Кәсіпорын экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 17:58, реферат

Описание

Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти-
желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала-
дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан
көрінеді.
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын экономикасы.doc

— 130.00 Кб (Скачать документ)

      -  коммерциялық банктер;

      - қор биржалары;

                     - кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

                    - кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

        Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

            Құнды қағаздар айналымының аса  тараған нысаны:

    - құнды  қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да);

          - оны басқа сатып алушыға жоғары  сомада сатуы (Дв);  

          - Дв мен Да арасындағы айырма  оған табыс әкеледі.

         Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды  сатып алатын ақшасы жоқ болса, 

 онда ол  несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).

         Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі  нақты мәліметтермен толықтырылуды  және жоғары дәрежеде ұйымдастыру  ісі техникаларымен қамтамасыз  етуді қажет етеді. Қаржы-несие  жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер  тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.

         Кеңес беру қызметіне;

                     - жалпы басқару;

                     - әкімшіліктік басқару;

                      - қаржылық қолдау;

                     - маркетинг;

                     - ақпаратты технология;

       - арнайы қызметтер жатады.

         Сонымен қатар халыққа ақылы  немесе ақысыз түрде кеңестер  беріліп, қызметтер көрсетіледі.

 Кәсіпкерлік  қызметтің ұйымдық-қықтық нысандары

         Кәсіпкерлік қызметтің орны ең  алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.

          Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі жэне қолданылып жүрген  заңдар мен заңдылықтарға сәйкес  кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық  нысандары бар:

                        - мемлекеттік кәсіпорын;

       - серіктестік (толық жауапкершілікті,  аралас және жауапкершілігі шектеулі  жауапкершілікті);

         -акционерлік қогам, бірлестіктер.

          Кәсіпкерлік қызметке атысушылар  мен олардың әріптестерінің бірігуі    "серіктестік" деп аталады.  Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.

         Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:

                        - басқару істеріне қатысуға;

        - серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;

                        - оның құжаттарымен танысуына;

        - несие берушілермен есеп айырысқаннан  кейін қалған пайданы бөлісуге;

        - тиісті мүлік құнының ақшалай  баламасын алуға құқығы бар.

          Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:

       - негізгі өндірістік құрал-жабдықтар  (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар);

       - айналым құралдары (шикізат,  материал, дайын өнім, аяқталмаған  өндіріс,    басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар);

                       - ақша қаражаты;

                      - басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері:

                      - құрылтайшылар атынан талап  етілген құжаттарды дайындап  беруге;   .

      -алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;

                      - коммерциялық құпияларды сақтауға;

      -құпия ақпараттарды жария етпеуге  міндетті.

                       Толық серіктестік төмендегі  негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:

       1.Кәсіпкерлік қызмет және оған  қатысушы серіктестіктің қызметтері  олардың өз қызметтері болып  саналады, ал оның міндеттері  бойынша кез келген қатысушы  өзінің барлщқ мүлкімен жауап  береді.

       2.Серіктестік жеке сенімді қатынастарға  негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік  басқа қатысушыға жүктеледі.Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйым-

дастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса,

белгілі бір  жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен

банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттар-

ды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда:

көлік, саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік

бұйымдар, басқа  да құнды мүліктерді есепке алады.

      Әдетте толық серіктестікті заңды  тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.                                                                            Аралас (командитті) серіктестікте   бір немесе бірнеше кағысушылар  несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастықка қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.

      Бүкіл мүліктерімен тәуекелге  барып отырған қатысушы қоғамдастықтың  ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады.

         Мәселен, "Джонсон-Джонсон" командитті  серіктестік. Командитті серіктестіктерді  ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерпік командит деп атайды.

        Салық тұрғысынан қарағанда, командитті  серіктестік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мүндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.

       Біздің елімізде командиттік  серіктестіктің аралас түрі әлі  дами қойған жоқ. Алайда белгілі  бір жағдайда оған деген қажеттіліктің  тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық  маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:

        -біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің  кепілі бола алады;

                       -екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен  оған жеке адам билік етеді.

          Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.

           Шетелдік фирмаларда (қазір біздің  елімізде жиі кездесетін) "Лимитед" (қысқаша  Ltd) "шектеулі серіктестік"  деген ұғымды білдіреді. Көпшілік  жағдайда жауапкершілігі шектеулі  қоғамда кампаньондар арасында  өзара берік байланыс қалыптасады.  Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол "бір адамның қоғамы" болғаны.

          Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті  ұйымдастыру үшін құрылтай келісім  шарты жасалады, онда:

                        - кәсіпорынның аты;

                        - мекен-жайы;

                        - негізгі қызмет бағыттары;

        - қызмет түрлері;

                       - капитал мөлшері;

        -  қоғам мүшелерінің үлестері  көрсетіледі. 

         Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа кұнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.       

         Қоғамдастық мүшелерінің құқығы  жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.

         Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер  қабылдауға құқығы бар, атап  айтқанда:

                      - жылдық балансты бекітеді;

      -кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдала-

нады;

      -шығындарды неғұрлым аз жұмсау  жолдарын айқын-

дайды;

      -  қоғамның төрағасын сайлауды  немесе қайта сайлау-

ды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша  міндеттер

жүктейді.

         Қоғамдастық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.

         Акционерлік қоғам - рұқсат ету  жолымен құрылатын заңды кұқығы  және өзіндік жарғысы бар бірлестік.  Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.

        Қоғамның негізгі жарғылық қорының  мөлшері сол елдің қолданылып  жүрген заңымен белгіленеді. Мәселен,  жарғылық қор Австралияда - 1 000 000 шиллинг, ФРГ-де -100000 марка, Швейцарияда  - 50 000 швед маркасы, Ресейде: жабық  акционерлік қоғамға - 10 000 сом, ал ашық қоғамға 100 000 сом мөлшерінде белгіленген.

       Акционерлік қоғамның негізгі  капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның  ақшалай сомасы негізгі капитал  көлеміне сай келуі шарт.

      Ашық қоғамның акциялары еркін  сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады.

      Акционерлік қоғамда акционерлердің  жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ)  комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері  бір немесе бес жылға сайланады.  Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды

Лизингтік операциялар  есебі.

     Бухгалтерлік  есепте лизинг беруші банктің  алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Информация о работе Кәсіпорын экономикасы