Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 18:44, реферат
Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
1. Капитал теориясы.
2. Өзгешеліктері.
3. Жеке капиталдың айналымы.
4. Капиталдың үздіксіз айналымы.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер.
Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.
Физикалық тозу - негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, с уықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.
Моральдық тозу - негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жасалатын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны осы құрылғандағы ескі, неғұрлым қымбат машиналарға түседі, олар құнсызданып және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақта неғұрлым құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бірлігіне оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішнара) құнсызданады. Негізгі капиталдың тозуына қарай өзінің құнын өндірілетін өнімдерге амортизациялық қор бірте-бірте ауыстырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасының қатынасы амортизация нормасы болып саналады.
Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақталған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Қоырта келгенде, өндірістің факторы капитал есептелінеді. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар эканомистер капиталды тек өндіріс құрал жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси эканомиканың классиктерінн тараған. А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал жабдықтары деп тұжырымдаған.
Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады). Өндірістік капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.
Пайдаланылған әдебиет