Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:26, доклад
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.
Халықты әлеуметтік қорғаудың американ-британдық үлгісі
Американ-британдық үлгі әлеуметтік сферада мемлекеттің минималды түрде қатысуымен сипатталады. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру тетігі мемлекеттік бюджет емес, жеке салымдар мен сақтандыру болып табылады. Мемлекет өз мойнына тек барлық азаматтардың минималды кірістерін сақтауды және халықтың аса көмекке мұқтаж табын қорғауды алады. Бұл үлгіні негізгі ұстанатын мемлекеттер: АҚШ, Англия, Ирландия. Әлеуметтік бағдарламалар қатаң индивидуализацияланған: барлық топтардың тең мүмкіндіктері орнына халықтың жекеленге категорияларына іріктелген көмек көрсету принципі сақталады. Оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектер, ауру жандар, аз қамтамасыз етілген отбасылар, толық емес отбасыларға мемлекеттік жекелей қолдаулар бар. Қазіргі таңда 16 жасқа дейін және толық емес аз қамтамасыз етілген отбасыларға жәрдемақы төленіп келеді. Міндетті білім мен денсаулық қорғау жүйесі тегін болып саналады. Бірақ та, медициналық керек-жарақтар жетіспеушілігі мен дұрыс жетілмеген ақылы медициналық қызмет көрсету проблемасы туындағаннан кейін бұл саланы реформалау қажеттілігі болып тұр. Осы жылдары Ұлыбританияда емделушілердің аурухана мен дәрігерлер таңдау мүмкіндігін арттыру үшін сапалы медициналық қызметтер көрсету жобасын денсаулық жүйесіне енгізу көзделініп отыр. АҚШ-та заманауи әлеуметтік халықты қамсыздандыру үлгісінің негізі 1935 жылы Ф.Рузвельт қабылдаған Әлеуметтік сақтандыру туралы Заңның қабылдануымен қаланды. АҚШ-та әлеуметтік көмектің негізгі бағыты отбасыға арналған. Материалды қолдау алудың негізгі талабы – отбасыда жан басына шаққандағы кіріс көзі елде бекітілген күнкөріс өлшемінің ең төменгі мөлшерінен төмен деңгейде болуы керек. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына жәрдемақылар төленеді. АҚШ-тың әлеуметтік саясатының ерекшелігі көмекке мұқтаж адамдарға қаржылайдан бөлек тағы да басқа көмектер көрсетіледі. Мәселен, ол – тамақтануға, азық-түліктер сатып алуға арналған талондар, т.б.
Жерорта теңізі елдерінің әлеуметтік саясат жүргізудің өзіндік үлгісі бар. Ол мемлекеттерге Испания, Португалия, Греция, Италия, Ирландия елдері жатады. Бұл елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандырумен түсіндіріледі. Жерорта теңізі елдері үлгісінде әлеуметтік салаға көп қаражат бөлінгенімен, ол халықтың басым бөлігін қамти алмайды.
Демек, әр мемлекеттің әлеуметтік саясат жүргізу ерекшелігі елдің экономикалық потенциалымен санасады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған әдістер жүйесі бар. Бірнеше елдердің топтамасында немесе жекелей мемлекеттердің өздеріне тән әлеуметтік жүйесін кездестіруге болады. Бір елдің белгілі бір топқа жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс:
Жалпы алғанда әр үлгінің мемлекетте әлеуметтік саясат жүргізу мен халықтың әлжуаз бөлігін қорғап отыруда өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Бірақ әлем мемлекеттер қоғам түрленіп, дамыған сайын әлеуметтік саясат жүргізу әдістерін жетілдіріп отырады, бір-бірімен тәжірбие алмасу үрдісі тоқтамайды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
ХХ
ғасыр кез келген мемлекеттің
ішкі саясатының негізгі
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен [10]. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» [11].
Әлеуметтік
саясатты жүргізудің негізгі
мынадай принциптері бар: баға
көтерілгенде компенсацияның
Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін әр мелекет өзінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:
Осының аясында
жыл сайын үкімет пен
Қоғамның
тағы да бір әлжуаз таптарына
арналған мемлекет тарапынан
жасалынатын қолдаулар жүйесі
көрсетілген «Мемлекеттік
БҰҰ ның
мәліметінше дүние жүзінде
Қазақстан
Республикасының
әлеуметтік сақтандыру
және зейнетақымен қамтамасыз
ету жүйесі
Халықты
әлеуметтік қорғау жүйесінде
әлеуметтік сақтандыру маңызды
элементтерінің бірі болып
Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 822 542,1 мың теңгені құрады. Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:
Зейнеткерлік
жасына жеткен ел тұрғындарын
лайықты өмір мен жеткілікті
зейнетақымен қамтамасыз ету
– әлеуметтік саясаттың үлкен
міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап
зейнетақымен
«2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында мемлекеттік базалық зейнетақының төменгі мөлшері – 5388 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 9875 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 13470 теңгені құрап отыр [16]. Осы тұста Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен зейнетақының ең төменгі мөлшері тіптен төмен болып отыр. Зейнетақы мөлшері халықты әле де толықтай қанағаттандыра алмай келеді. Зейнетақы тағайындау барысында теңестіру саясаты жүзеге асқандықтан, минимум және максимум зейнетақы арасындағы айырмашылық көлемі тым аз. Болашақта зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы жүйесін қайта жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанда
әлеуметтік саясат аясында
Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі
әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік
қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады.
Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан
экономикалық, саяси потенциалымен уақыт
өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен
көңіл бөлері анық