Ұлттық табыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:33, лекция

Описание

Өндіріс факторлері- тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қажет ресурстар. Өндірістің негізгі факторлеріне капитал және еңбек жатады. Капитал (K) – жұмыскерлердің қолданатын өндіріс құралдары, еңбек ( L) адамдардың жұмысқа жұмсайтын уақыты.
Өндірістік функция- экономикалық өсудің неокласикалық моделіндегі негізгі ұғым.
Экономикадағы таарлар мен қызметтердің өндіріс көлемі – ұлттық табыс екі көрсеткіштен тәуелді:
1. өндіріс факторлерінен;
2. өндірістік функциядан.

Содержание

Өндірістік функция. Өндіріс факторлері.
Өндірістік функцияның қасиеттері.
Ұлттық табысты өндіріс факторлері бойынша бөлу.
Еңбек және капитал нарықтары

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық табыс.docx

— 38.11 Кб (Скачать документ)

Ұлттық  табыс: өндіру, бөлу.

  1. Өндірістік функция. Өндіріс факторлері.
  2. Өндірістік функцияның қасиеттері.
  3. Ұлттық табысты өндіріс факторлері бойынша бөлу.
  4. Еңбек және капитал нарықтары

 

-1-

 

Экономикадағы таарлар мен қызметтердің өндіріс көлемі – ұлттық табыс екі көрсеткіштен тәуелді:

1. өндіріс факторлерінен;

2. өндірістік функциядан.

       Өндіріс факторлері- тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қажет ресурстар. Өндірістің негізгі факторлеріне капитал және еңбек жатады. Капитал (K) – жұмыскерлердің қолданатын өндіріс құралдары, еңбек ( L) адамдардың жұмысқа жұмсайтын уақыты.

Өндірістік функция- экономикалық өсудің неокласикалық моделіндегі  негізгі ұғым.

Өндірістік  функция –ресурстардың  әр көлемінде шығарылатын өнімнің максималды көлемін анықтайды. Бұл функция ресурс шығындары мен өнім шығару арасындағы тәуелділікті көрсетеді, қажет өнім көлемін шығару үшін ресурстардың мүмкін минималды саны. Өндірістік функция максималды өнім көлемін шығару үшін ресурстарды бөлудің тиімді комбинацияларын көрсетеді. Өндіріс технологиясының кез- келген жетілдірілуі, еңбек өнімділігін арттырады, ал ол жаңа өндірістік функцияның пайда болуына негіз болады.

Өндірістік  процесс - соңғы тауарлар мен қызметтерді алу үшін өндіріс факторлерін біріктіру әдісі.

Бәсекеге  төзімді болу үшін өндіруші мақсаты - ресурстар тиімді пайдаланылатын өндірістік процесті таңдап алу.

Өндірістік  функцияның базисті пропорциялары екі факторлі жүйе мысалында келтірілуі мүмкін:

2 түрлі  ресурс-1 соңғы өнім түрі. (Q) телевизор  өндіру үшін  еңбектің  (L) әр  түрлі көлемімен капитал (K) пайдаланылатын  өндірістік фнукцияны талдайық. Осындай жүйенің өндірістік функциясы  келесі түрде болады:          

                               

 

         Q=f ( L, K)                                            ( 1)

 

 

 

 Таблица:  өнім өндірудің альтернативті  әдістері ( телевизорлер, дана).

 

Капитал, бірлік саны (К факторы)

Еңбек, бірлік саны ( L факторы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

4

11

34

47

55

54

52

49

45

39

2

14

30

47

58

67

71

72

71

69

66

3

34

48

58

67

75

82

88

90

89

88

4

46

57

67

76

84

90

96

99

101

102

5

54

65

74

83

91

98

103

106

108

109

6

61

71

81

90

98

106

110

113

115

116

7

60

76

86

95

103

111

116

119

120

121

8

58

74

90

98

107

116

121

123

124

125


Таблицадан  нақты өнім өндіру үшін қажет әр түрлі факторлер комбинациясын  көруге болады.

 Таблица деректерін талдау келесідей қортында жасауға мүмкіндік береді:

-  біріншіден, өндірістік функция  L және K факторлерінің әр түрлі  үйлесімінде өндірілетін максималды  тауарлар санын көрсетеді ( мысалы 2 еңбек және 3 капитал бірліктері 48 өнім шығаруды қамтамасыз етеді және т.с.с.);

- екіншіден, өндірістік функция  факторлердің әр түрлі комбинациялары  бірдей өнім өндірісін беретін  альтернативті мүмкіндіктерді қарастырады (мысалы 106 өнім көлемі факторлердің екі комбинациясында алынуы мүмкін).

 Өндірістік функцияны талдағанда келесі категорияларды қарастырады: өндіріс масштабының эффектісі және фактор  қайтарымы.

Өндіріс масштабын өндірістік функция анықтайды.  Мысалда телевизор шығарудың  өндірістік функциясы 1 теңдеуге сүйенеді, егер барлық пайдаланылатын факторлер  санын ұлғайту шешімі қабылданса, өндіріс масштабы да өзгереді.

Мысалы,  бастапқыдағы   Q1 өнім өндірісінен өндіріс масштабын n есе арттыру шешімі қабылданды.   

Осы жағдайда өндірістік функция келесі түрде  болады:   Q2=f (n L, n K)     мұндағы: Q2 – өндіріс масштабы өзгергеннен кейіңгі өндіріс көлемі. 

Өндіріс масштабының өзгеруі мен  сәйкес өнім шығару көлеміндегі өзгеріс  арасындағы өзара байланыс масштаб қайтарымы деп аталынады.

Масштаб қайтарымы – тұрақты, артушы және кемуші болады.

Масштабтан  тұрақты қайтарым-  өндіріс факторлерінің пропорционалды  n есе артуынан өндіріс көлемі де n есе артқанда орын алады, демек Q2 =nQ1.

Масштабтан  артушы қайтарым – барлық пайдаланылатын факторлердің n есе ұлғайтылуы өндіріс көлемінің n есеге артық ұлғаюына әкелетін жағдайда орын алады, Q2 >nQ1.

Мысалы,  таблицада 34 телевизор өндіру үшін 1 еңбек және 3 капитал бірліктері пайдаланылады, 

барлық  факторлерді пропорционалды екі  есе арттырғанда 2 еңбек және 6 капитал бірліктері пайдаланылып 71 өнім бірлігі  өндіріледі. Демек, өндіріс факторлерін 100% арттыру өндіріс көлемін 109%  арттырады. Осы жағдайда өндірістік функция масштабтан артушы қайтарымды  көрсетеді.

Масштабтан  кемуші қайтарым - барлық пайдаланылатын факторлердің n есе ұлғайтылуы өндіріс көлемінің n есе кемуіне әкелетін жағдайда орын алады, демек Q2 <nQ1.

Фактор  қайтарымы –бір фактор өзгеріссіз қалған жағдайда, басқа фактордың санының өзгерісімен  өндірілетін өнім көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бір фактор санының ұлғайтылғандығынан өндіріс факторының шекті өнімділігі азаяды.

 

-2-

 

Факторлердің шекті өнімділігін  талдау кезінде өндірістің айнымалы факторының жалпы, шекті және орташа өнімі қарастырылады.

Жалпы өнім - берілген өндірістік функция шегінде алынған және физикалық бірлікте көрестілетін, өнім шығарудың сомалы көлемі. Жалпы өнім түсінігі өндірілетін өнім көлемімен бір ресурс көлемінің өзгеруі арасындағы тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді, басқа ресурстар саны өзгеріссіз қалған жағдайда. 

Фирма 2 капитал бірлігін пайдаланады делік, онда өндірістік функция таблицаның 2 бағанындағы деректермен беріледі. 2 капитал бірлігін пайдаланғандағы  өндіріс көлемі пайдаланылатын еңбек бірлігінің санынан тәуелді. L айнымалы фактордың жалпы өнімі келесі өндірістік функциямен беріледі:   Q=f (L),  K- const жағдайында.

Бұл теңдеу өнімнің жалпы санымен L фактор саны арасындағы қатынасты  көрсетеді, егер К мәні тұрақты болып 2 бірлікке тең болса. Графикалық өндірістік функция келесі түрде болады:

Q(дана)                                 

Айнымалы фактор саны L

                                                                                                 (жұмысшылар саны)          

                        

Физикалық бірлікте берілген өндіріс факторының шекті өнімі -  осы фактордың қосымша бірлігін пайдаланғандағы өнім өндіру көлеміндегі өзгерісті көрсетеді, басқа факторлер саны өзгеріссіз қалған жағдайда.  Фактордың шекті өнімі келесідей анықталады:        

     МРL = Δ Q/ ΔL

  мұндағы, МРL – L факторының шекті өнімі, Δ Q- өнім өндірудің жалпы көлемінің өзгерісі, ΔL -  L факторының санының өзгеруі.

Фактордың орташа өнімі – шығарылатын өнім көлемін пайдаланылатын  L айнымалы фактордің санына бөлу арқылы анықталады:  АРL =  Q / L .

Еңбектің  орташа өнімі бір еңбек бірлігіне  қанша өнім көлемі келетіндігін көрсетеді. Орташа өнімді көбіне – еңбек өнімділігі деп атайды.

Өндіріс факторлерінің шекті пайдалылығының азаюы заңы: басқа факторлер өзгеріссіз қалған жағдайда, айнымалы фактордің саны артқан сайын- бір рубежге жеткен кезде, айнымалы фактордің шекті өнімі азая бастайды. Бұл заңнын анқты дәлелі жоқ, бірақ ол эмпирикалық бақылаулармен негізделген.

 

-3-

 

Соңғы тауарлар мен қызметтерге сұраныс  білдіруші- үй шаруашылықтары, ұсыныс білдіруші фирмалар, ал өндіріс факторлеріне сұраныс қалай қалыптасады?

Өндіріс факторлер нарығының өзгешелігі - онда сатып алушы ролінде- фирмалар, ал сатушы ретінде үй шаруашылықтары туындайды, басқа сөзбен сұраныс  субъектісі- фирма, ұсыныс субъектісі – үй шаруашылықтары.

Тұтынушылық сұраныс негізінде- пайдалылық жатыр, ал өндіріс факторлеріне сұраныс  негізінде - фирма тапқысы келетін  табыс жатыр.

Өндіріс факторлеріне сұраныс – өндірістік сұраныс деп аталынады. Өндіріс факторлеріне сұраныс өзара-тәуелді болып келеді,  демек бір фактор өздігінен өзі өнім шығара алмайды. Өндіріс факторлеріне сұраныс білдіретін фирма келесі міндеттерді шешуді көздейді:

1. өндіріс факторлерін тиімді үйлестіру;

2. әр өндіріс көлемінде шығындарды  азайту;

3. пайда көлемін максимизациялайтын  өндіріс көлемін  анықтау.

Өндіріс факторлеріне сұраныс көлемі ресурстар  бағасынан, фактор өнімділігінен, шығарылатын  өнім бағасынан тәулді.

Экономикада өнім өндірудің көлемі  жалпы табыс көлеміне тең, демек  тауарлар мен қызметтердің жалпы  көлемі ұлттық табыстың (ҰТ) көлемін  анықтайды. Ұлттық табысты бөлу өндіріс факторларының бағасымен анықталады.

Өндіріс факторларының  бағасы - өндіріс факторы үшін төленген ақша көлемі, капитал иелерінің алынған табысы және жұмыскерлердің еңбек ақысы. Өндірістің әр  факторының бағасы нарықтағы осы фактордың ұсынысымен оған деген сұраныстың өзара байланысынан қалыптасады.  Өндіруші  өз өнімін сатып, жұмыскерлерге еңбек ақы(W) төлейді және белгілі бір бағамен(R) капитал жалдайды. Фирма мақсаты максималды пайда табу б.т.

 

Пайда=  табыстар- еңбек шығындары-капитал  шығындары.

Пайда= PY-WL-RK

Өндірістің  барлық факторларына шығындарды төлегеннен кейін фирма иелігінде қалатын  табыс – фирма иесінің экономикалық пайдасы деп аталынады. Нақты экономикалық пайда (ЭП) келесідей анықталады:

ЭП = Y-( МР *L ) - ( МРК * K) демек,

Y=( МР *L ) + ( МРК * K)+ ЭП

Ұлттық  табыстың бөлінуін Эйлер теоремасы  сипаттайды.

Эйлер теоремасы: егер өндірістің әрбір факторына оның шекті өнімі тисе, онда өндіріс факторлары үшін төленген барлық төлемдердің сомасы өндірілген өнімнің жалпы көлеміне тең болады, демек масштабтан тұрақты қайтарым, фирмалардың пайдаларын барынша көбейтуге ұмтылысы және бәсеке, жалпы экономикалық пайданың нольге тең болуына әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда өндіріс факторлері үшін төлемдер төленгеннен кейін фирма иелігінде ештеңе қалмайды, яғни барлық табыс капитал төлемдеріне және еңбек ақы төлемдеріне олардың шекті өнімділігіне қарай бөлінеді.  

          

-4-

 

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады. Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді. Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік  нарық. Оның құрылымдық-функционалдық  ұйымдастырылуының өте күрделі  болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс  орындары мен еңбек ресурстарының  арасында белгілі сәйкес келмеушілік  болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының  бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы  жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс  таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар  арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс  табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен  мамандар да бір-бірімен бәсекелік  сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент  шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс  пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге  қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар  динамикалық нарық. Сондықтан еңбек  нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс  іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді  бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі  қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Информация о работе Ұлттық табыс