Кәсіпорын табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 21:03, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Содержание

Кіріспе 3

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары 7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы 9

2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 19

3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары 24
3.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері 27

Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

Курс Кәсіпорын табысы.DOC

— 248.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

     
     
Кіріспе
3
     
1. Кәсіпорын табысының ұғымы  және маңызы  
1.1. Кәсіпорын табысының  экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын  қызметіндегі

ролі және функциялары

7
1.3. Кәсіпорын табысының  қалыптасуы

және орналастырылуы

9
     
2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау  
2.1. Кәсіпорынның  қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның  табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын  жоспарлау әдістемесі 19
     
3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері  
3.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары 24
3.2. Қаржылық тәуекелдердің  кәсіпорын табысына әсері 27
     
Қорытынды
29
     
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Нарықтық  қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

    Бәсекелестік  ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті  оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты  буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

    Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын  ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс  таппай кәсіпорын кредиторлар мен  инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

    Кәсіпорынның  өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау  жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

    Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика  жағдайларында табыстың кәсіпорын  қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:

  • кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
  • кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
  • кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.

    Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.

    Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда  кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.

    Екінші  тарау барысында кәсіпорындардың  табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.

    Үшінші  тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың  табыстылығын арттырудың негізгі жолдары  мен табыстың көлеміне әсер етуші  қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.

    Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың  еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған  ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы 
 

1.1. Кәсіпорын табысының  экономикалық мәні 

    Табыстың  экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс  дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның  есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

    Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары  оларды алудың және қолданудың сипаттамасы  мен шарттарына байланысты негізгі  екі түрге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыс;
  • өзге де табыстар.

    Негізні қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат  кірістерін қамтиды.

    Өзге  табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.

    Бухгалтерлік  есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.

  1. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
  2. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
  3. Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
  4. Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
  5. Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
  6. Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
  7. Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.

    Табыспен  байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.

    Табыстың  осындай екі түрлі тұжырымдамасы  батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:

  1. салықтарды есептеу үшін;
  2. кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
  3. тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.

    Табыстың  бухгалтерлік тұжырымдамасы тек  бірінші мақсатқа қол жеткізу  үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.

    Табыстың  түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей  анықтама беруге болады. Табыс деп  тауарды өткізу, қызметтер көрсету  және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.

    Бүкіләлемдік  банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».

    Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді:»Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады».

    Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті  табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады. 
 

Информация о работе Кәсіпорын табысы