Капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 07:50, реферат

Описание

Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Капитал және операция шотына сипаттама
ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

капитал.docx

— 27.66 Кб (Скачать документ)

Жоспар 
І. Кіріспе 
ІІ. Негізгі бөлім 
   2.1. Капитал және операция шотына сипаттама 
ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
   Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді. 
  Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады. 
   Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды. 
    Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады. 
    Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. 
    Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады. 
 

 
Негізгі бөлім

 
2.1. Капитал және операция  шотына сипаттама 
   Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін слаған А. Смит пен Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самульсон мен У. Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы адамдар және ақшалар да капитал бола алады. 
   Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса. 
   Өзінің басты еңбегі "Капиталда" К.Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген. Бул кездейсоқ емес. "Капиталдың" бірінші томында. капитал - бүл күн, бұл өзін-өзі өсіретін күн деп көрсетілген. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бүл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған. Ол капиталды заттар жиынтығы (оөндіріс күрал-жлбдығы) ретіндс карастыруды жоққа шығарып. капитал - бұл зат еместігін, ОЛ АДАМДАР арасындағы белгілі коғамдық катынастар екенін айтқан. 
  Құнның өзінің өсуі калай болады? Алғашқы кезде былай көрінуі ммкін: құнның өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ, ол болса кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне, сонда құнның өсімшесі пайда болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байығандығын корсетеді, ал коғам масштабында құнның еселенуі болмайды. 
  Айталық, коғамда үш тауар өндіруші құны 300 мың ақша бірлігіндегі өнімді жасады, оның ішінде А тауар өндіруші - 100 мыи ақша бірлігін, В — 100 мың ақша бірлігін. С — 100 мың акша бірлігін. 
-1(1 
110 МІ.ІН акша бірлігі 
  "А" тауар өндіруші өнімді өткеру процесінде "В" тауар өндірушіге өнімді 100 мың аша бірлігіне 110-ға сатып, соның есебінен 10 мың ақша бірлігін ұтады. Дәл солай "В" тауар өндірушіде жасайды: өз өнімін 100 мың ақша бірлігіне емес. 100 - ға өткеріп. 10 мың акша бірлігін ұтты . "С". тауар өндірушіде дәл солай жасайды. Өз өнімін ол да "А тауар өндірушіге 100 мың акша бірлігіне емес, 110 - ға сатып, 10 мың акша бірлгін ұтады. Жалған елес ой туындайды. барлық. үш тауар ондіруші ұтқандайі. Осы процеске сағат тілінің қозгалысына кері көзбен карасақ, онда байқайтынымыз: "А" тауар өндіруші өзінің өнімін 110мың ақша бірлігіне сатқан өз өнімін «С»-ға 110 мың ақша бірлігіне сатып осы құнға басқа өнімді А-дан сатып алады. Дәл осындай құбылыс тауар өндірушіде болады. 
 Капиталдың сонымен қатар мынадай түрлеріне тоқталайық: 
 Қарыз капиталы дегеніміз белгілі бір мерзімге % үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. 
 Мемлекеттік капитал дегеніміз мемлекет бюджетінен берілетін ақша. 
 Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал. 
 Портфельді капитал-бұл инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі. 
 Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы немесе кәсіпорыны. 
 Тұрақта капитал-өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі 
 Өзгермелі капитал-өндіріс процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген капитал бөлігі. 
  Капиталдың техникалық құрылымы дегеніміз өндіріс құрал жабдықтар массасының оларлың іске қосатын жұмысшыларының санына қатынасы. 
  Негізгі капитал бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал.  
  Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады. 
   Субьектінің капиталының жағдайы және қозғалысы жөнінде ақапараттарды жалпылау және есептеу үшін «Негізгі капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Ол мына шоттарды қамтиды: «Қарапайым акциялар», «Артықшылығы бар акциялар», «Негізгі капиталға салымдар мен жарналар». 
 Құрылтайшылардың акционерлік қоғамның негізгі капиталына салымдары бойынша қарыздарын есептеу үшін «Төленбеген капитал» бөлімшесінің «Төленбеген капитал» шоты арналған. Мұның дебеті бойынша оның құрылтайшылармен енгізілуге тиіс, капиталдың шамасы көсретіледі. Құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары ақшалай қаражаттар болып көрсетіледі. 
 Шаруашылық жүргізуші субьектілер іс жүзіндегі қолданыстағы заңдарға және құрылтайшы құжаттарына сәйкес резервтік капитал құра алады. Заңмен белгіленген резервтік капитал есебі шаруашылық серіктестіктердің резервтік капиталының шамасы олардың құрылтайшы құжаттарында анықталады және белгіленген тәртіп бойынша анықталады және белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы құжаттарда есеп беру жылында табысты бөлу тәртібі анықталады, яғни табыстың резервтік капиталға жіберілуі мүмкін. 
   Шаруашылық серіктестіктер резервтік капитал құруға міндетті. Резервтік капиталдың құрылы ужәне пайдалану тәртібі жарғымен анықталады. Өндіріс көлемінің өсуі, инфляция және басқа себептерге байланысты жарғылық капиталдың көбеюі кезінде сәйкесінше резервтік капитал да көбеюі керек. 
   Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударулар есебінде құрылады. Резервтік капиталдың есебінен төленетін дивиденттер мен табыстардың есептелген сомаларының реті қарастырылады. 
   Басқа да резервтік капитал есебі арнайы шотта жүргізіледі. Бұл шотта заңдарда қарастырылған төменгі мөлшерден арты құрылған резервтік капитал есепке алынады. 
   Акционерлік қоғамдар әрі қарай айналымнан алу мақсатында өз акционерлерімен сатып алынған меншікті акцияларының есебін «Қайтарып алынған капитал» шотында жүргізеді. 
  Кәсіпкердің қолдағы негізгі капиталды сатып алысымен пайдалану міндет емес, өйткені негізгі құралдар қоймада резерв ретінде жатуы, ұзақ уақыт бойы сақталуы немесе жалға берілуі мүмкін. 
   Басқаша айтқанда негізгі капитал сатып алу жолындағы кез келген жұмыс, кәсіпкер мен негізгі құралдар иесі арасындағы келісім шарт немесе келісімге қол қоюдан басталады. Негізгі құралдарды есепке алу үшін талапқа сай ресімделген бастапқы құжаттар керек. Ол қөабылдау актілері, кіріс қағаздары, есеп-фактуралары, сатып алу, сату шарттары мен тағы басқалары болуы мүмкін. 
   Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырыпе, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. 
   Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді. 
   Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: 
    Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар. 
 Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар. 
   Өндіріске қатысатын әртүрлі құрал-жабдық пен айналымды біркелкі жасалмайды, сондықтан оларды негізгі және айналмалы деп жіктейміз. 
  Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнынан еніп кетеді. Оның ерекшелігі сонда, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01,-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер қолайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар: 
1. бұрынғы конструкицядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандай; 
2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ содан өнімділеу және үнемділеу; 
Техникалық прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моральдық тозуын жеделдетеді. Моральдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады. 
 Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалыпына келтіруінде немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады.

 
Қорытынды

 
   Қорытындылай келе капиталдың эконмикадағы қажеттіліктерін сезінуге болады.  
 Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады. 
  Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. 
  Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады. 
  Жұмыс күші тауар құнының төменшгі шекарасы болып жұмысшы өмір сүруге және еңбек етуіне қажетті өмір жабдығының құны жатады. Өмір сүруі үшін жұмысшы еңбек рыногында өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі, міне осы қосымша құн болып табылады. 
  Кәсіпорынның қаржы қоры күнделікті шығындар мен инвестицияны қаржылауға жұмсалады. Инвестиция дегеніміз қаржы қорын пайдаланып, капиталды ұзақ мерзімге активті көбейтуге және түсімді ұлғайтуға пайдалану. Инвестицияны жеке және заңды тұлғалар іске асыра алады. 
  Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтуға болады. Қандай да болмасын, бір капитал өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды. 
  Егер ақшалардың құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақшалар капитал бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер 
1.Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары . Алматы, 2000 
2.Сейткасымова Г. Деньги, кредит, банки. Алматы, 1999 
3.Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие Алматы, 2004 
4. Ақша. Несие. Банктер Алматы 2001 
5. Жукова Е. Деньги, кредит, банки. ЮНИТИ 1999 
6.Лексис В. Кредит и банки Перспектива, 1994


Информация о работе Капитал