Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері Қазіргі экономикалық теорияның негізгі бағыттарына талдау жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 19:03, реферат

Описание

Жалпы айтқанда, экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Ал, экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктерді Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдар өз еңбектерінде жазылған. «Экономия» терминін алғаш ұсынған-Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос-үй, шаруашылық; номос-заң) деген ұғымды білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

Әл.docx

— 26.00 Кб (Скачать документ)
 

                               Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

                                               механика-математика факультеті 
 

      Эссе

Тақырыбы: Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері Қазіргі экономикалық теорияның негізгі бағыттарына талдау жасау. 
 
 
 
 
 
 

                                                       Тексерген:

                                                                                        Орындаған 
 
 
 

                                              2012жылы

          Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

Теориялар                                                                      Мәні

Меркантилизм

Т.Мен, А.Монкретьен

  Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады. Зерттеу мақсаты-айналыс аясы.

 

Физиократизм

Ф.Кенэ, А.Тюрго

  Өндіріс аясын  зерттеу. Бірақ өндіріс аясы түсінігіне ауыл шаруашылығы жатқызылған.
 
Классикалық саяси экономия

У.Петти, А.Смит,

    Д.Рикардо

 
Өндіріс аясының зерттелуі. Еңбек-барлық тауар құндылықтарының негізі мен өлшемі.Экономиканы реттейтін заңдардың барлығы обьективты болып келеді.Қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтау.
     Марксизм

К.Маркс, Ф.Энгельс

 
Қосымша құн теориясы. Қоғамның барлық экономикалық құбылыстары талдауының классикалық  тәсілдемесі.
Экономикалық  категорияларды зерттеу үшін шекті  шаманы пайдалану.Микроэкономикалық  әдіс.
  Маржинализм

К.Менгер, У.Джевонс

 
 
Қоғамлық  нысанға тәуелсіз экономиканы зерттеу  тәуелсіз экономиканы зерттеу-экономикалық адамның мінез құлқы мен субьективті  себептері.
 
Жаңа  классикалық теория

А.Маршалл, А.Пигу

 
Реттелмелі  экономика теориясы-мемлекеттің араласуы. Макроэкономикалық тәсілдеме.
 
   Кейнсиандық

Дж.М. Кейнс

 
    Институционализм

    Т.Веблен, У.Митчел, Д.Гэлбрейт

 
     
Экономикалық  дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болатын экономикалық институттардың жүйесі болып табылады.

     Жалпы айтқанда, экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Ал, экономика  туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.  Экономика туралы алғашқы түсініктерді Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдар өз еңбектерінде жазылған. «Экономия» терминін алғаш ұсынған-Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос-үй, шаруашылық; номос-заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда  таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болады.Тағы бір айтатын жай, экономикалық теория туралы анықтамалар коп деуге болады, оны тек қана бір нақты анықтамамен жеткізу жеткіліксіз.   Экономикалық теория- адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.

        Қазақстандағы нарықтық қатынастардың  барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың  негізгі буыны – кәсіпорындарға  жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі  анық. Қаржылық тұрақтылық пен  ырықтандырудың жоғары дәрежесі  жағдайларында экономикалық өсуге  кәсіпорындар деңгейінде нарықтық  өзгерістердің баяу үрдісі кедергі  болады. Кәсіпорындардың нарықтық  құрылымдардың негізі ретінде,  тиімді қызмет етуіне даму  стратегиясының болмауы мен қысқа  мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті  деңгейде білмегендігі, менеджменттің  төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы  кедергі жасайды.

    Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың  құрылымдарын қайта қараудың теориялық  негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.

    Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын  және кәсіпорынды экономикалық дамудың  негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі  даму кезеңінде  кәсіпорындардың  тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны  қолдану өте маңызды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамудың  болашағы мен негiзгi бағыттары

    Жергілікті  жердің (біртұтас облыс немесе оның ішіндегі аудандар мен қалаларды алатын болсақ) экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының өзін бюджеттерге жергілікті жерден түсетін көздеріндегі үлес салмағы мен оның шығыстарды қамтамасыз ету мүмкіншілігімен салыстыра қарауға болады. Бірақ жергілікті жердегі экономиканың сала құрылым түрлері бойынша оның әр түрлі механизмдік құрылымдары бар. Осы механизмдік құрылымдарда басқару жиынтығы негізіне байланысты жалпы даму деңгейіне баға беруге болады. Тұрақты экономикалық дамуды бір облысының деңгейiнде қамтамасыз ету үшiн ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етудiң келесi механизмдерi қажет:

  • бiр жағынан өнiм мен инвестицияларды сыртқа шығарумен, яғни экспорттау мен iшкi нарықтың дамуымен келiсiмде болатын стратегиялық мақсаттарға негiзделуi қажет, екiншi жағынан оны iс жүзiне жүзеге асыратын экономикалық, ұйымдық-құқықтық заңдар мен механизмдерiн қамтамасыз ететін ғылыми негiзделген экономикалық саясатты жоспарлау;
  • экономиканың барлық саласы мен сферасын қамтитын бәсекелес нарықтардың тиiмдi қызмет етуiн қадағалайтын және қамтамасыз ететiн нормативтi-құқығы бар базаны жетiлдiру;
  • инновациялық орталықтарды құру мен дамытудың ұйымдық-құқықтық заңдылықтарымен нақты қамтамасыз етiлетiн, ғылыми-технологиялық ойластырылған заттарды коммерциялық өнiм деңгейiне жеткiзiп, ғылым мен өндiрiс байланысын дұрыс бағытқа қоюға болатын, жаңалық енгiзу үшiн iшкi және сыртқы инвестициялардың келуi үшiн қолайлы жағдай жасауға болатын бәсекелеске түсуге дайын экономиканың негiзгi дерек көзi ретiнде инновациялық ортаны құру;
  • әлеуметтiк-экономикалық жүйе мүдделерiн қамтамасыз ететiн билiктiң атқарушы және заң тараптарының арасында тепе-тең қатынас орнатудың жаңа балансы.

    Сыртқы  саяси стратегиялық өзгеруi мен iшкi экономикалық саясат - оның бағыттары, құндылықтары, iске асыру механизмдерi өзгередi. Жалпы мемлекет бағыт алған  экономикалық қалыпты даму серпiнiн  өзгертедi.

    Дәстүрлi экономикалық саясатқа ғаламданудың әсер етуiнiң күшеюi реттелген ұлттық экономикалық шекарасында тиiмдi емес жағдайға жетедi. Өйткенi оның басты құралдары ақша-несие  саясаты, технологиялық инновация  әлемдiк тенденцияларға тәуелдi болып  қалады. Ғаламдану жағдайында ұлттық экономиканың өзiн-өзi қамтамасыз етудiң  басты қағидасы өз аймағында өндiрiс  факторларының сапасы мен ұлттық компаниялар және фирмалардың бәсекеге түсуге қабiлетiн көтеруге негiзделген  халықаралық аренадағы бәсекеге қабiлетiн көтеру болып табылады.

      Қазақстан бiр жағынан әлемдiк нарықтың өзара  әсерiн дезинтеграциялау, екiншi жағынан  ғаламдық экономикада қызмет ету  мүмкiндiгi қамтамасыз ететiн ел экономикасының конструктивтi даму бағыттарын қатайту  қажет таңдаулар алдында тұр. Бiрiншi жағдайда мәселе экономикалық реформациялауды  күшейту жолымен шешiледi, екiншi жағдайда интеграциялау тенденцияны әлемдiк  нарықпен де, ТМД жағымен де жүргiзудi күшейту.

    Бiздiң  көзқарас бойынша Қазақстанның ғаламдық экономикаға интеграциялаудың үш варианты бар:

    Бiрiншiсi, әлемдiк экономикалық нарығымыз iрi ұлттық компаниялардың минералды шикiзаттық ресурстарың өндiруде интеграциясы. Елдiң экономикасын дамыту барысында жаһандану процесiне қосу тек шикiзаттық сектор есебiнде iске асады.

    Екiншiсi, ерекше назар аударылмай жүрген аймақтық интеграцияны күшейту.

    Үшiншiсi, ел экономикасын дамытуға байланысты. Экономикалық өсудiң қалыптасқан  қарқыны оның техникалық-технологиялық  негiзгi түпкiлiктi қайта құрумен байланысты жаңа технологиялардың жеткiлiктi болуы  әлемдiк экономикада әлеуметтiк  экономикалық қайта құру процесiнiң  негiзi болды. Технологияның дамуы  көп жағдайда қоғамның өнiмдiлiгi, өмiр  сүру деңгейi және экономикалық ұйымдардың әлеуметтiк формаларымен анықталады.

    Қорытынды: Жүргiзiлген талдау төмендегiдей қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкiндiк бердi.

    1. Тұрақты дамуға айтылған әрбiр  концепциялардың өзiндiк ерекшелiктерiнiң  болуы негiзгi даму теориясының  қалыптасуына бағытталып отыр, соған назар аудару керек. Тұрақты дамудың мәнi - халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәселелердi шешу(бұл бұрыннан бері келе жатқан мәселе). Ол үшiн экономикалық тұрақтылықты дамыту қажет. Экономиканы тұрақтандырудың өзiн экономикалық категориялардың бiрi деп тануға болады. Оның қызметiнiң өзгешелiгi басқа барлық категориялар қызметiне тiкелей байланысты болып табылады.

    2. Экономикалық тұрақтылық деңгейiнiң  қалыптасуы өндiргiш күштердiң  дамуы мен қоршаған ортаның  тепе-теңдiгiн сақтауға кеткен шығындар арқылы өлшемi анықталады. Нарықтық экономикада тепе-теңдiктi шаруашылық кешенiн құру адамның iс-әрекеттерi мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдiктi қалпына келтiруi тиiс.Тұрақты даму белгiлi бiр уақыт аралығында орын алады. Сондықтан, тұрақты даму концепциясы ұзақ мерзiм аралығындағы экономикалық дамуды зерттеуге көзделуi қажет.

    3. Тұрақты экономикалық дамудың  ғылыми негiзiн тек өткен реформалау  жылдарын кең көлемде талдау  және зерттеу нәтижесiнде жасай  аламыз. Сондықтан институционалдық, потенциалдық, инвестициялық, индустриалдық  және даму кезеңдерiн жете түсiнiп,  оны бағалау арқылы тұрақты  даму үрдiсiнiң теориялық-әдiстемелiк  негiзiн құруға пайдалану қажет. Қазіргі кезеңде экономиканы тоқырауынан шығарып,  экономикалық өсуді мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті жерлерде әкiмшiлiк мiндеттердiң атқарылуын жетiлдiру мен әрбір аумақтар мен аймақтардың өзін-өзі басқаруды жетілдіру негізгі мәселе болып табылады. Біз экономикалық тұрақты даму жолына түспейінше әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа көше алмаймыз. Экономиканың одан әрі қарқындап дамуы тек әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдiк тұрақтылығын сақтауда ғана мүмкін болады.  
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Авторы В.Крымова, Экономикалық теория:кестелі оқу  құралы,

www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/ekonomika/.../Koptaeva.rtf сайтынан кейбір ақпараттар

kk.wikipedia.org/wiki/Макроэкономика

Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері Қазіргі экономикалық теорияның негізгі бағыттарына талдау жасау