Политэкономия,экономикалық теория және экономикстің байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 18:20, реферат

Описание

Экономикалық ілім – ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі.Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық, мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі “политэкономия” деген атқа ие болды.

Содержание

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім:

1) Политэкономия.

2)Экономикалық теория.

3) Экономикс.

3.Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

жасыбек.doc

— 59.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар: 

1.Кіріспе.

2.Негізгі  бөлім:

  1) Политэкономия.

  2)Экономикалық  теория.

  3) Экономикс.

3.Қорытынды.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

1.Кіріспе.

    Экономикалық ілім – ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі.Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық, мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі “политэкономия” деген атқа ие болды. Бұл терминді алғаш 1615 жылы драматург және жазушы Антуан де Монкретьен өзінің “Политэкономия жайлы трактат” атты экономикалық еңбегінде ұсынды. “Политэо”сөзінің өзі “мемлекет” деп аударылады.Ол бұл кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды.Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Ол бұл трактатының алдында немесе одан кейін де ешқандай еңбек жазбады. Бұл пән капитализмнің дүниеге келу қарсаңында (XVI ғ.аяғы  – XVII ғ.басы)  дами бастады. Алғашқыда буржуазиялық өндірісте емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын байланыс сферасында әрекет еткен. XIX ғасырдың соңына қарай бұл сөз “экономикалық ғылым” терминіне алмастырылды. Бірақ 1960 жылдарға қарай қайта жаңғырып, терминнің мағынасы біршама өзгертілді. Политэкономия – таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың экономикалық қатынасын, мүдделерін зерттейді. 

2. Негізгі бөлім.

  1) Экономикалық ілімдер тарихи ғылым ретінде XVII ғасырда пайда болып,осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады.“Меркантилизм” бірінші экономикалық ілім болып табылады. Олар – политэкономияның тарихи негізін салушылар.Меркантелистердің негізгі идеясы, қоғамның басты байлығы – ақша, ал байлық көзі – айналым деп түсіндірген. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын,күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі.Меркантилизмнің нағыз өкілдері – Вилья Стаффорд, Томас Мен болып табылады.

    Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды.Осы мектептің басты тұлғасы – Франсуа Кенэ еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының еңбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте болатындығын айғақ етті. Адам Смиттің  “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері” атты еңбегі   политэкономия пәнінің өз түсінігіндегі ңұсқасы деп есептелінеді. Ол бұл пәннің негізі байлық деп түсінді. Оған Давид Рикардо да қосылды. Ал Симон де Сисмонди “негіз - байлықта емес, оның бөлінісінде” деп білді, ал оның “ерекше қызметі – осы процесстің әділдігін сақтау” деп білді.  Ол: “Политэкономия – жай есептеудің ғылымы емес, ол адамгершілік ғылымы; ол бос сандарға сүйенгенді жаңылыстырып, адам сезімі мен тілегін еске алғанды мақсатына жеткізеді” деп тұжырымдаған еді. Осы идеялар классикалық политэкономия деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық политэкономия мектебінің негізін қалаушылар деп аталды.

       Политэкономияның классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты. Карл Маркс Сисмондидің айтқандарын ұсақ буржуазиялық, популистік деп таныды. Экономикалық процесстердің түпкі негізін табу мақсатымен, ол философиялық-абстрактілі жолмен кетті. Ол өндірістік қатынастарды (өндіру, бөлу, айырбастау, тұтынуды) бір жиынтық бөлшек деп алды. Арнайы ғылымдарды құрайтын бөлімдеріне (тауар экономикасы, маркетинг,т.б. ) көңіл бөлмес үшін, Маркс қоғамдық өмірде орын алатын процесстермен айналысатын адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды қарастырды. Бұл қатынастар субъективті-психологиялық емес, қоғамдық-құқықтық еді. Осыған байланысты бүгінде политэкономияның құрамына өндірістік қатынастар, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді.К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. Экономикалық мектептер ішінде марксистер “политэкономия” терминін қолданудан ешқашан бас тартпады.

       XX ғасырдың екінші жартысында “маржинализм” теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер, Фридрих фон Визер, Эйген фон  Бем-Баверк, ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды.

     Экономикалық ғылым үш ғасыр  бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) политэкономия ретінде дамыды. Бугінде политэкономия – экономикалық теорияның категорияларының бір элементі. Ол - экономикалық теорияны құраушы көптеген ғылымдардың бірі. Ол қоғамдық шаруашылықтың даму заңдарын қарастырады. Оның зерттеу объектісі қоғам, қоғамдық байланыс болып табылады. Политэкономия адамзаттың экономикалық әрекетінің дамуының әртүрлі тарихи кезеңіндегі өндірістік қатынастарды басқаратын экономикалық заңдарды реттейді және сәйкестігін бақылайды. Өндірістік күштер мен қатынастардың әртүрлі жағдайын сапалы түрде белгілеу үшін түрлі тәсілдер қолданылады. Соған орай ХХ ғасырда политэкономия көптеген “Құқық пен халық шаруашылығының тарихы”, “Тауарға кіріспе”, “Экономикалық статистика” сынды ғылымдармен байланысып, кейіннен өзі “Экономика тарихы”, “Эконометрика”  сынды жаңа ғылымдардың тууына себеп болады. Политэкономия пәнінің элементтері У. Петти, П.де Буагильбера сынды ғалымдардың еңбегінен бастау алып,  соңғы нүктесі классикалық политэкономияға жататын Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Миллер, Карл Маркс, Бастиа еңбектерінде қойылды. Олардың жасаған қорытындылары мен тұжырымдарының ұқсастығына қарамастан, политэкономияның мектептері көбейе беріп, экономикалық ойлардың ауқымы кеңейе түсті. Ғалымдардың айтуы бойынша және ғылыми еңбектерінің таралымы бойынша, ең ұзақ өмір сүрген маркстік политэкономия болып есептеледі. XVIII-XX ғасырлардан және қазірге дейін политэкономия кең ғылымдардың бірі, қоғамдық-экономикалық теорияның негізі,бастамасы болып табылады.

      Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Кейнс болып табылады.Оның жасаған негізгі қағидасы – еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру. Сонымен қатар, осы кезеңде неоклассиктер – А.Смиттің тікелей ізбасарлары  былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе, өте жақсы қызмет атқарған болар еді.

    2) Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялық негізі- экономикалық теория. Бұл теориянынң даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды.

Басқаша айтқанда, экономикалық теория - қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер,капитал,кәсіпкерлік) пайдалану туралы, өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

     Экономикалық  теорияны тарихи даму барысында идеологияландыру  проблемасы болады. Меркантилистер сатып алушылардың мүддесін қорғаса, классиктер – капиталистердің мүддесін қорғаған.Экономикалық теорияның идеологияландыруын кең таратқан – марксистер. Олар теориялық ашық түрде жұмысшы табының мүдделерін қорғауға бағытталған. Сондықтан экономикалық ілім оны пролетарлық саяси экономика деп атаған. Ол теорияның негізгі  постулаты – барлық экономикалық өндіріс құралдарына қоғамдық меншік және еңбектенушілер мүддесі негізінде орталықтанған жоспарлы басқарылу.Экономикалық теорияның негізі – адамдардың шектеулі ресурстар әлеміндегі экономикалық тәртібін, материалдық игілік пен қызметті өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну кезіндегі экономикалық қатынас жүйесін қоғам дамуының барлық сатысын зерттеп, оқыту болып табылады. Ол ауқымды ғылым саласы болып табылады. ХХ ғасырдың басында бірнеше экономистер қатары экономикалық теория пәніне қайта оралуға тырысты, бірақ бұл дискуссиялар әлі күнге дейін созылып келеді. 1921 жылы Дж.М.Кейнс өзінің “Кіріспе” атты еңбегінде былай деген еді: “Экономикалық ғылым –  ілім емес, ол иесіне дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін тәсіл, құрылғы және ойлау құралы.”

    3) Бүгінде экономикалық теория пәніне жақын ғылымдардың бірі -экономикс болып табылады. Бірақ ол меркантилистер, физиократтар,т.б.  мектептер секілді өз алдына жеке, жүйелі экономикалық оқу деп есептелмейді, бұл ғылым нарықтық шаруашылықты, яғни нарық жүйесінің объектілерін зерттейді. Алғаш бұл терминді ағылшын экономисті Альфред Маршалл қолданды. Бұл сөздің аудармасының көптеген нұсқасы болды. ““Economics” сөзі “экономикалық” деп аударылады” деп, бір ғалымдар тобы тұжырымдаса, басқалары “economix” деп ойлап, “экономикалық ғылымдардың, оның мектептерінің қоспасы” деп тұжырымдады. Көптеген талас-тартыстар, даулар тоқтамаған соң, 1966 жылы Н.К.Қаратаев өз монографиясында бұл терминді қолданып, түп-нұсқасында қалдыруды шешті. Альфред Маршаллдың экономикалық ойлары неоклассикалық мектепке жатты. Дегенмен XIX-XX ғасырдардың көптеген ғалымдары, экономистері (Карл Менгер,Леон Вальрас,Фридрих фон Визер, Эйген фон Бем-Баверк, Джон Бейтс Кларк) Маршаллдың бұл терминін ғылымға енгізуге асықпады. Алдымен бұл “economics”  ғылымын жоғары оқу жүйесіне, яғни университеттердің, колледждердің білім жүйесіне енгізуді ұйғарды. Англия,АҚШ елдерінің оқу жүйесінде экономикалық ғылымдардың политэкономиясыз жүйесі енгізілді. Олар политэкономияны оқыған жоқ, басты негіз – “экономикс” болып саналды. Политэкономия бұрынғы заманның идеологиясын қуады, ал экономикс – нарықтық экономиканы қарастырады.Ол көбінесе Батыста оқытылады. экономикс  - барлық  экономика  ғылымдарының жетістіктерін жинақтайтын, бизнес заңдарын және оларды іске асыру тетігін, шаруашылықты жүргізу әдістерін,экономикалық саясатты , экономиканың кез келген саласындағы практикалық қызметтің проблемалары мен қарама-қайшылықтарын ашатын ғылыми пән. Дәлірек айтқанда, экономикс —шектеулі ресурстар дүниесінде адамдардың материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру, бөлу және тұтыну барысындағы мінез-құлқын зерттеу. 

3.Қорытынды:

   “Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті” – дейді американдық белгілі экономист Р.Хайлбронер. Менің ойымша, экономика ғылымына бұдан артық берілген баға жоқ сияқты. Себебі басты осы үш тұлға экономика ілімін түбегейлі өзгертіп, жаңалықтар енгізді. Бүгінгі экономика пәніне байланысты еңбектердің барлығы да осы үш тұлғаның еңбектері негізінде жазылған деп ойлаймын. Политэкономияның мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің ережесі екенін бізге осы әйгілі экономист-ғалымдар түсіндіріп берді. Менің көзқарасым бойынша, политэкономия, экономикалық теория және экономикс бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі бүгінде біз экономика ғылымын экономикалық теория ретінде қарастырып жатырмыз. Ал бұған дейін политэкономия негізінде оқыдық. Ал болашақта еліміз нарықтық экономикаға  толықтай өткенде, Батыс елдері секілді “Экономикс ” деп оқимыз деп ойлаймын. Өйткені экономикс нарықтық экономикаға негізделген, ал политэкономияда өткен заманның лебі бар. Бірақ жалпы бұрынғы ойшыл экономистердің теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы, яғни өмірде керек деп ойлаймын.

Дж.Кейнс: “ Экономистер мен саяси ойшылдардың ойларының , олар дұрыс айтса да, қателессе де,  маңызы өте зор.Шындығында, осы әлемді билеп тұрған солар” деп айтқан сөздерінің мәнін ұғайық. Оның айтқанымен мен толықтай келісемін.Егер экономикалық заңдар мен тұжырымдар болмағанда, бұл әлемде өмір сүру тым қиынға соғады. Экономикасыз өмір жоқ. 
 
 
 
 

  Әдебиет көзі:

  1. “Экономикалық теория негіздері”. Я.Ә.Әубәкіров.,1998 ж.
  2. “Жалпы экономикалық теория”.Ә.Қ.Шеденов., 2004 ж.
  3. “Экономика”. О.С.Сәбден., 2009 ж.
  4. “Экономикалық теория негіздері”. К.Нәрібаев.,1998 ж.
  5. “Кәсіпкерлік іс-әрекеттің негіздері.Экономикалық теория”. В.М.Власова.,1999 ж.
 

                                    

Информация о работе Политэкономия,экономикалық теория және экономикстің байланысы