Экономикалык теория жане онын адистери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 12:36, реферат

Описание

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады; экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық теориянвң пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мү

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 26.12 Кб (Скачать документ)

 Зерттеудің басты обьектісі ретінде айналымды емес, өндіріс сферасын жасады;

 Еңбектің барлық тауар құнының өлшемі мен негізгі ретіндегі мәнін ашты;

 Экономика нарықпен реттелуі керек екенін оның өзінің әділ заңдары бар екенін яғни хандармен де үкметтермен де ауыстыра алмайтынын дәлелденді;

 Қоғамның барлық қабатының табыстарының қайнар көздері: кәсіпкерлерді, жер иеленушілерді, банкирлерді, саудагерлерді айқындады:

 Экономикалық ғылымның одан әрі дамуы күрделі жолдардан өтті. XIX ғ. 2-ші жартысының басында саяси экономика терең дағдарысты басынан өткізді, ол екі тармақтан бөлінді: марксизм мен маржинализм.

 Марксизімнің негізін салушы К.Маркс (1818 – 1883 жж.). К.Маркстің ең басты еңбегі «Капиталды»Ф.Энгельс «жұмысшы табының библиясы»деп атады. Маркс өзінің зерттеулерінің пәні-өндірістің капиталистік әдісі мен оған сәйкес келетін өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпті мақсаты-капитализмнің экономикалық заңдарын ашу деп есептеді.

 Маркстік теория бойынша қоғам дамуының негізі - материалды өндіріс. Өндірістің дамуымен жаңа қоғамдық қатынастар құрылады. Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның материалдық базисі сана формаларын, заңды және саяси қондырманы анықтайды. Қоғамда әрекет етуші заңдар өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, сондай-ақ идеологиялық және саяси қондырма мен базис арасындағы кәйкестілік принципін көрсетеді .Өндірістің даму деңгейі мен қоғамды ұйымдастыру формасы арасындағы сәйкестілік принципі неліктен қоғамдық қатынастарда өзгерістер болатындығын түсіндіреді. К.Маркстың негізгі экономикалық еңбегі 4томнан тұрамы. Экономикалық қатынастар жүйесін талдау байлық емес, тауардан басталады. Маркстың пікірі бойынша осы тауарда зерттелінетін жүйенің барлық қайшылықтар көрінеді. ''Капитал өндіріс процесі” деп аталатын бірінші томда Маркс басты категориялар: баға негізінде жатқан құнды, пайда негізі - қосымша құнды, жұмыс күшінің құны мен оның бағасы -жалақыны қарастырады. Капиталдың қорлану процесі мен оның жұмысшылар тобының жағдайына ықпалын сипаттайды. “Капиталдың айналыс процесі” деп аталатын екінші том капиталдың қозғалысын, оның айналымы мен шеңбер айналымын талдауға арналған. Маркс ұсынған ұдай өндіріс схемасында өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндіріс арасындағы айырбас шарты мен пропорциясы қарастырылады.

 Капиталистік өндіріс процесі деп аталатын үшінші томда пайда, процент, жер рентасының иелері арасында қосымша құнды бөлу процесі қарастырылады. Тауар құнының өндіріс бағасына ауысу механизмі көрсетілген. Төртінші том Қосымша құн теориясы қосымша құн мәні мен оның бөліну формалары тұрғысынан экономикалық теорияға сына қамту жасалған. Маркс теориясына сәйкес табыстың көзі – еңбек. Табыстың қалған түрлері жұмысшының төленбеген еңбегінің нәтижесі. Еңбек құн теориясының маркстік тұжырымы жалдамалы еңбегі пайдалануды түсінудің теориялық негізін құрайды. Маркстің пікірінше эксплуатция негізінде копиталистердің жалдамалы жұмысшыларды еңбек нәтижелерінен аластатуы жатыр, бұл өз кезегінде өндіріс құралдарынан аластатуды көздейді.

 Маркстің экономикалық ілімі экономикалық ғылымдағы тартымды да терең бағыт. Оның әлеуметтілігін әлсіз, біржақтылық ретінде танығанмен әлеуметтік мәселелердің қойылуы мен өнделуі, экономикалық процестер мен құбылыстардың әлеуметтік аспектілерін қарастыру маркстік методологияның күшті жағын құрайды.

 А.Смит сияқты К.Маркс нарық капитал жинақтаудың күшті тәсілі деп есептеді, бірақ Смитке қарағанда ол нарық мехонизм орындап шыға алмайтындай оның қайшылықтары соншалықты шынайы болғандықтар, бұл процесс тап күресінің шиеленісуімен және капитализмнің өршуімен аяқталады деп ойлаған. Бұл сұрақтар қарапайым болмағандықтан, бұл көзқарас өзі де тартыстар тудыруда.

 Маркстің сыны капитализмнің құламағанын, жұмысшы табының кедейленбегенін, Маркстің болжамдарының расталмағанын дәлелдейді.

 Маркстің экономикалық ғылымы ХХ ғ. басында пролетариаттың жағдайы Батыс елдеріндегіден біршама ауыр болған ел Ресейде кеңінен тарады. Оны Г.В.Плеханов, В.И.Ленин (1870 – 1924жж.), М.А.Бакунин, «Капиталды» орыс тіліне аударудың алғашқы инициаторы А.Лопатин және т.б қолдады.

1917 жылдың қазан айынан бастап 70 жыл бойы Маркстік экономикалық ғылым СССР-дегі жалғыз, сол себептен билеуші ғылым болды.

 ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық ғылымның жалпы жағдайының ауысуы үшін алғы шарттар қалыптасады. Дамыған елдерде капитализм берік нығаяды. Саяси экономиканың жалпы принциптерін жасау экономикалық тәжірбиенің әр түрлі мәселелерін зерттеуімен ауыстырылады. Авторлар енді шектеулі ресурстарды оптикальды пайдалануға көңіл бөледі. Бұл үшін олар шекті шамалар теориысын, дифференциалыды және интегралдық есептерді кең қолданады. Экономикалық әдебиеттер әр түрлі нарықтық жағдайларды сипаттайтын математикалық формулалар мен графиктермен толығады. Сөйтіп экономикалық ғылымда жаңа бағыт маржинализм пайда болады.

 Маржинализмнің (француз тілінде marginal – шекті, шектеулі) марксизмнен айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде копитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Ол ХХ ғ. 70 – жылдары пайда болды. Оның өкілдері: Австрияда К.Менгер, Англияда У. Джевонс, Швердцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер саяси экономиканың міндетін радциоиналды шаруашылық пен шекпеулі ресурстарды бөлудің ең тиімді тәсілдерін іздеуден көрді.

 Өздерінің зерттеулерінің әлеуметтік бейтараптығына көңіл аудару үшін олар «экономикстің» пайдасына «саяси экономия» терминінен де бас тартты. Мұны ең алғаш У.Джифонс, оған кейін «экономиканың принцптері» кітабын шығарған А.Маршалл (1842 – 1924 жж.) жасады.

 Марксизмге қарағанда маржинализм оған жаңа саналы ойлар мен тәсілдерді қабылдауға мәжбүрлеген идеялар бәсекесінің қыспағында болды. Осылай оның жақтаушылары өздерінің зерттеулерінде бірінші болып мадельдерді қолдана бастады, ал ХІХ ғ да 90 жылдары А.Маршалл саяси экономияның класигі Рикардоның теориясының элементтерін маржинализм концепциясына енгізді. Нәтижесінде ол нокласикалық жүйе деп атала бастады. Оның өкілдері Д.Кларк (американдық мектеп), А.Маршалл және А.Пигу (Кемпридж мектебі) және т.б.

Информация о работе Экономикалык теория жане онын адистери