Пайда мәні мен түрлері. Пайданы бөлу және пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – “Пайда мәні мен түрлері. Пайданы бөлу және пайдалану.” Курстық жұмысты таңдау себебім нарықтық экономикада экономикалық категория ең маңызды мәселе болып табылады. Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор – пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ 4
1.1 Пайданың мәні 4
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері 5
2. ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ 10
2.1 ҚР пайданы бөлудің қажеттілігі 10
2.2 Пайда нысандары және олардың жолдары 14
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23

Работа состоит из  1 файл

пайда мәні мен түрлері.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

Егер қосымша құн  нормасы өзгермелі капитал дәрежесінің ұлғаюын көрсетсе,

 

m = mv * 100%                (4)

 

пайда нормасы (р1) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді, яғни

 

             (5)

 

немесе

 

              (6)

                    

Капиталистік өндірістің ынталандырушы күші – пайданы өндіру мен иемдену. Пайда нормасы жоғары болады. Пайда нормасы капиталистік шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Пайда нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда). Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын экеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.

Пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Пайда нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру мүмкіндігін береді. Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нэтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды. Осы көрсеткіштің өзгеру тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму сипаты тәуелді. Пайда нормасының қозғалысымен акция курсының, процент ставкасының, басқа да экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланысты.

 

2. ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

 

2.1 ҚР пайданы бөлудің қажеттілігі

 

 

Нарықтық өндірістің жекелеген салаларына пайда нормасына  ықпал ететін әр түрлі техникалық-экономикалық факторлар әр қилы күшпен әрекет етеді. Өнеркәсіптердің жаңа салалары ескілерімен салыстырғанда техникалық тұрғыдан тезірек дамиды. Сондықтан капиталдың органикалық құрылымы әр салада әр түрлі. Бірдей қосымша құн нормасымен бірдей мөлшердегі капиталға қосымша құн массасы, осыған сэйкес әр түрлі саладағы пайда нормасы өзгермелі капиталдың көлеміне орай бірде жоғары, бірде төмен болады. Өндіріс салалары капиталдың органикалық құрылымы бойынша ғана емес, оның айналым жылдамдығы бойынша да ажыратылады. Капитал айналымдылығы салыстырмалы төмен салада, қосымша құнның жылдық массасы аз, ал капитал айналымдылығы жоғары саламен салыстырғанда пайда нормасы төмен болады.

Егер тауарлар құнмен сатылатын болса, капиталистер бірдей мөлшерлі капиталға әр түрлі пайда  алар еді, ал капиталдың органикалық  құрылымы жоғары және капитал айналымы жылдамдығы төмен саладағы капиталистер пайданың ең төменгі дәрежесіне ие болар еді. Бірақ жағдайында бұлай болуы мүмкін емес, өйткені ешкім де кәсіпкерді өз капиталын ең төмен пайда нормасы бар салаға жұмсауға міндеттей алмас еді. Егер оның капиталы басқа өндіріс саласына жұмсалған бірдей мөлшерлі капиталға қарағанда аз пайда әкелетін болса, онда өз капиталын одан алып пайданы көбірек әкелетін кәсіпорындарға жұмаған болар еді. Бірдей көлемді капитал бірдей дәрежедегі пайда әкелуі үшін, тауарлар құнымен сатылмауы керек.

Салалық пайда нормасының жалпы, орта нормасына айналуы стихиялы, бәсеке күресінің нәтижесінде орын алады. Капитализм тұсындағы бәсеке күресінің екі түрі бар: ішкі салалық және салааралық.

Ішкі салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы талас-тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша пайда табу мақсатымен тауарларды сату үшін күреседі. Бірыңғай тауар өндіретін әр түрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей болмайды. Нарықта сатушылар мен сатып алушылардың бәсеке күресі барысында (сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар анықталады, яғни тауардың нарықтық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым көпшілігін құрайды. Нарықтық құнның ақшалай формасы нарықтық баға деп аталады.

Салааралық бәсеке капиталды тиімді, ұтымды пайдаланумен байланысты  әр  қилы  саладағы кәсіпкерлердің өзара күресі, яғни капиталдың пайдалылығын арттыру. Бұл бәсекенің тетігі капиталдың пайда нормасы төменгі саладан, пайда нормасы жоғары салаға еркін ауысуы болып табылады. Капиталдың ауысуы қандай нәтиже береді? Капиталдың пайда нормасының төмен саладан ауысуы өндірісті қысқартады, тауарларға деген ұсынысын азайтады, баға өседі, осымен байланысты пайда нормасы да өседі. Капиталдың пайда нормасының жоғары салаға ауысуы өндірісті және тауарларға деген сұранысты ұлғайтады, бағаны, пайда нормасын төмендетеді. Капиталдың бір саладан екіншісіне стихиялы ауысып отыруымен, түптеп келгенде пайда нормасы теңеледі де, орта пайда немесе барлық өндіріс саласында бірдей мөлшерлі капиталға жалпы пайда нормасы құрылады.

Орта пайда нормасы жиынтық қосымша құнды бөлумен байланысты әр қилы саладағы кэсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды. Ол жиынтық қосымша құнның бүкіл қоғамдық капиталға қатынасы ретінде де анықталады. Салааралық бәсеке нәтижесінде бірдей капиталға бірдей пайда массасы келеді. Орта нормаға сәйкес авансыланған капиталға алынған пайданы орта пайда деп атайды.

Пайданың орта пайдага айналуы тауарлардың  құнымен емес, өндіріс бағасымен  сатылуына байланысты, яғни өндіріске  авансыланған капитал мен орта пайданың қосындысы.

 

Кесте 1

Құнның өндіріс бағасына айналуы

 

Өнді-ріс сала-лары

Капитал-дар (К)

Қосымша құн нормасы

Пайда нормасы (р1)

Орта пайда

Тауар құны (W)

Өндіріс бағасы (c+v+p)

Өндіріс бағасының құнынан  ауытқуы (+ немесе)

Норма m1

Массасы

I

II

III

90c+10v

80c+20v

70c+30v

100

100

100

10

20

30

10

20

30

20

20

30

110

120

130

120

120

120

+10

 

-10

 

240c+60v

 

60

   

360

360

0



 

Бұл мысалда (1 – кестеде) барлық салада капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және тұтынылған капитал бір-біріне тең.

Кестеден көріп отырғандай, әрбір  салада өндірілген тауарлар өндіріс  бағасы бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық  құрылымы төмен III салада тауар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлері 10 өлшемге ұтылады. Ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары - I саланың кәсіпкерлері керісінше 10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.

Көрсетілген салалар бойынша тауарлардың  өндіріс бағасын тауар құнымен  салыстырудан шығар қорытынды, өндіріс  бағасы құннан ауытқиды. Бірінші капиталдың органикалық құрылымы орта дәрежеден  жоғары салада, өндіріс бағасы құннан жоғары, ал үшінші – капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық орта дәрежеден төмен, түптеп келгенде, бұл ауытқулар өзара бір-бірімен теңеседі, кәсіпкерлер өндірілген қосымша құнның барлық массасына ие болады. Бірақ салааралық бәсеке нәтижесінде бұл қосымша құнның массасы жұмсалған капитал мөлшеріне сай пропорционалды қайта бөлінеді. Сонымен, ішкі салалық бәсеке нәтижесінде көптеген жеке құндар біртұтас рыноктық қүнға айналатын болса, салааралық бәсеке нәтижесінде рыноктық құн барлық өндіріс саласындағы пайда нормасын теңестіруші, өндіріс бағасына айналады. Өндіріс бағасының құрылуымен рыноктық баға өндіріс бағасының шеңберінде ауытқып отырады. Нарықтық бағаның құрылуын реттеуші рөлді тауарлардың рыноктық құны атқарады, тек тікелей емес, өндіріс бағасы арқылы атқарады.

Нарықтық экономикада  өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы капиталдың органикалық құрылымының өсуінен  байқалады. Ол жоғары болған сайын пайда  нормасы төмен болады. Капиталистік өндірістің дамуымен, капиталдың органикалық құрылымы артады, алайда пайда нормасының төмендеуіне әкеліп соғады. Дегенмен капиталдың органикалық құрылымының өсуімен, пайда нормасының төмендеуі абсолютті, міндетті заң емес, тек тенденция ғана. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеуіне қарсы әрекет ететін бірнеше факторлардың орын алатындығы. Оған ең алдымен жалдамалы еңбекті қанауды күшейту жатады. Қосымша қүнның нормасының артуы оның массасын ұлғайтады, ол кезегінде пайда нормасының төмендеуін тежейді. Екіншіден, жалақының жұмыс күші құннан төмен ауытқуы, капиталдың   органикалық   құрылымының   өсуі өнеркәсіп резерв армиясының құрылуына әкеледі, ол болса кәсіпкерлерге жұмыс күшін оның құнынан төмен сатып алуға, жалақыны төмендету, жұмысшылардың қосымша еңбегінен басқа қажетті еңбегінің бір бөлігін иемдену мүмкіндігін береді. Үшіншіден, тұрақты капитал элементтерін арзандату капиталистерге қосымша құн массасын көп мөлшерде алу мүмкіндігін береді, сол қолдағы тұрақты капиталмен ірі өндірісті ұйымдастырып, көптеген жұмысшыларды қанап және пайда нормасын көтеруге болады. Сонымен капиталистік елдердің экономикалық дамуының басты қозғаушы күші - пайда нормасы. Ішкі қайшылық капиталдың шексіз өсу тенденциясына пайданың орта нормасының төмендеу тенденциясы қарсы әрекет етеді. Бұл заңдылық капиталдың түбірі экономикалық мүддесін қозғайды, яғни қоғамның өндіргіш күштері тез дамыған сайын, пайда нормасының төмендеу тенденциясы активті көрініс алады.

Сауда экономиканың шынайы көзі капиталистік өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшылар өндірілген қосымша құн болып табылады. Өнеркәсіп капиталистері қосымша құнның бір бөлігі саудагерлерге тауар капиталын ақша капиталына айналдыру қызметі үшін беруге мәжбүр болады. Сауда пайдасы сауда капиталистерінің иемденетін қосымша құнының бір бөлігі. Сауда капиталы, қосымша құнды өндіруге қатыспай оны бөлуге қатынасады. Былай деп ұйғарайық, жыл бойғы авансыланған өнеркәсіп капиталы 900-ге тең, ол 720 және 180 тұрады. Қосымша құн нормасы 100% болғанда, оның массасы 180-ге тең болады, ал жылдық өнім құны:

 

W = 720с + 180v = 1080.                (7)

 

Пайда нормасы 20%, яғни:

 

           (8)

 

Тауарларды сату үшін тағы да қосымша 100 өлшем тауар капиталы керек делік. Мұндай жағдайда қоғамдық капитал 1000 өлшемге тең болады, ал бүкіл қоғамдық капиталға орта пайда нормасы 18% болады:

 

            (9)

 

Өнеркәсіп иесі өзінің 900 өлшем капиталына 162 өлшем өнеркәсіп  пайдасын, ал саудагерлер өзінің 100 өлшем капиталына 180 өлшем сауда пайдасына ие болады.

Өнеркәсіп капиталистері  саудагерлер тауарларын құнынан төмен бағамен сатады: 720с + 180v + 162р = 1062. Сауда капиталистері тауарлы өнімді құнына тең өндірістің қоғамдық бағасымен сатады.

720с + 180v + 162р + 18Һ = 1080 (р - өнеркәсіп пайдасы, һ - сауда пайдасы).

Бұдан шығар қорытынды, сауда капиталы қосымша құн өндірмейді, алайда оны бөлуге және орта пайдамен теңестіруде қатынасады. Нәтижесінде орта пайда 20%-дан 18%-ға кемиді. Алайда бұл өнеркәсіпшілер мүддесіне қайшы келмейді. Егер, олар тауарларды сатумен тікелей айналысатын болса, айналыспен байланысты уақыт пен шығын анағұрлым көп кетер еді де, өнеркәсіп капиталының нормасы төмен болар еді. Сонымен сауда пайданың табиғаты өнеркәсіптік пайдасындай болғаны. Олар құнның бөліктері.

Қосымша құнды бөлуде қызмет істеуші өнеркәсіп және сауда  капиталистерге ғана емес, ақша қаражатының иесі қарыз капиталистері де қатысады. Қарыз капиталды капиталдың ең бүркемеленген түрі, онда қосымша құн алудың көзі мүлдем жасырын көріністе. Қарыз капиталының А - А1 қозғалысында капиталдың өгейленуі мен оған құн өсімін алумен байланысты аралық фаза түсіп қалады. Мұнда құнның өсу көзі, шын мәнінде, жасырын қалып отыр. Мұнда капитал аралық қозғалыссыз "ақша түсімін" күтіп отырған ақша ретінде көрініс алады. Бірақ, қосымша құн теориясы бойынша ақша, шын мәнінде, өздігінен өспейді, ол қызмет етуші капиталистердің қолында жалдамалы еңбекті қанау арқылы қосымша құн алуға пайдаланылатын нақты капиталға айналады. Қарыз капиталы шаруашылық қызметімен айналыспайды, тек купондарды қиып отырумен шектеледі. Сонымен қарыз капиталы капитал-меншік иесі, өзіндік қозғалыс формасы бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті - қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін   істеуші  меншік  иесі,   қарыз   ала  отырып,   ақша  иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оны кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: Капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жылдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы:

Информация о работе Пайда мәні мен түрлері. Пайданы бөлу және пайдалану