Меншік және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:05, реферат

Описание

Бірнеше ғасырлар бойы Ресей империясының бодандығына түсіп, табанына тапталуымыз еркіндік сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық психологиямызды өзгертіп жібергені сондай, біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық өмірге көніп, амалсыздығымызды мойындап тіршілік кештік.

Содержание

I Кіріспе
Қазақстан экономикасының қаржылық және құрылымдық дағдарыстан шығуы.

II Негізгі бөлім
1) Меншік :мәні және түрлері
2) Жекешелендіру- баршаға берілген тең мүмкіндік.
3) Қазақстан Республикасында жеке меншіктің даму жағдайлары.

III Қорытынды
Бүгінгі нарықтық экономикадағы жеке меншік секторының маңыздылығы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Меншік және оның түрлері.docx

— 30.87 Кб (Скачать документ)

Меншік және оның түрлері

I Кіріспе  
Қазақстан экономикасының қаржылық және құрылымдық дағдарыстан шығуы.  
 
II Негізгі бөлім  
1) Меншік :мәні және түрлері  
2) Жекешелендіру- баршаға берілген тең мүмкіндік.  
3) Қазақстан Республикасында жеке меншіктің даму жағдайлары.  
 
III Қорытынды  
Бүгінгі нарықтық экономикадағы жеке меншік секторының маңыздылығы.  
Қолданылған әдебиеттер тізімі.  
 
Бірнеше ғасырлар бойы Ресей империясының бодандығына түсіп, табанына тапталуымыз еркіндік сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық психологиямызды өзгертіп жібергені сондай, біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық өмірге көніп, амалсыздығымызды мойындап тіршілік кештік.Рас, халық болған соң арасынан намыс отына өртеніп елдік езгіге қарсы бас көтеретіндер шықпай қоймайды.Алайда, алып империя Сырым батыр, Исатай Махамбет, Кенесары хан сияқты әлгіндей көзсіз ерлерді, кешегі «Желтоқсан» көтерілісіндегі Қайрат, Ләззат сияқты әпке ағаларымызды мерт қылып отырды.Ең сорақысы сол отаршылдар азатты аңсаушыларға билікқұмар сатқын қазақтардың өздерін қарсы айдап салып , амалын асырды.  
Сондықтан да, бұдан 12 жыл бұрын КСРО таралып,тәуелсіздік,еркіндік қолымызға тигенде Алланың бұл қайырымдылығына тәубе демеген, жүрегі жарыла қуанбаған қазақ аз болған шығар.  
Біз сол бір социалистік дәуірден уақыт жағынан қаншалықты қашықтаған сайын мемлекеттік әкімшіл экономиканың қандайлық тиімсіз болғанын ,еліміз кенжелеп қалудың қандай тұңғиығына түскенін және Қазақстан экономика мен меншікке қатысты қандай маңызды да орасан бетбұрыс жасағанын түсіну соншалықты тереңдей береді.  
Жетпіс жылдан астам мемлекет үшін жұмыс істеп және кейін сол бағыт қағады, асырайды деп масылдық әдетке үйреніп қалған халқымыз нарықтың алғашқы кезеңінде қатты абдырағаны мәлім.  
 
 
 
 
Сол себептен , Қазақстан экономикасын терең қаржылық және құрылымдық дағдарыстан алып шығу үшін, нарықтық шаруашылық жүргізудін биімделген жетіктерін , қарқын алып отырған елдің жаңа халықаралық икемді , тиісті жағдай жасауды талап етті.  
Республика экономикасының перспективалық болашағы , меншік қатынастары барлық нысанының сан алуандылығы және тең құқықтық дамуы жағдайында шаруашылық жүргізудің бағдарлары қаншалықты дәйекті және қатаң сақталатындығы көбіне көп байланысты болады.Меншік қатынастарын қайта өзгертудің негізгі әдісі осы қатынастардың субъектілерін дербестендіруге апаратын жекешелендіру , демек ол жеке меншікті қалыптастырудың факторы болып табылады.  
Жекешелендіру бұл меншік құқығын мемлекеттен фирмаларға және жекелеген тұлғаларға беруін жеке секторға мемлекеттік қызмет көрсетуді шектейтін немесе жеке бастамаға неғұрлым кең мүмкіндіктер беру мақсатында мемлекеттің қызмет аясын тарылтуды қамтитын кең ұғым.  
Жекешелендіру деп кеңейтілген мағынасында мынандай процестерді ұғынған жөн :  
Компаниялардың мемлекетке тиесілі акцияларын сату;  
Мемлекеттік кәсіпорындарды акциониерлеу, кейінірек акцияларды толық немесе ішінара сату;  
Кәсіпорынға жаңа жекеменшіктік күрделі қаржы жұмсау;  
Мемлекеттік активтерді саудаластық немесе  
 
аукциондар арқылы сату Кәсіпорындарды кішірейту немесе еншілес кәсіпорындары бар холдингтік компаниялар құру.  
Кәсіпорындарды олардың менеджерлерін директорларының және әкімшілігінің немесе оның қызметкерлерінің,оның ішінде несиелерді пайдалана отырып сатып алу;  
Мемлекеттік мүлікке бақылау жасауды жеке тұлғаларға беру жалгерлік,мердігерлік,мемлекеттік кәсіпорындарды жеке менеджерлердің басқаруына беру.  
Сонымен, жекешелендіру экономиканы қайта құрудың түпкі мақсаты болып табылмайды, бұл тек қана меншік қатынастарын қайта құрудың тәсілі, жаңа экономикалық жүйеге көшу тұжырымдамасының құрамдас бір бөлігі.  
Қорыта айтқанда, республика тұрғындары жетпіс жылдам астам уақыт бойы жекеменшік иелері бола алмай келді.Олардың қолдында іс жүзінде айлық жалақыдан басқа ешнәрсе болмады.Күні бүгін ел байлығын халық шын мәнінде өз қолына алатын мезгіл жетті.Нақ сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаев бүкіл инициативаны оз қолына алып,елді жаңа жол нарықтық озгерістер жолымен алға бастады.Экономиканың барлық салаларын ғана емес, сондай ақ саяси және әлеуметтік проблемаларды қамтитын бұл жол күрделі сан қырлы  
 
Меншік : мәні және түрлері.  
 
Қай ел болсын , оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні өндіріс құрал жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынатары болып табылады  
Ендігі бұл тараудағы басты мәселе меншіқтің мәні және сипаты туралы.Жалпы, меншік дегеніміз не? Міне , осы сұраққа жауап іздеу қажет.  
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері , мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.  
Меншік қатынастарының ерекшелігі , ол , бір жағынан өте қарапайым, ал екінші жағынан , өте күрделі де. Қарапайымдылығы әр адам онымен күнделікті кездеседі  
 
және оны жиі сезіне отырып , ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.Күрделігі оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны .Бұл қарым қатынастар әлеуметтік экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым қатынастары.  
Күнделікті тәжірибеде меншік қатынастарының экономикалық мазмұны мен оның құқықтық мазмұны арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.  
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.  
б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.  
в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді.  
Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны  
 
мынадай түсініктермен де сипатталады:  
а/екі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;  
ә/жекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ;  
б/өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ;  
в/ табыстарды уйлестіру тәсілі  
 
г/субъектілік обектілік талдау  
1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес , субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.  
2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.  
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.  
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда , бір  
 
адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады. Өндіріс құралдарын меншіКтеуші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін , бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі: бірінде өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін , өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін , яғни тауар ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.  
4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылад  
5.Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады. 
Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.  
Меншік құқығының теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері  
 
американ экономистері Рональд Коуз (1910жыл) және Армен Алчиан(1914жыл) қосты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес , ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды , тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық міне осы меншіктің құқықтық мазмұнын құрайды .Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде “ойын ережесін ”білуі қажет . Меншік кімге жатады, және өзара іс әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?  
Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланылып жүрген анықтамалардың ойынша меншік құқығы төмендегідей 11 бөлімнен тұрады:  
1.Иелену құқығы , яғни игіліктерге міндеттелген денелік ( күш қуаттылық ) бақылау құқығы ;  
2. Пайдалану құқығы , яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы ;  
3.Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;  
4.Табысқа деген құқық , яғни игіліктерді қолдану нәтижесінде ие болу құқығы;  
5.Егеменділік құқығы , яғни бейтараптандыру , тұтыну , игілікті жою немесе өзгерту құқығы;  
6.Қауіпсіздік құқығы , яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау  
құқығы;  
 
7.Игілікті мұрагерге беру құқығы;  
8.Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;  
9.Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;  
10.Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;  
11.Қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардың өмір сүру құқығы , бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету;  
Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:  
меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда “тамырлар қатынасының заңы ” әрекет етеді .Осы тұрғыдан алғанда меншік бір мезгілде әрі экономика, әрі заң категориясына жатады.Осы бірлікте анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық жағы атқарады. Егер, меншік экономикалық форманы қабылдамайтын  
болса, яғни өндірісте пайдаланбаса, иесіне табыс келтірмесе , ол “заңдылық, функциялық” түрде қалады.  
Меншіктің экономикалық тұрғыдан дами алуы өндірістік қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.  
Меншік тарихи категория. Яғни, меншік  
 
қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.  
Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне бірі қарсы : жалпы және жеке меншік деп аталатын 2 формасы бар.  
Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік,  
Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі.  
Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады.  
Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының  
бірлестіктерінің /, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.  
 
Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы. Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар.  
Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады.  
Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді. Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға /қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады.  
2. Жекешелендіру баршаға берілген тең мүмкіндік.  
Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына жол ашу, жеке сеторларды дамыту саясатын жүргізу дегенге саяды.Бір сөзбен айтқанда  
экономиканы мемлект иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке жеке таратып беру емес,ол жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру,  
 
экономиканың нарық арналарына көшуін қамтамасыз ету. Жекешелендіру бағдарламасы сайып келгенде өндіріс көлемінің ұлғаюына, материалдық құндылықтардың молаюына, республиканы мекендейтін барлық халықтардың әл ауқатының жақсаруына қол жеткізетін болуға тиіс.  
Елбасының темірдей ерік жігері мен табандылығы, оның істің жағдайын божап, алдын ала жұмыс бастау қабілеті ғана. Қазақстанда меншіктің ұлан ғайыр реформасын қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.  
Еліміздегі ахуал оңтайлы бола қоймаған 1991жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңеске “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы ” заңды енгізіп, оның қабылдануына қол жеткізді.  
Жекешелендіру меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру :  
азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан ;  
кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар  
ретінде бөліп шығаратын бөлімшелерін;  
кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;  
 
акционерлік қоғамдардың /серіктестіктердің / капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін / пай, акциялар /;  
Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін / пай, акциялар / меншікке алуын білдіреді .  
 
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.  
Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіреқарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10 – 15 жыл бойы жүрді. Түркияда жекешелендіру 10 жылдам астам уақыт жүзеге асырылуда, Чилиде бұл процесс 1973 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік елдердің бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа созылуда.  
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады ; олардың әрқайсысының өз  
мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.  
 
1кезең. 1991- 1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптарымен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.  
Бірінші кезеңнің іске асуы нәтижесінде 6198 объект түрлендірілді.Түрлендірілген кәсіпорындардың ішінде 4160- ы кіші жекешелендіру (сауда – 1834, қоғамдық тамақтандыру -535, тұрмыстық қызмет көрсету – 1596, коммуналды шаруашылық -1950) құрады және 2038 кәсіпорын өнеркәсіп құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы салаларының үлесіне тиді. Жекешелендіру үрдісі бәрінен де сада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында белсенді жүргізілді, олардың үлес салмағы тиісінше жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 29,6% және 25,8%-ын құрады. Жекешелендірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі – 8,8 %, ауыл шаруашылығы – 10,1%, құрылыс -5% болды. Кәсіпорындардың 23,6%-ы азаматтардың жеке меншігіне алынды, 8,4%-ын бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар акционерлендірі 2-кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5-ші наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан  
 
Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің “ Ұлттық Бағдарламасына” cәйкес жүзеге асырылады.  
Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты мемлекеттің Республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеумен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталытандырылған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.  
Жекешелендірудің екінші кезеңі кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді.1995 жылы жеке жобалар бойынша кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның мемлекеттік акциялар пакеті және мүліктік кешендері өткізілді,соның ішінде мұнай, газ кешендері бойынша-21, электр энергетика бойынша -10,көмір өнеркәсібі бойынша-1 және т.б.1995 жылы осы кәсіпорындар бойынша мәмілелер сомасы мемлекеттік бюджетке 51млрд. теңге әкелді.  
Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институтционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:  
«шағын жекешелендіру»,ол шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететіндердің байқаулары мен аукциондары арқылы жүзеге асырылады;  
 
Жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;  
Жекешелендіру-инвестициялық купондарын (ЖИК) қолданысқа енгізу жаппай жекшелендіруге барлық тұрғындардың қатысуын жеңілдетуі тиіс еді.Қазақстанның әрбір азаматы сатуға болмайтын (Ресейдегі сияқты) және тек инвестициялық жекешелендіру қорларына салу үшін қолданылатын 100 купоннан (ауыл тұрғынына 120 купоннан) алды.  
Ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру  
“Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар)жекешелендіру”.  
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2-ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген. «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.  
Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.  
Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және  
мыналарды өткізуді көздейді ;  
 
-мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;  
-жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;  
-кәсіпорын мүліктік , мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;  
-шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін;  
-сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:  
-электроэнергетикалық кешендегі;  
-мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;  
-металлургиялық және тау-кен кешеніндегі;  
-көлік-коммуникация кешеніндегі;  
-агроөнеркәсіптік кешендегі;  
-әлеуметтік саладағы секторлық салаларды.  
Қазақстан Республикасында үшінші кезеңде:1997ж-6777,1998ж-3073,1999ж-2318,2000ж-1724,2001ж-1056 кәсіпорын жекешелендірілді.Жекешелендіруден түскен ақша қаражаттары:1997ж-56,5 млрд тг,1998ж-67,1 млрд тг,1999ж-36,6 млрд тг,2000ж-22млрд тг,2001жылдың 1-жартыжылдығында-1,1млрд тг IVкезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999жылғы 1-маусымдағы №683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.  
 
IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты –жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру,есепке алуды жақсарту,  
басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.  
Бағдарламаға сәйкес:  
-Мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомостволарға өткізіп берілді.  
-«Көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды.  
-Мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып,жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.  
1999-2000жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті мен оның облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға және ресей рубльдеріне жекешелендірді;28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.  
Алғашқы кезеңде жекешелендіруден 4144млн рубль алынған.1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215,4 млрд тг,соның ішінде акционерлік қоғамдар акцияларын сатудан 90%- тен астамы түсті.  
 
 
« Сонымен жекешелендіру де өз межесіне жетті.Ел не алып, мемлекетте не қалғаны да жұрттың көз алдында. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік» деп ашып айтты Президент Н Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Жолдауында.  
Ендігі міндет- осы айтылған салаларды көтеруде болса керек.  
 
3 Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің даму жағдайлары  
Республикамызда нарықтық қарым - қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шартыЯғни бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып,оларды акционерлік, кооперативтік және т б кәсіпорындарға айналдыруды қажет етті.  
Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыру, меншікті мемлекет иелігінен алу, акционерлік, кооперативтік және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру адамдардың шаруашылық және еңбекке деген ынта-жігерінің арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетті.  
Қазақстан Республикасының «Меншік туралы Заңының» біршама ерекшеліктері бар.Сөз болып отырған заң –алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді.Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктің алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді.Заңымыздың 45-бабында былай деп атап айтылған: «Қазақстан Республикасының экономикасы сан алуан меншік түрлеріне негізделеді. (Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қалыптасқан меншіктің экономикалық түрлерін 1-кестеден көруге болады).  
Бүгінде біз осы Қазақстан Республикасында  
меншіктің алуан түрлері мен формаларын  
 
қалыптастырған –«Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» саясатының нақты қайтарымын көріп отырмыз.Соңғы жылдары мемлекеттік меншікті сатудан ғана емес,сонымен бірге оны білгірлерпен басқарудан да айтарлықтай қаржы табудың үрдісі байқала бастады.  
1999 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне дивиденттерінің түсімі бір миллиард 170 миллион теңге дерлік болды.2001жылғы 1-маусымдағы жағдай бойынша 2000 жыл үшін мемлекттік акциялар пакетіне республикалық бюджетке түскен табыстағы сомасы бір миллиард 649 миллион теңгені құрап, тұтастай алғанда жыл қорытындысы бойынша 5,9 миллиард теңге алынатын болды.Бұл цифрлар жекешелендірілген кәсіпорындардағы өндірістің жағдайы мен қаржы ахуалында сапалық өзгерістерді айқын көрсетеді.  
Дивиденттен келетін түсімдермен қатар соңғы жылдары басқарушы компаниялар бюджетке мемлекеттік меншік нысандарын басқарғаны үшін төлемдер аударуда.Осылайша, 2001 жылы республикалық бюджеттің табысына бір ғана «Қазақмыс» корпорациясынан 35 миллион доллар түсті.(Мемлекеттік пакеттерді сату жөнінде және жалпы жекешелендірудің даму үрдісін соңғы жылдың қорытындысы бойынша мәліметтерді 2-3 кестелерден көруге болады.  
Егер жекешелендірудің экономикалық тиімділігі туралы сөз ететін болсақ, онда қазір нақты мыналарды атап айтуға болады: оның сенімділігі мен қажеттілігі сондайлық , өткенді көксеушілер кейде ауызға алатын  
 
алқылықтардың санын барша жұртшылық мойындаған табыстар әлдеқашан артығымен жауып кетті. Өткен он жылдағы жекешелендірудің табыстары ғана 220 миллиард тенге шамасында болды.  
1993 жылдан бергі Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 14 миллиард долларындай болды.Ал бұл біздің еліміздің биік имиджінің, яғни жақсыаттылығының, шетелдік әріптестер тарапынан деген сенімнің көрінісі емес пе?



Информация о работе Меншік және оның түрлері