Мұнда монополия түсінігі, түрлері және оған қарсы заңдар туралы жазылған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 15:27, реферат

Описание

Монополияға қарсы саясаттың қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Себебі қазіргі нарықтық экономикада таңдау мүмкіндігі тұтынушыға берілетін болса, ал монополиялда тұтынушыға таңдау мүмкіндігі берілмейді. Нарықтық экономиканың басты сипаттамасының бірі-бәсекелестік. Тек бәсекелестік арқылы өнімнің жоғары сапасын және жаңа түрлерін алуға болады. Кеңес өкіметі кезінде негізінен монополия басым және бәсекелестік жетілмегендіктен тұтынушыға таңдау мүкіндігі берілмеді. Сонымен қатар алға ілгерілеушілік көзге көрінбеді. Осындай жағдай тумау үшін әр мемелекет монопполияға қарсы заңдары қабылдап, жетілдіру үстінде.

Работа состоит из  1 файл

Монополия.docx

— 43.95 Кб (Скачать документ)

       Еркін бәсекедегі шаруашылық  жүргізуші субъектілердің рыноктық  қарым – қатынастарының қалыптасуы  мемлекеттік меншік пен мемлекеттік  басқару ұйымдарын реорганизациялау  мен демонополизациялаусыз мүмкін  емес.

       Қазақстанға КСРО-ның жоспарлы  экономикасынан мұраға өте монополиланған  экономика қалды.

       Түсті металдардың жеке түрлерін  өндіретін кәсіпорындар бір –  бірден десек қателеспейміз: Жезқазған  және Балқаш тау – кен комбинаты,  Өскемен титан – магний комбинаты,  Ертіс химия металлургия, Шымкент  қорғасын, Павлодар аллюминий заводттары, Белогор және Жәйрем тау –  кен байыту комбинаттары.

       Осындай жағдай машина жасау  саласында да қалыптасқан: барлық  кәсіпорындардың 2/3 бөлігі белгілі  бір саладағы жалғыз өнім өндіруші  кәсіпорын болып табылады.

       Химия – орман кешеніндегі  өнеркәсіптік кәсіпорындарының 1/3 –і  монополист болып табылады.

       Бір жағынан, республикада осы  ірі кәсіпорындар мен серіктестер  экспорттық мәні бар, волюталық  түсімдер беретін шикізат ресурстарының  негізгі көлемдерін өндіреді. Екінші  жағынан, экспорттық шикізатты  өндіретін кәсіпорындардың көбісі  бәсекелестік ортасы жоқ монополистер  болып табылады. Халықаралық рынокта  бәсекелестік күрес тәжерибелері  жоқ. Республика біріншіден қайта  өңдеуді және шетел капиталын  таратуды қажет ететін шикізатты  сатады.

       Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қарым – қатынастарының қалыптасуы  демонополизациялаусыз мүмкін емес. Сонымен қатар, мемлекесіздендіру  мен жекешелендіру мәндерін түсіну  қажет. Бұл процесс өздігінен  еркін бәсекені қамтамасыз етпейді,  өйткені мемлекеттік емес монополизм  оны бақылудың қиындығына, күрделілігіне  байланыста бәсекеге үлкен зиян  келтіреді. 

      Қазақстанда табиғи монополия  сферасына елесілер жатады:

    • Магистральді құбырлар арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасмалдау;
    • Құбыр арқылы газ және газ конденсатының тасмалдануы;
    • Электр және жылу энергиясын бөлу және жеткізу;
    • Темір жол магистральдарының эксплуатациясы;
    • Айрапорт, порт, аироновигация қызметтері;
    • Телекоммуникация қызметтері;
    • Су шауашылық және канализациялық жүйелердің қызметтері;
    • Пошта байланыстарының қызметтері т.б.

      Қазақстан Республикасының экономикасының  жеке салаларын демонополизациялау  шаралары түрлі меншік формасындағы  кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіне  бірдей шарттар қойылып, бәсекелестік  дамыту және монополизмнің басқа  нысандары мен түрлерінің пайда  болуына мүмкіндік бермеуді қамтамасыз  етуі қажет. Сонымен қатар,  Қазақстанда мемлекет меншігінде  келесі салаларды толығымен қалдыру  көзделген: қауіпсіздік кешенінің  негізгі кәсіпорындары, магистральді  темір жол көлігі, ірі аэропорттар  қызметі, магистральді құбырлар, базалық электростанциялар республикалық  және халықаралық мәндегі автомагистральдар,  сонымен қатар, қалааралық байланыс  құралдары, пошта, халықтық білім  беру кәсіпорындары, ұйымдары  мен мекемелері, мәдениет, денсаулық  сақтау ұйымдары.

       Қазіргі таңда елімізде монополиялық  салалардың бірі – байланыс  рыногы, яғни телекоммуникация монополисті  «Қазақтелеком», АҚ Қазақстан Әлемдік  Сауда Ұйымына өту үшін қажетті  шаруалардың бірі – телекоммуникация  либерализациясы. Телекоммуникация либерализациясы бізде жоспарлағандай аз уақытта жүргізіле алмайды, дамыған елдерде оған 10жылдықтар кеткен. «Қазақтелекомды» жекешелендіру – жоспарлаған. Болашақта, телекоммуникация кешенінде меншік формасын өзгертуіміз қажет. Өйткені, әлемдік Сауда Ұйымы мен басқа халықаралық институттар экспетрттері еркін рынок принципін талап етеді. Либерализация идеясы – ашық бәсекеге қабілетті рынокты мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз регуляторды көздейді. Алайда, біздің ұлттық ерекшелігіміздің  өзі – бірншіден, Қазақстан ашық рынок мүлдем жоқ, екіншіден, біздің мемлекетте толығымен тәуелсіз деп атауға болатын ұйым жоқ.

Сонымен, рыноктік жағдайда елдің экономикасын мемлекеттік  реттеу қажет. Қоғам өзінің тарихи даму барысында екі ерекше қызықты  феномен – мемлекет және рынокты  қалыптастырады. Әр түрлі салаларда  даму жолында екеуі өзара жақындаса  беріп, жолдары қиылыса бастады. Сондақтан өркениетті қоғамның даму деңгейі толығымен мемлекеттік  жыне рыноктік күштердің іс-әрекеттерінің  ұштасуы мүмкіндіктерімен анықталады. Сонымен қатар олар – қоғамның дамуына өзінің ықпал ету механизмдері бар, нақты қызметтері, мақсаттары мен  міндеттері бар жеке қатысты құрылымдар. Екеуі бірге жұмыс істегенде  ғана қоғамның тиімді дамуына қол  жеткізуге болады. Осыған байланысты әйгілі экономист Луис Малкерннің мемлекеттің  роліне байланысты айтылған сөзін еске салайық: «Менің ойымша, кез келген жетекші мемлекет үшін экономикада  мемлекеттің ролін дұрыс анықтамағаннан жаман нәрсе жоқ».

      Сондықтан, өркениетті монополияға  қарсы саясаттың ерекшелігі –  мемлекеттің көп дәрежеде жанама  шаралар арқылы өз елінде түрлі  масштабтағы фирмалардың оптималды  қатынасын, қамтамасыз етуде.  Практика дәлелдегендей, әлемдік  аренада неғұрлым дұрыс институционалды-өндірістік  құрылымды қамтамасыз ететін  мемлекет жеңеді.

     Қазақстан Республикасының осындай  жағдайда басты мақсаты рыноктік  экономиканың негізгі сипаттарының  бірі болып табылатын бәсекені  жетілдіру, оған кедергі болатын  барьерлердің алдын алу. Сонда  ғана республикамыз рыноктік  қатынастарда дұрыс даму жолында  болады.

      Қорыта келгенде, біз Қазақстан  Республикасында монополияға қарсы  қандай саясат қолданылып жатқанын  көрсеттік және де осы монополияға  қарсы шараларды ашып көрсету  үшін біз ең бірінші, антимонополияның  даму тарихын қарастырдық, екінші, монополияға қарсы саясаттың  мақсаттары мен міндеттерін қарастырдық.

Реттеушілер шет елде бір саладағы реттелетін субъектілер үшін әдетте бірыңғай планканы белгілейді, ысыраптарға байланысты одан жоғары шығындар тарифке енгізілмейді. Осылайша, мысалы, Австрияда электр энергиясын беретін және тарататын  кәсіпорындар үшін  бұл планка 2 %-ға тең.

Сонымен қатар, әрекет етуге ынталар болмайынша елеулі ілгері жылжу болмайды. Сондықтан  біз мыналарды ұсынамыз.

Субъект инвестициялық бөлімді де қамтитын  нормативтен тыс ысыраптарды  жою жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға кірісуге тиіс. Агенттік Ережелерге тиісті өзгерістер енгізуде, оларда мұндай Іс-шаралар  жоспары болмаған жағдайда тарифтерді өзгертуге берілген өтінім қабылданбайды деп көрсетілген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. «Экономикалық теория негіздері» Әкімбеков  (1-3 бет)

2. «Государство и бизнес»  3-ші кітап, 1-ші бөлім, Алматы, 2002 жыл //Н.К.Мамыров, А.Н.Саханов,  Ш.С.Ахметов, Л.Брутази (4-6 бет) 

3. «Экономиканы мемлекеттік  реттеудің өзекті мәселелері»  2002 жыл//Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков(7-10бет)

4. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» 2008 жыл//МБ.Төреғожин (10-11 бет)

5. «Закон ограничивает поблажки монополистам» // Воротной И Известия. Каз 2004г 30июнь (17-19 бет)

6. «Антимонопольное законодательство РК» Э.Жилкибаева Алматы 1999г (19-20бет)

7. Н.К. Мамыров, Ж.А.Кулекеев, Т.К. Султанбеков. Микроэкономика Алматы 2001(22-24)

8.Экономиканы мемлектік реттеу. Оқу құралы Маденов С.М., Жезказган 1998 жыл. (11-13 бет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

      1. Кіріспе

 

      1. Негізгі бөлім:
        1. Монополияның мәні  мен түрлері;
        1. Монополияға қарсы заңдар және экономикалық реттеу;
        2. Монополияға қарсы саясаттың мақсаттары мен әдістері;
        3. Қазақстан Ресубликасының монополияға қарсы мемлекеттік реттеу;

 

      1. Қорытынды бөлім.

Информация о работе Мұнда монополия түсінігі, түрлері және оған қарсы заңдар туралы жазылған