестілеудің жалпы жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны жұмсау туралы мәлімдеме жасауға құлшынғанның өзінде де тұтынушылар, ойлап алыстырып  көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, мысалы АҚШ  тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда  приборлар тұтынған энергияны Мемлекеттік  таңбалау туралы заң әзірлеп және қабылдап, оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл заң барлық негізгі  приборлар тұтынған электр қуаты туралы хабарлама мен сынақтан өткізу жағдайларының жалпы әдістерін түсіндіреді. Тұтынушылар осы заңдарға байланысты өз құқықтарын қорғай отырып, өз кезеңінде өндірістің дамуына әсер етеді.

Экономика қарқыны Қазақстанда 2000-2002 жылдары 10 пайыздан асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніміз біз Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрмеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ.

Бұдан кейін 5 жылда  экономикалық өсу байқалды. 1999 жылы ІЖӨ-нің өсуі 2% шамасында болса, 2000 жылы – 9,6%, 2001 жылы 13%-ға жетті. 2002 жылы ІЖӨ-нің артуы 9,5 пайызды құрады.

2003 жылғы бірінші  жарты жылдықтың қорытындысы  бойынша 2002 жылдан сәйкес мерзімімен салыстырғанда Қазақстан ІЖӨ 10,4%-ға, өнеркәсіп өндірісі (тұрақты бағамен есептегенде) – 9,6%-ға өсті. Көлік кәсіпорындарының жүк тасымалы (труба құбырын есептемегенде) - 17%-ға, бөлшек сауда айналысы (тамақ кәсіпорындарының айналымын қоспағанда) – 9,9%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өндірісінің  жалпы көлемі индексінің өсу қарқыны 2002 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8%-ды құрады. Экономикалық қызметтің  ірілендірілген түрлері бойынша  өнімнің артуы тау-кен өнеркәсібінде  – 7,7%-ға, өндеу өнеркәсібінде – 8,5%-ға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлуде 7,2%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемі осы жылдың қаңтар-қазанында 3,1%-ға ұлғайды. Бұл мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 2002 жылғы тиісті кезендегі деңгейден 10,8% артық болды. 2003 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызметің көлемін өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 25,8%-ға өскен. Биылғы тоғыз айдағы сыртқы сауда айналымы 15,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қалыптасты. Мұның өзі былтырғы осы мерзімге қарағанда 31% өскен, бұл ретте экспорт 38%-ға, импорт 20%-ға ұлғайған.

  • Республиканың тұтыну рыногында тауарлар мен қызметтердің бағасы 2003 жылғы қазанда 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2%-ға өскен. Доллардың теңгеге қатысты айырбас бағамы 2003 жылғы қазанда қыркүйек айындағымен салыстырғанда 0,01%-ға ұлғайған. Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7% деңгейінде белгіленген.
  • Елде қолайлы инвестициялық ахуал жасалды. Елдің шаруашылық кешеніне қаржы ресурстарын тарту үшін осы заманғы институттық және нормативтік-құқықтық база жұмыс істеуде.

Шетелдік инвесторлар  үшін табыс салығынан, жер салығынан  және мүлік салығынан босатуды көздейтін  жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі, кеден жеңілдіктері белгіленеді.

Инвестиция  саласындағы проблемаларды анықтап, шешу мақсатында мамандандырылған өкілетті орган және Президент жанындағы  Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды.

Қазақстанның  инвестициялық ахуалы тартымды екендігін  мынадай жәйтпен де қуаттауға болады: шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2003 жылы 5300 болды. Салыстыру үшін мұндай кәсіпорындар Ресейде – 1042, Қырғызстанда – 99, Украинада 74 екенін айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Экономикасына тұтастай алғанда 21 млрд. долларға жуық инвестиция тартылған. Он жылда игерілген тікелей шетелдік инвестицияларды жан басына шағу көрсеткіші бойынша республика ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда асып түсті.

  • Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласындағы бірқатар түбегейлі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағына ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.
  • Елімізде мамандандырылған Ұлттық қор құрылды. Ол мұнай секторында алынған табыстардың бір бөлігін болашақ ұрпақтар үшін жинақтауы тиіс. Сонымен қатар қор форс-мажор жағдайларында Мемлекеттік бюджеттің стратеиялық резерві функциясын қамтамасыз етеді.

Экономиканың  жоғары технологиялық секторларын  дамыту мақсатында 2015 жылға дейінгі  республика дамуынан Индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған.

Ел дамуының басым стратегиялық бағыттарын орта және ұзақ мерзімге кредиттеуге жұмыс  істейтін Даму банкі құрылған.

Елорданы Астана қаласына көшіру республика экономикасының дамуына айтарлықтай серпін береді. Жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Тұтастай алғанда  Қазақстан экономикасындағы инвестициялық -өндірістік процестердің белсенділігі арта түсуде. 2000 жылдың аяғына қарай  ІЖӨ көлемінің, өнеркәсіп өндірісінің, инвестициялық қызметтің және бірқатар басқа көрсеткіштердің өсуінде айтарлықтай прогресс байқалады. Өсу іс жүзінде экономиканың барлық салаларында жүріп жатыр, мұның өзі ел дамуының кешендік және жүйелік сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстан  ТМД-дағы реформалардың танымал көшбесшыларының бірі болып табылады.

  • Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Қазақстан бірінші болып: 2000 жылдың аяғында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылдың наурызында Америка Құрама Штаттары тарапынан нарық экономикасы қалыптасқан ел ретінде танылды.
  • Қазіргі кезде Қазақстан экономикалық өсудің жоғары қарқының танытып отыр. Өтпелі Экономикасы бар көптеген басқа елдер секілді біздің елімізде де экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тағы ұлы дағдарыс атанған 30-шы жылдары болған өндіріс құлдырауына әлдеқайда асып түсетін құлдырау орын алғанын ескерер болсақ, бұл үлкен табыс. АҚШ-та 1929 жылға қарағанда, 1933 жылы өндірістін құлдырауы 27% болған еді. Қазақстанда экономикалық құлдырау 1991-1995 жылдары 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,6% болып, яғни бес жыл ішінде жыл сайын шамамен 8% төмендеп отырған.

Экономикалық  өсу қарқыны бойынша Қазақстан  ТМД-да көшбасшы орында нық тұр. Бұл  тұрғыда ресейлік экономистің бағасын  келтірген жөн болар. Леонид Григорьев (РҒА ИМЭМО) «Қазақстан – көшірмесіз реформалар» атты мақаласында (4.7.2003, Регнум. Ру, мақаланың кең нұсқасы «Ресей бизнес-газетінде» 2003 жылғы 10 маусымда жарияланған) былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу ҚР банк жүйесі жоғары дамуына қанжақты жағдай жасады».

Екінші деңгейдегі банкілердің экономика салаларына салған кредиттері 2003 жылғы 1 қазанда 879,4 слрд. теңге болды. Мұның үлестік шоғырлануы өнеркәсіпте - 29%, саудада – 28,3%, ауыл шаруашылығында – 11,5%, құрылыста – 8,1% болып отыр. Мемлекеттік бюджеттің кірісіне (Ұлттық қорға түсімдерді есептемегенде) 2003 жылғы он айда жоспардағы 803,1 млрд. теңгенің орнына 826,5 млрд. теңге түсті.

  • Қазақстанда ТМД елдерінің ішінде ең үздік қаржы жүйесі жасалған. 2003 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік, шетелдік қатысудағы (ҚР резиденті емес банктердің еншілес банктерін қоса алғанда) 16 банк жұмыс істеп тұрды. Республика банк жүйесінің жинақталған меншік капиталы шілде айында 3,7 пайызға, 1,3 миллирад долларға дейін, ал жинақталған активтер 1382,9 млрд. теңгеге немесе 9,4 млрд. долларға дейін өсті. Сөйтіп, соңғы төрт жылда бес есеге ұлғайды.

Қазақстан экономикасына бөлінген банк кредиттерінің көлемі 2003 жылғы 18,6%-ға ұдғайып, 797,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте ұзақ мерзімді кредиттер 4,8%-ға өсіп, 495,4 млрд. теңге болса, қысқа мерзімді кредиттер 2,3%-ға төмендеп, 301,8 млрд, теңгені құраған.

Халықтың банкілердегі салымдарының өсуі 2 млрд. долларға жеткен. Соның  ішінде, теңге депозиттерінің үлес салмағы 33,8%-ға жетіп отыр.

  • Қазақстанның алтын-валюта қоры 7,421 млрд. долларға дейін өсті, оның ішіндегі Ұлттық қордың қаржысы 2675,6 миллион долларды құрады. Бүгінде ол елдің халықаралық қарыздарынан көлемі бойынша асып түсті, яғни Қазақстан нетто-кредитор елге айналды.

Республикада ТМД елдерінің  арасында бірінші болып зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдендіру жүйесі, бірқатар сыртқы міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу, ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан бағамдық залал

  • Тұтастай алғанда тәуелсіздік жылдары экономиканың нақты секторында рыноктық-бәсекелестік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделді. Өнеркәсіп өндірісінің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты. Дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлік-коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резервтері баршылық.

Информация о работе Экономикалық теория