Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:10, реферат

Описание

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау,.doc

— 80.00 Кб (Скачать документ)


 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

 

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.

Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:

-         өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;

-         коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;

-         каржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша ,валюта, бағалы қағаздар жатады;

-         делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;

-         сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады.

              Тәуелсіз ел құрып, егеендікке қол жеткен тұста нарықтық экономика үлгісін таңдаған мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы басты мәселелердің бірі, ол кәсіпкерлікті қорғау, әрі қолдау болып табылатыны белгілі. Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi.

Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.

Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.

Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :

• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;

• үкіметтік емес мекемелер ;

• коммерциялық мекемелер кіреді .

Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :

• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;

• қаржылық қолдау ;

• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;

• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;

• материалды -техникалық жағынан қолдау .

Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.

Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.

Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер.

Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.

ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.

Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары былай белгіленген:

• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;

• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;

• Департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді

Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент өз құзыры аясында шағын және орташа кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:

• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу ;

• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

• қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;

• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді қарастыру.

Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады.

Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:

• шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;

• жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу.

Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе бірлестіктердің өз орындары болады.

Кәсіпкерлермен осындай «кері байланыс» ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:

• кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;

• Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік ассоциациялар мен одақтарды біріктіру;

• кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті ұсыныстар дайындау.

Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:

«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ. Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;

"Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті корпорациясы» АҚ - үкiметке мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;

«Даму» Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;

«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;

«Қазақстанның инвестициялық қоры» - жаңа және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау көрсету;

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;

Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар – қалыптасу және даму кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1.     Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2.     Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды.

3.     Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4.     Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Осы функцияларға мән бере қараған жағдайда кәсіпкерге жан – жақты қолдау және көмек қажет, әсіресе мемлекет тарапынан. Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін біршама үлесін қосатын бұл кәсіпкерлік. Қазіргі таңда мемлекет кәсіпкерлікті қолдап отыр және көптеген шаралар жүргізілуде. Егер мемлекетімізде кәсіпкерлікті осылай қолдап, одан әрі жалғастыра берсе, Республикамыздың экономикасы алға қарай өрлейтініне күмәнім жоқ.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1) Кулыгин П. Социолистік экономикадағы нарық - «Вопросы экономики»,1990ж.

2) С. Әкімбеков., А.С. Баймұхаметова., У.А. Жанайдаров.

Экономикалық теория. Оқу құралы. 2002 жыл.

3) Я. Әубәкіров., К. Нәрібаев., М. Есқалиев.,Е. Жатқанбаев.,          

Е. Байжұмаев., С. Досқалиев., Ж. Жәйшібеков.

Экономикалық теория негіздері. 1998 жыл.

      4)  Ө.Қ.Шеденов,Е.Н.Сағындықов,Б.А.Жүнісова,Ү.С.Байжомар-тов, Б.М.Комягин - «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж



Информация о работе Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау