Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 08:30, реферат
Қазақ тарихын зерттеу - «қазақ» сөзінің мағынасын білуден басталады. Қазақтың қайдан пайда болғаны, қандай рухани құндылыққа бірігіп халық ретінде ұйысқаны: бәрінің жауабы осы сөздің ішінде жасырулы. Бүгінгі тарихшылар бұл сөздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз жорамалдар шығарған. Мысалы, 1) «қаз-ақ», яғни «ақ-қаз» деп; 2) «қазғыш-добытчик» деп; 3) «қай-сақ», «қас-сақ», яғни түбірі «сақ» тайпасының атауы деп, үйлестірмек болады. Мұндағы «қас-сақ» деген болжалды дұрыстау деп санап, қисынсыздығына көз жұмып, «қазақстан тарихы» оқулығ«Қазақ» - жауынгерлік ұғым.
«Қазақ» сөзі не мағына береді?
Қазақ тарихын зерттеу - «қазақ» сөзінің мағынасын білуден басталады. Қазақтың қайдан пайда болғаны, қандай рухани құндылыққа бірігіп халық ретінде ұйысқаны: бәрінің жауабы осы сөздің ішінде жасырулы. Бүгінгі тарихшылар бұл сөздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз жорамалдар шығарған. Мысалы, 1) «қаз-ақ», яғни «ақ-қаз» деп; 2) «қазғыш-добытчик» деп; 3) «қай-сақ», «қас-сақ», яғни түбірі «сақ» тайпасының атауы деп, үйлестірмек болады. Мұндағы «қас-сақ» деген болжалды дұрыстау деп санап, қисынсыздығына көз жұмып, «қазақстан тарихы» оқулығ«Қазақ» - жауынгерлік ұғым.
Қазақта қаза деген қастерлі сөз бар. Өлімнің бәрін «қаза» демейді. Мәселен, майданға қатыспай өз үйінде жатып көз жұмған кісіні «қаза тапты» деп айтпайды: «қайтыс болды», «бақилық болды», «дәм-тұзы таусылды» дегендей басқа сөздермен сипаттайды. «Қаза» - бұл, дәрежесі өзге өлімнен биік тұратын, батырлықтың дәлелі болатын сөз. Қаза болған кісіні ел-жұрты батыр деп дәріптеп, жоқтап аза тұтқан. Яғни, қаза табу - жауынгердің ғана маңдайына жазылған ақ өлім.
Қаза сөзіне ақ дегенді жалғасақ қазақ сөзі шығады. 1-шіден қаза мен қаза-ақ деген дыбыстық үйлесімі, 2-шіден екеуінің де жауынгерлік ұғым болуы кездейсоқ сәйкестік емес. Бұл сәйкестікті қазбалай түссек, онда қаза сөзінен қазақ сөзінің қалай туындағанын пайымдай аламыз.
Қазақта «Ердің орыны елдің шетінде, жаудың өтінде жүру!» дейтін нақыл бар. Яғни, ерлер елдің шетіне шығып, иен далада әскери қосындар құрып ел қорғаған, және аңшылық жасап, жау елдерге шапқыншылық жасап өзінше күн көруге тиіс болған. Бұл түркі жұртының көнеден келе жатқан дәстүрі. Жаугершілік шерулер, майдан даласы дегенің қазасыз болмайды ғой. Яғни, иен далаға кетіп, жауынгерлікті кәсіп қылудың ұраны: «Мен ел үшін қаза-ақ болуға бекіндім!» дейтін өлімге бас тігу антымен басталса керек. Әлбетте, қаза-ақ болуға бекініп, ел шетіне шыққан әскери қауымды қазақшылық құрушылар, яки қазақтар деп атаған. Оларға, жауынгерлік тіршілік - кәсіп, соғыс - олжа көзі болған. Жауынгерлікті кәсіп ету нағыз ердің ісі саналған. Кәсіпқой жауынгер болу үшін бойында күші тасыған алып және ержүрек болуы керек. Денсаулығы мықты, өзіне сенімді ерлер ғана қазақшылық құра алған. Жігіт-желең кезінде қазақшылық құрып, ауырғанда және қартайғанда ел жұртқа барып бейбіт тірлік кешкен ерлер де аз болмаса керек. Бірақ, атышулы батырлар бүкіл өмірін қазақшылыққа арнап, үйлі-жайлы күйінде, әйел-баласымен де қазақшылық құрып жүре берген. Осындай батырлардың бастамасымен бүкіл отбасы, әулеті, тіпті ру-тайпасымен қазақшылық құрушылар пайда болған. Отырықшы тайпаның қазақшылық құруы, әлбетте, мүмкін емес. Яғни, қазақшылық құрушылар көшпелі тайпалар болған. Қазақ хандығы құрылмай тұрып-ақ, қазақ аталған көшпелі әскери тайпалар болғанын түрлі тарихи деректерден кезіктіреміз.
«Қазақ» аталатын тайпалар ешкімге тәуелсіз, ерікті, еркін тіршілік кешкен. Сахараның о шеті мен бұ шетіне дейін кезіп, шерулетіп жүре берген. «Кімсіңдер, қайда барасыңдар?» – дегендерге: «қазақпыз!» деген жалғыз сөзбен-ақ еркінше шерулетіп жүргенін түсіндіре алса керек. 1245-жылы Мәмлүктер билеген Мысыр мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде, «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе адам» деген мән берілген екен. Жаугершілік заманда «еркін, кезбе адам» болып жүру жауынгердің ғана қолынан келгені анық. «Қазақ» дегеннің әскери қауым екенін айғақтайтын деректер де жеткілікті. Мысалы, парсы тарихшысы Шарафуддин Иааздидің «Зафарнама» атты еңбегінде: Дешті Қыпшақты әскери түрде күзетіп отырған елді - Өлейіт чатур қазақ, деп атаған.ына «Қазақ» сөзі – жауынгерлік ұғым.
«Қазақ» сөзін зерттеген Сәкен Сейфуллин атамыз «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» атты еңбегінде, Мұқаметжан Тынышбайұлы деген тарихшының еңбегіне сүйене отырып қисынын былайша өрбітеді:
* 1) Наков деген орыс шежірешісі: «1223-жылы Шыңғыс әскері Кавказ тауынан асып келіп, «қазақ»(касах) жерін басып, қыпшақтарды қиратып, сонан соң орыстарды қиратқан» деп жазған.
2) Атақты Ноғайханның заманында, Кавказдан черкестерді шақырып келіп, Рылск деген қаланың маңына орнатқан. Сол черкестер өздерін өздері «қазақпыз» деген.
3) 1397-жыл мен 1410-жылдарда Қырым татарларының біразы Литва еліне ауып барған. Литва королінің хат тасушысы қызметінде болған татарлар «қазақ» атанған. Ол кезде орыстың «казак-орыс» дегендері шықпаған кез еді.
4) Күншығыс жақта 1456-жылы Жәнібекті хан көтерген ноғайлар – қазақ атана бастап Қазақ хандығын құрғанда, 1474-жылы Қырым ханы Меңлікерей, 3-Иван атты орыс князіне жазған хатында: «Сенің жеріңді тартып алуға мен ұландарымды, мырзаларымды - қазақтарымды жібермеймін» - деген.
5) 1523-жылы Морозов деген орыс Түрік сұлтанына айтқан сөзінде: «сенің қазақтарың бізге тие береді» деген.
Бұл мағлұматтардан көретін нәрсе мынау: көп елінен оқшауланып шығып, жауынгерлік кәсібінде болғандарды «қазақ» деген!»- депті Сәкең.*(Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» деген еңбегі Алматыда 1997жылғы Е.Аққошқаров құрастырған, «Қазақ тарихынан» кітабының 284-321-ші беттерінде жарияланған).
Шоқан Уәлихановтың айтуынша: «қазақ сөзінің әргі мәні – жан мен тәннің еркіндігі мен биік рухын білдіретін, европалық серілікке(рыцарство) тән!»- екен.
Бүгінгі Ресейдегі Құмық, Ноғай атты халықтар тілінде «қазақ» сөзі әлі күнге дейін «жауынгер» деген мағынасын жоғалтпапты. ендіріп те жіберген.