Коммерциялық банктер қызметіне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 19:02, курсовая работа

Описание

Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.
Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі 5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары 5
1.2. Коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операциялары 7
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі 11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 14
2.1 ҚР банктердің даму тарихы 14
2.2 Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі 18
2.3 ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 21
ІІІ. «ЦентрКредит» АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің операциялары мен қызметіне талдау жасау 27
2.1 «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 27
2.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері 29
2.3 «ЦентрКредит» АҚ-ы банкінің қызметін бағалау 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Ком.банки курсовая ЭТ.DOC

— 376.50 Кб (Скачать документ)

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

Мемлекеттің мақсаты - жалпы  жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Мемлекет банктің борыштары  бойынша ешқандай міндеттемелер  алмайтыны сияқты банктердің операциялық  қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

Біріншіден, ол қарапайым  және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

Қазіргі таңда банктер  берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.

Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде:1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге) төрт жүйе банктердің (Қазақстанның Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банк пен ТӘБ-нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады. 3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.

Берілген қаражатты  банктер резервтердің барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.

Мемлекет банктер капиталындағы  бақылау пакетін сатып алмайды. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық – Қазына» қорының меншігіне түседі.

Мемлекет капиталданған  банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы  дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал нарықтарына жол ашылған жағдайда «Самұрық – Қазына» қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады. «Самұрық – Қазына» қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс.

Екіншіден, стрессті активтер қоры құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің балансын өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

2008 жылы республикалық бюджеттен стрессті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша  көздері ұсынылатын болады. Ресурстық  базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық  компаниялардың, акционерлік  қоғамдардың, мемлекеттік  кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.

Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірелетін болады. Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеіберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.

Таңдаулы  халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландыратын болады, бұл банк активтерін жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.

Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі  бақылауға  талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен  банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.

Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы  жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды.

Халықтың зейнетақы  қорларына барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның деңгейінде олар бойынша  кірістерді есепке ала отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен «Самұрық – Қазына» қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. «Центркредит»АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің  операциялары мен қызметіне талдау жасау

    

3.1. «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау

 

Қазақстан Республикасы экономикасындағы оң өзгерістеріне қарамастан, 2010 жылы банк секторының іскерлік белсенділігі одан әрі төмендей түсті. Банктердің несие портфельдерінің көлемі төмендеді, күмәнді және үмітсіз несиелердің үлес салмағы артты.

Қаржы нарығының  жағымсыз ағымдары банк қызметінің нәтижелеріне де өз ықпалын тигізбей қоймады. Несие  портфелі сапасының нашарлай түсуінің салдарынан провизия құру қажеттігіне  байланысты 2010 жылы банк 30,7 млрд теңге  теріс нәтиже көрсетті. Бұл жағдайда банктің өтімділігі шамадан тыс көлемде болды, бұл бір жағынан оның қаржылық сенімділігін білдірсе, екінші жағынан оның жұмысының тиімділік көрсеткіштерін төмендетті.

Солай бола тұра, 2010 жылдың қорытындысы бойынша банктің  активтері 5,5%-ға артты, ал Қазақстан банк жүйесінің жиынтық активтеріндегі «ЦентрКредит» Банкінің үлесі 10,1% құрады. Жеке тұлғалардың салымдары 2010 жыл ішінде 17,2%-ға ұлғайды, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 1%-ға артық. Банктің жеке тұлғалардың салымдары нарығындағы үлесі 14,9%-ға артты.

Шағын және орта бизнесті несиелеу саласында банк әлі  де Қазақстандағы көшбасшы орындарының  бірін иеленуде. Объективті қиындықтарға қарамастан, банктің өз клиенттері, серіктестері мен акционерлері, ел азаматтары арасындағы беделі жоғары. Қазіргі таңда клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша орасан зор жұмыстар жүргізілуде, Kookmin банкінің қатысуымен бірқатар жобалар ендірілуде. Бұл банк клиенттеріне халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және банкті көшбасшы орындарға көтереді.

Бұл орайда банк резервтерінің едәуір көлемде болуы, Kookmin банкі сияқты стратегиялық инвестордың  қолдау көрсетуі, сонымен қатар «ЦентрКредит» Банкінің жоғары білікті мамандарды қызметке алу саясаты қаржы нарығындағы уақытша қиындылықтардан тек сәтті шығуға ғана емес, дағдарыстан кейін қалпына келу кезеңінде және жаңа сатыда даму кезеңіндегі бизнес қажеттіліктеріне сәйкес несие портфелінің сапасын арттырып, бизнес-процестерді жетілдіруге, сондай-ақ жаңа өнімдерді өндіріп-ұсынуға толық мүмкіндік береді.

2010 жылы 25 ақпанда  жасалған келісімдерге сәйкес «ЦентрКредит» Банкінің стратегиялық серіктестері Kookmin Bank Co Ltd мен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) «ЦентрКредит» Банкінің капиталына қатысу жөніндегі мәмілені аяқтады. Аталмыш мәміле аясында Kookmin банкі мен IFC «ЦентрКредит» Банкінің қолданыстағы, сондай-ақ жаңа акцияларын сатып алды. Соның нәтижесінде «ЦентрКредит» Банкі 17,2 млрд теңгені құрайтын жаңа акционерлік капитал түрінде күшті қолдау тапты. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған жай акциялардың саны 162 456 800 дана, жай акцияны жай акцияға айырбастауға болатын 39 249 255 дана басымдықты акцияны құрады. Жарғылық капитал 69 751 млн теңге сомасында төленді.

1-сурет.  Банктің орналастырған акциялары  бойынша мәлімет.

Орналастырылған акциялардың 5% және одан көп пайызын  иеленетін акционерлер болып Kookmin Bank Co Ltd (41,9%); Директорлар кеңесінің төрағасы Байсейітов Б.Р. (25,1%) және IFC (10%) табылады.

2-сурет.  Банктің меншікті капиталы 2011 жылдың 1 қаңтарына 1 34 409 млн теңгені құрады.Соның ішінде:

  • жарғылық капитал 69 571 млн.тг.
  • реттелген борыш 43 910 млн.тг.
  • мерзімсіз еурооблигациялар 13 173 млн.тг.
  • резервтер мен өткен жылдардың кірісі 7 575 млн.тг.

 

3.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері.

 

«ЦентрКредит» Банкінің көрсететін қызметтердің және жүргізетін операциялардың ішіндегі негізгілері:

  • Салымдарды (депозит) ашу мен жүргізу;
  • Несиелеу;
  • Кастодиандық қызмет көрсету;
  • Бағалы қағаздар нарығында сатып алу-сату операцияларын жүргізу;
  • Кассалық қызмет көрсету және ақшалай қаражатты аудару;
  • Төлем/жалақы/кредит карточкаларының кең жинағы және т.б.

Депозиттік портфелінің  көлемі бойынша «ЦентрКредит» Банкі еліміздің екінші деңгейлі банктері ішінде үшінші орынды иеленді. 2009 жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда жеке тұлғалардың банктік есепшоттарындағы қалдықтар 2010 жылы 335 963 млн теңгені құрап, 49 219 млн теңгеге немесе 17,16%-ға артты. Мерзімді есепшоттардың саны өткен жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 37 516 немесе 30,77%-ға артып, 159 421 құрады. Банктің депозиттік ақша қаражаты нарығындағы үлесі 2010 жылдың соңында 14,92%-ға жетті. Ал заңды тұлғалардың Банктегі салымдарына келетін болсақ, олар 2009 жылмен салыстырғанда 61 594 млн теңгеге немесе 16,73%-ға өсіп, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жай-күйі бойынша 429 788 млн теңгені құрады. Ағымдағы жыл ішінде нарық жағдайына байланысты клиенттерге салымдарды тиімді шарттармен, бәсекеге қабілетті мөлшерлемесімен ұсыну мақсатында бизнес-клиенттерге арналған салымдардың талаптары қайта қарастырылды.

01.01.2011 жығы жағдай  бойынша бөлшекті несие беру  бойынша несие портфеліне 70 942 несие кірді. Бөлшекті несиелеудің барлық бағдарламалары бойынша 2011 жылының басына жеке тұлғалардың несиелік портфелі өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4,92%-ға өсті және 199 514 млн теңгені құрады. Өткен жылдың мәліметтері бойынша жалпы сомасы 51 476 млн теңгені құрайтын 18 160 бөлшекті несие, оның ішінде ипотекалық несие бойынша 29 366 млн теңге сомасындағы 5 525 несие, тұтыну қарыздары бойынша 22 110 млн теңге сомасындағы 12 635 несие берілген.

«ЦентрКредит» Банкінің 2010 жылғы басты жаңалығы: Банк Experian (Ұлыбритания) компаниясымен бірге стратегиялық әріптесі Kookmin банкінің қолдауымен бөлшекті несие беру өнімдеріне арналған скоринг жүйесін енгізу бойынша қанатқақты жобаны жүзеге асыруы. NBSM жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде клиенттердің барлық өтінімдері автоматты түрде өңделеді. Аталмыш жүйе несие портфеліне қызмет көрсетуге, несие стратегиясын анықтауға, сондай-ақ банк өнімдерін кросс-селлингіне негіз болады. Іске асырылған инновацияларды интернет арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету барысында пайдалану да Банк алдына қойылған мақсаттардың бірі болып табылады.

Информация о работе Коммерциялық банктер қызметіне талдау