Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 19:00, реферат
Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.
Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.
КІРІСПЕ 3
І Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі 5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары 5
1.2. Коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операциялары 7
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі 11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 14
2.1 ҚР банктердің даму тарихы 14
2.2 Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі 18
2.3 ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 21
ІІІ. «ЦентрКредит» АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің операциялары мен қызметіне талдау жасау 27
2.1 «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 27
2.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері 29
2.3 «ЦентрКредит» АҚ-ы банкінің қызметін бағалау 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 37
«ЦентрКредит» Банкінің қор нарығындағы және банкаралық нарығындағы операцияларына тоқтала кетейік. «ЦентрКредит» Банкі АҚ ҚР Ұлтық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын және ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық облигацияларын сатып алу бойынша бастапқы дилер болып табылады, сондай-ақ Қазақстан қор биржасындағы мемлекеттік қағаздарды сатып алу-сату бойынша брокерлік қызметті ұсынады. 2010 жылдың қорытындысымен Банк Қазақстан қор биржасының мүшелері арасында «Репо» нарық секторындағы операциялардың белсенділігі бойынша 1-орынға, ал «Шетел валюталары» нарық секторындағы операциялардың белсенділігі бойынша 3-орынға ие болды. Сонымен қатар «ЦентрКредит» Банкі банкаралық сауда-саттықта ең белсенді маркет-мэйкердің бірі болып, валюталық ішкі нарықта жетекші орындарды да иеленген болатын.
Банктің кастодиандық қызметіне төмендегі кесте толықтай түсініктеме береді:
3-сурет. Кастодиандық
қызмет аясында банк клиент
активтерін есепке алу және
сақтау бойынша қызмет
Банк өндіретін өнімдер мен қызметтер көлеміне нақтылай тоқтала кетейік. «ЦентрКредит» Банкі шығарылған карточкалар мен эквайринг желісін дамыту бойынша ҚР төлем карточкалары нарығында жетекші 4 банктің қатарына кірді. 2010 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге қарасақ, айналымдағы картоскалар саны бойынша банктің нарықтағы үлесі 7,8%-ды құрады. Аталған жылы шығарылған карточкалар саны 285 165 карточканы құрады. Шыққан карточкалар өсімі жылдың басына есептегенде 25,7%-ды құрап отыр. Банк өнім желісін және олар бойынша ұсынылатын қызметтің жиынтығын кеңейтті. Өнім желісін Maestro, MasterCard Standart, MasterCard Gold, MasterCard Platinum сияқты төлем карточкалары толықтырды. Жаңа карточкалық өнім – «Gift Card» сый картасы енгізілді.
Ал банкоматтар арқылы жасалған транзакцияларға келетін болсақ, олардың көлемі 58%-ға артып, 188,6млрд теңгені құрады. Сауда желісіндегі айналым 58%-ға өсіп, 2,8 млрд теңгені құраған болатын. 2010 жылы несиелік/дебеттік карта бойынша бизнес процесстерді жетілдіру жұмыстары жүргізілді, олардың нәтижесінде скоринг жүйесі әзірленіп, енгізілді. Банк несие карточкаларының қызметін дамытуға басты назар аударды, себебі несие карточкалары несиелік қаржылардың тағы бір маңызды көзі ретінде қарастырылып отыр.
Сонымен қатар заңды тұлғаларға арналған және де қашықтан қызмет көрсету үшін құрылған «Интернет – Банкинг» жүйесі кеңінен қолданылуда. Қазіргі күні осы жүйеге қосылған компаниялардың саны 16%-ға артып, 17 000 болып отыр.
Жеке тұлғалардың «ЦентрКредит» Банкіндегі депозиттік салымдары 2010 жылы 17,2%-ға өсті. Тұрғын халықтың «ЦентрКредит» Банкіне салымдары осы кезең ішінде 16,2%-ға ұлғайды. Банктің жеке тұлғалардың салымдары нарығындағы үлесі 14,9%-ды құрады.
2010 жылы Банктің капиталы
13,3%-ға кеміді және 2011 жылғы 1 қаңтардағы
жай-күйі бойынша 84,8 млрд теңгені
құрады. 1010 жылы банктердің несиелік
белсенділігінің төмендеу
4-сурет. Банк капиталының динамикасы.
2010 жыл ішінде Банктің
несие портфелі 10%-ға өсіп, жыл
аяғында 801,1 млрд теңгені құрады.
Портфельдің құрылымы елеулі
өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Қазіргі күнде банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда жетекші орындарға ие. Несие саясатындағы басымдықтарды өзгерту көзделмеген, сонымен қатар 2011 жылы ШОБ-тың несие портфелін ұлғайту жоспарланып жатыр.
Экономиканың әр түрлі секторларын несиелеу кезінде Банк әр тараптандыру саясатын қолданады, оның негізгі мақсаты – салалық тәуекелдіктің банк қызметіне теріс әсерін шектеу. Экономика салаларын несиелеуде несие портфеліндегі ең қомақты меншікті салмақ саудаға, құрылысқа, тамақ өнеркәсібіне, өндіріске және ауыл шаруашылығына тиесілі болып келеді: олардың үлесі несиелік портфель жиынтығының 50%-ын құрайды. Несиелік портфельдің салалық құрылымындағы жеке тұлғалар 34% құрайды.
5-сурет. Несие портфелінің үлестік көрінісі.
Ірі корпоративтік клиенттер несие портфеліндегі қомақты үлесті – шамамен 25%-ды иеленді, осы кезде құрылыс секторын қаржыландырудың табиғи төмендеуі байқалып жатқан болса, ал экономиканың сауда және қызмет көрсету салаларында банк өз белсенділігін сақтады.
Берліген несиелер негізінде пайда болған банк активтері 2010 жылы 5,5%-ға өсім алып 1 224,6 млрд теңгені құраған болатын. Қазақстан банк жүйесінің жиынтық активтеріндегі «ЦентрКредит» Банкі АҚ-ы активтерінің үлесі 10,1%-ды құрады. 10 жыл ішінде банк активтері 1 192 млрд теңге шамасында өсім алды.
6-сурет. Банк активтерінің динамикасы.
Банк «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және жергілікті атқарушы органдар арқылы іске асырылатын шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдармаларға, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражаттарын толықтыруға екінші деңгейлі банктердің беретін несиелер бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасына қатысады. 2010 жылы «ЦентрКредит» Банкі «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнес клиенттерге несие беруді бастады. Неміс Даму банкі, Азия Даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Германия Үкіметі бағдарламасының желісі бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша халықаралық бағдармаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық жалғастыруда. «ЦентрКредит» Банкі Мемлекеттік азық-түлік корпорациясымен бірге отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қаржыландыруға байланысты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып отыр. Банк өз бағдарламасының аясында және Қазақстанның ипотекалық компаниясының бағдарламасы бойынша халыққа ипотекалық несие беру жұмыстарын жүргізуде.
Заключение
(М.Жолдасбеков, «Незаменимые
Информация о работе Коммерциялық банктер қызметі мен операцияларының талдауы