Өндiрi дамыған елдердiң тәжiрибесi,
сонымен қатар аграрлы секторы
жақса дамыған елдердiң экономикасында
бағаға мемлекеттiк және жанама
әсер етуiнiң үлкен маңызы бар екенiн көрсетедi.
Егер бүкiл дүние жүзiнде ешқашан және
еш жерде мемлекеттiң араласуынсыз “таза
нарықтық” болуы мүмкiн емес деген ғылыми
дәлелденген тұжырымдаманы растайтын
болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам
дамуындағы баға белгiлеудiң толық және
жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды
да дұрыс деп есептелiнедi. [38,78 – б.].
Бiрақта бұл
тәжiрибе жеке мемлекеттердiң
экономикадағы бағаны реттеу
үшiн қолданып отырған механизмдер
құрамының әр түрлi екенiн көрсетедi
және олардың құрамы көбiнесе меншiк
сала формасының нақты ара қатынасына;
қысқа және ұзақ мерзiмдiк шаруашылық және
әлеуметтiк мақсаттарға; халықаралық экономикалық
қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейiне
байланысты екенiн көрсетедi. Мысал ретiнде,
осыдан 60 жыл бұрын американдықтардың
ауыл шаруашылық өнiмiне енгiзiлген баға
белгiлеу жүйесiн алуға болады. Ол өзiнiң
“демократиялылығымен” және икемдiлiгiмен
ерекшелiнедi. Бұл жүйенiң мәнiсi – фермердiң
ертеңгi күнге деген сенiмдiлiгiн арттыру
нәтижесiнде, ол өзiнiң шаруашылық жұмысынан
қандай қорытынды алатынын анықтауға
мүмкiндiк табады. Бұл жерде кепiлдiк баға
туралы сөз болып отыр. Егер нарықтық бағаға
күтпеген тенденциялар әсер ететiн болса,
онда ол фермерге минималды табыс деңгейiн
қамтамасыз етедi. Мұндай кепiлдiк фермерлерiнiң
тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа
түскен кезде қамтамасыз етiледi. Соңғылары,
кепiлдiк баға арқылы фермерден қабылданған
өнiм, олардың несиелерi арқылы белгiлi
бiр соманы қамтиды (баға көбейтiлген өнiм)
Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты
болған болар едi. АҚШ фермерлерiнiң төменгi
табыс деңгейiн қамтамасыз ететiн, сонымен
қатар мақсатты баға тәжiрибесi Қазақстан
жағдайында жүргiзiлсе пайдалы болар едi.
Австрия, Италия,
Франция, Оңтүстiк Корея, Жапония
және тағы басқа елдердiң үкiметтерiнiң
баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен салыстырғанда
өте қатал тәртiппен және арнаулы экономиканы
басқару органдарымен жүзеге асырылады.
Мысалы, Францияда мемлекеттiк баға реттеу
қызметтерi бәсекелестiк Кеңес арқылы
жүргiзiледi және халық шаруашылығындағы
бағаның бестен бiр бөлiгiн қамтиды. Австрияда
мұндай қызмет баға туралы арнайы заң
арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттiң экономика
өрiсiнде туындайтын төтенше жағдайын
болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады.
Осы мемлекетте баға ырықтандыруының
бастапқы кезеңi соғыстан кейiнгi (1946 –1947)
3-4 онжылдыққа созылды. Бiрақта, әлi күнге
дейiн Экономика министрлiгi мен үкiметтiң
тарапында сол елде өндiрiлген және импорттық
тауарларға баға деңгейiн реттеу кең өрiс
алуда. Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз
болса, онда оларға деген бағаны реттеу
ең алдымен өндiруге кеткен шикiзат материал
ресурсының бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi,
ал егер екiншi топтағы болса, онда ауыл
шаруашылығында өндiрiлген өнiмдi елге
өткiзу кезiнде қолданылатын баж салығын
төмендету фактiлерi ескерiледi. Мемлекеттiң
осындай бақылау жасау функцияларын күшейту,
әсiресе экономикалық дағдарыстан шығу
кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе
жүзiнде дәлелденген. Бiздiң жағдайымызда
француз үкiметiнiң шағын және орта бизнестi
жеңiлдетiлген несие, салық салу механизмдерi
арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар
бойынша басқару iсiн жүргiзу тәжiрибесi
пайдалы болар едi.
Мемлекеттiк баға реттеудiң
басты объектiсi ауыл шаруашылық
өндiрiсi болып табылатынын бүкiл
дүнижүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отыр.
Ғылыми талдау шаруашылық өндiрiсiнiң бiрқатар
ерекшелiктерiн бөлiп көрсетедi. Бiрiншiден,
ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты.
Бұл тәуелдiлiк фермердiң және аграрлы
сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық
фактордың қолайсыз жағдайға да табыс
пен пайда табуын объективтi және өзектi
проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты
рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне бағаны
мемлекеттiк реттеуi және сол механизмдер
арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерiнiң
еңбегiн ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде
қарастырылып отырған саладағы өнiмге
баға деңгейiн анықтау “шығын қосылған
табыс” қағидасы қолданылады. Демек, фермер
әр түрлi шығындар кезiнде немесе өндiрiске
әсер ететiн табиғи-климаттық факторлардың
қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда
табысқа қол жеткiзе алады. Әлеуметтiк
бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерiнiң
тұрақтылығы, олардың шеберлiгi өседi және
де ұйымдастыру мен өндiрiстiк технологияның
сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Екiншiден,
тұрғындардың тамақ өнiмдерiне
қажеттiлiгiн уақытында қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ өндiрiс
тауарларына) ауыл шаруашылық өнiмдерiн
табиғи өңделген түрлерiне негiзгi көңiл
бөлiнедi. Әлеуметтiк түрдегi мiндеттердi
шешуде және тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз
етуден ауыл шаруашылық өнiмдерiне
баға құру процесiнде негiзгi мемлекеттiк
басқару органдары шеттеп тұра алмайды.
Осындай объективтi араласу әр түрлi басымды
механизмдерде әкiмшiлiк, экономикалық,
тiкелей, жанама, құқықтық және аймақтық
реттеуде орын алады.Олар көбiнесе әр елдiң
әлеуметтiк –шаруашылық, құрылымдық, институционалдық
ерекшелiктерiне байланысты.
Үшiншiден,
аграрлы сектор қандай да болмасын
жүйеде мемлекеттiң қолдауына
мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық
қызмет көрсету бағыты мен
нақты инновациялық – инвестициялық шараларды iске асыруда.
Мысалы, АҚШ-та мемлекеттiк дотацияның
үлес салмағы төрттен бiрге жетедi, ал Еуропалық
экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық,
Жапонияда фермерлердiң барлық табыстарының
төрттен үшiн құрайды. Канадада бүл көрсеткiш
деңгейi шамамен 40 % жетедi. Мемлекеттiң
ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда
баға құру механизмiн жеке, кәсiпкерлiк
және жалпы мемлекеттiк мүдделерiн байланыстыруда
қолданады.
ЕЭО елдерiнде
ауыл шаруашылығы министрлерiнiң
Кеңесiнiң шешiмiмен сала өнiмдерiнiң бағасы 95 % дейiн реттеледi
және бұл жерде назар аударарлық нәрсе
ол сатып алу бағасының минималды деңгейi
базар деңгейiнiң бағасының өзгеру деңгейiне
байланысты негiзделедi. Негiзгi ауыл шаруашылығы
өнiмдерiне (ет,сүт, астық) баға құру саясаты
қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады.
Баға құру басылымдық болған жағдайда
“сиқырлы төртбұрышта” (тұрақты өсу қарқыны,
жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем
балансы) олардың мiндетi кеңейедi. Қытай
Компартиясы бесжылдық экономикалық реформалардың
қорытындысын жасай отырып және көрсетiлген
төртбұрыштың нақты “бұрыштары” басымдылықтарын
анықтай отырып, өздерiнiң шешiмдерiне (қазан
1984 ж.) “бүкiл экономикалық жүйелердегi
реформа баға жүйесiн реформалауға байланысты”,
деп ерекше көңiл аударған. Бұл шешiмдердiң
нәтижесiн жүзеге асыруда екi жылдың iшiнде
бағаның төрт түрi құралды “ бiрыңғай жоспарлы
баға, шартты баға, еркiн нарық бағасы “жүзетiн
” жоспарлы баға”. “Жүзетiн” және нарық
бағасының жұмыс iстеу аясының кеңеюi тауарлар
номенклатурасының қысқаруымен, бiрыңғай
жоспарлы бағамен “қызмет ету” бағытын
алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық
өнiмдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған
түрде белгiленген сатып алу бағасын қабылдамау
өзара шартты (жоспарлы мемлекеттiк сатып
алу үшiн ) және нарықты (сатып алу өзара
шарттың үстiнен ) бағаны қабаттас енгiзу.
Ауыл шаруашылық қызметкерлерiнiң өндiрiс
қызметтерiн ынталандыруда еркiн баға
үлкен рөл атқарады.
Дамыған
елдердiң шаруашылық тәжiрибесi
көрсеткендей, iшкi нарықтағы тауар
өндiрушiлердiң ықыласын қорғауда және сыртқы экономикалық
қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыруда лицензиялық,
кедендiк кiрiстер және тарифтiк реттеу
механизмдерiн қолдану әр елдiң геосаясатының,
табиғи – тарихтық, табиғи-экономикалық
және әлеуметтiк –мәдени ерекшелiктерiне
байланысты. Сонымен қатар әлемдiк нарық
пен әлем шаруашылық интеграциясына
кiру ықыласы ескерiледi.
Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс
Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар
дамыту және экономиканы мемлекеттiк
реттеу
Көптеген
Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан
Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында
болып (қаңтар 1949 ж.), қоғамның тұрмыстық
экономикалық негiзi мен саяси құрылымы
бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған
шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық
өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын
болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң
өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң
мамандану түрлерi, халық шаруашылығының
ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты
болуда. Сондықтан экономикалық реформаны
әр түрлi басымды механизмдердi қолдану
арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк
арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды
сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу
керек. Мiне осы тұрғыдан алға қойған мiндеттердi
шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердiң
тәжiрибесiн жинақтап жаңа нарықтық жолмен
шаруашылық жүргiзуге көшу. Шаруашылық
жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде
жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп,
келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:
- меншiк түрлерiне қарамастан мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және шаруашылық әрекетiне жағдай жасау;
- мемлекеттiк кәсiпорындарды уақтау, тауар өндiрушiлердi демонаполизацияландыру және монополияға қарсы күрестiң қызметiн күшейту;
- нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетiлдiру;
- қаржы –банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;
- елдің экспорттық әулетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдану;
- шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;
- ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген
шараларды экономикада нарықтықты
реттеу механизмдері ретінде қолдануда
әр елде өзінің ерекшеліктері есепке
алынады. Ең қолайлы жағдайда Венгрия
болды. Бұл елде экономикалық реформа үш-он жыл бұрын
басталған. Шаруашылық жүргізуде кәсіпкерлікті
ынталандырудың түрлерін алдын ала ескере
жүргізген. Халық шаруашылығының алдыңғы
буындарындағы құқық негіздерін жасауда
экономикалық ассоциациялар заңы негізгі
роль атқарады. Мемлекеттік кәсіпорындарды
экономикалық ассоциацияларға айналдыруда
тиісті шешімдер қолданылды. Мемлекеттік
жекешелендіруде көп жағдайда уақтау
және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
қайта құру шаралары жүргізілді. Бұл шаралар
тек бұйрық түрімен емес, еңбек ұйымдарының
және олардың басшыларының қолданылуымен
жүргізілді. Соның нәтижесінде үш жылда
(1989-1991жж) елде шағын және орта кәсіпорындар
төрт есе көбейді. Конъюктураның өзгеруіне
байланысты кәсіпорындардың қызметінде
қажетті икемділік пайда болды. Мемлекеттік
тарапынан бұл процесс қолдау тапты. Қаржы-
шаруашылық жағдайлары мен халық шаруашылығына
керекті өнім шығаратын кәсіпорындар
банкрот жағдайына ұшыраса, жеңілдік несие
беріп санация жасалған немесе бұл кәсіпорындарды
басқа меншікке (соның ішінде шетелдіктерге)
берілді.
Бұған нарық
инфрақұрылымының құрылуы (қордық
қызметтердің пайда болуы мен
дамуы, тауарлы және брокерлік
биржалар, инвестициялық қорлар, несие
– банк қызметтері) және қаржы
– банк жүйелерінің реформалануы
мүмкіндік туғызды. Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуды
банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі жекешелендіру
процесі инвестициялық бағыт алды. 1993
ж. 600 өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың
ықыласына байланысты жекешелендірілген,
ал 40 % -дан жоғарысы өнеркәсіптердің
өздерінің ықыластарына байланысты жекешелендірілген.
Нарықтық шаруашылық даму «төменнен»
негізделіп жоғарыдан ұйымдық, құқықтық,
не экономикалық жағдай жасалуы керек.
Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық
құндылықтардың өндіріс құралдары мен
халық тұтыныу тауарлары және «қозғалысына»
толық еркіндік беру маңызды шара болып
табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы
шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал
екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізі
мен халыққа сауда қызметін көрсету
орындары арқылы жүргізіледі.
Нарық
жағдайда шаруашылық жүргізуге
дайын Австрия болды. Баға құру
мен еңбек ақыны реттеу, шетел
инвестицияларымен ыньаландыру,
сыртқы экономикалық қатынастарды
либерализациялау, ақша айналымын
тұрақтандыру, ұлттық валютаны конверсиялау
жөніндегі шаралар 40 -жылдардың соңынан жүргізіле
бастады [40,86-95-б.]. Нәтижесінде осы шаралар
«мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы
ұтымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған
және нарық құрылымдарының байланысын
үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің
тұрмыс дәрежесін жақсартуға» негіз болды.
Қаржы тепе-теңдігіне
көңіл бөле отырып Австрия
үкіметі әлеуметтік серіктестік
пен шағын бизнесті қолдауға
ерекше көңіл болды. Австриялық
тәжірибедегі үкімет тарапынан
жасалған бәсекелестік шаралары
нарық экономикасының қолайлы жағдай туғызуымен
ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын
және орта фирмалардың құрылуын және әлем
шаруашылық процестеріне ұлттық экономиканың
араласуын қолдау шаралары көрсетіледі.
Мұндай ынталандыру жаңа құрылған шағын,
орта фирмаларға мемлекет тарапынан жәрдем
ақы немесе жеңілдетілген салық салу түрлері
арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың
(өнеркәсіптердің) қызметтеріне тауарларды
сату ережелері, дұрыс емес бәсекелестікке
жүргізілген шаралар, жергілікті жабдықтау,
картельдер туралы т.б. заңдар құқықтық
негізі болып табылады.
Өнеркәсіптерді бақылау және
кәсіпкерлер мен бизнесмендердің
саудаға шығу ережелерін бақылау
мемлекеттің құқықтық қызметтерінің
бірі болып табылады.
Австрияның
тиісті мемлекеттік органдары
сыртқы экономикалық қатынастарды тереңдетуде
экспорттық түсімдердің және импорттық
төлемдердің тең болуы қағидаларына сүйенеді.
Ұлттық банкінің монополистік жағдайы
жойылуына байланысты елдің валюталық
режімі және сыртқы сауда либерализацияланады
және де валюталық операцияларды жүргізуде
коммерциялық банктердің қызмет ету аясы
кеңейеді. Көп жағдайда аталған қағидалар
орындалмайды, сондықтан экспорттық түсімдердің
көптеген бөлігі сыртқы қарызды өтеуге
кетеді.
Поляк
Халық Республикасында нарықтық
шаруашылық жүргізу моделіне тездетіп өтудің белгілі
бір тәжірибесі қалыптасып отыр, мұнда
жеке кәсіпкерлік қоғамның экономикалық
өмірінде жаңа құбылыс болып табылмайды.
Оның ролі ауыл шаруашылық өндірісінде,
саудада, қоғамдық тамақтану саласында
елеулі. Бұл елде нарықтық қатынастар
саласын кеңейту және олардың инфрақұрылымын
қалыптастыру жөніндегі шаралар «естен
тандыру теропиясы» деген атауға ие болған,
бұл шаралар тауар өндірушілер мен оларды
тұтынушыларға қатаң сипатта болады. Жергілікті
түрде қатаң монетарлық саясат жүргізу
(ақша эмиссиясының шұғыл қысқартылуы,
берген несие үшін жоғары мөлшерлемелер
деңгейін белгілеу), салық жеңілдіктері
мен дотацияларды жою, бағаны ырықсыздандыру,
дайын өнім мен материалдық- шикізат ресурстарын
бір орталықтан бөлуден бас тарту, халықтың
әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғаудың
жаңа қағидаларын енгізуде қаржы- шаруашылық
қызметте белгілі бір нәтижелерге қол
жеткізу. Алайда бұлар өнеркәсіптің дамуына
және адамдардың әлеумметтік жағдайына
жағымсыз әсер етуде. Тауарларға (қызмет
түрлеріне) деген сұраныстарды шұғыл қысқарту
бағытын жүзеге асыру кезінде барынша
абай болудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті,
өйткені мұндай қысқартудың ақылға қонымды
«шекараларын» атап өту, сұраныс пен ұсынысты
теңдестіру проблемасын шешуді кейінге
қалдыруы мүмкін.
Чехия республикасы
үшін әлеуметтік - экономикалық
салада тиімді және кешенді
қайта құруларды салыстырмалы
түрде қысқы мерзімде тез жүзеге
асыру тән. Кезінде (1994 ж. сәуірінде)
осы республиканың премьер –
министрінің экономикалық реформалар
барысын талдау негізінде жасаған қорытындылары
нақты қоғамдық өмірдің саяси, шаруашылық,
әлеуметтік күрделілігі «нарықтық экономиканы
дамытуды және құруды бір орталықтан жоспарлауға
мүмкіндік бермейтінің» қуаттап береді.
[4,5 – б.]
Егер шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту заңдылығын
былай қойсақ (жекешелендіруді реттеу
бағаны ырықсыздандыру және т.б.) онда
ең кемінде жоғарыда аталған қорытындылардың
үш негізгі түріне көңіл аудару керек.