ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 00:24, курсовая работа

Описание

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).

Содержание

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер............................

Работа состоит из  1 файл

343_QhX.doc

— 945.00 Кб (Скачать документ)

     1. Технопарктердің қызмет ету қағидалары  бойынша технологиялық «жылы  жайларды» құру және дамыту. Технологиялық  «жылы жай» тәуелсіз заңды  тұлғаны, фирма немесе ассоцияцияны  білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы,  ғылыми – зертттеулер құралдары, жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар» жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді.

     2. Бизнес «жылы жайларды» құру. Олар өз басқару органдары, директорлар кеңесі және де экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері бар жеке компаниялар. Бизнес – «жылы жайлар» өз ісін ашуға ынталы адамдарға, бірақ ол үшін білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.

     3. Ғылыми зерттеулерді сонымен бірге өнеркәсіпте дайын өнім өндіруді қаржыландыратын ғылыми зерттеу ұйымдары мен қорларын құру.

     4. Шағын кәсіпорындар қорының сауда  және өнеркәсіп министрлігінің  жанынан жұмыс істеу. Қор шағын  және орта бизнеске кәсіпорындардың  масштабына байланысты жеңілдік беру жолдарын инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындарға беріледі.

     5. Көптеген Израилдік банктерге  шағын бизнеске қолдау арнайы  бөлімшелер бар. Олар банктік  жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер,  менеджерлік, консалтингтік қызметтер  көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес  жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.

     6. Шағын және орта бизнесті қолдаудың  маңызды бағыттарының бірі болып  мошав – овдимдерді қолдау  табылады. Ол әрбір жанұя өз  шаруашылығын жүргізіп, өзінің жерін  өңдейтін ауылшаруашылық, поселке.  Ал өнімді бөлу және өткізуді ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады. Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:

     - сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін,  орташа көлемі) бір жанұяға га.

     - егістік (негізінен көкөніс және  техникалық дақылдар) бір жанұяға  Қазақстанның шикізат ресурстарынан  басқа дамыған ғылымы, біздің  еліміздің экономикасы кезіккен  қиындықтарды және алатын интеллектуалдық  потенциалы бар. Оның үстіне республикада өз өндірістерін конверсиялау процесіндегі кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта кәсіпорындады құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін есепке алу қажет.

     Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін  қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік  кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге  шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.

     Енді  Литвадағы шағын кәсіпкерлікті  қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл  сектор экономика тұрақтануының  негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.

     - бірінші екі жылдай пайдаға  салық тарифі 70 % проценттен төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.

     Байқап  отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер  тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда  үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың  тиімді саясатын жүргізеді.

     Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:

    1. Құқықтық  және әкімшілік құрылымдарға  негізделген нарықтық экономикалық  саясат.

    2. Жаңадан  бастап келе жатқан кәсіпкерлерді  оқыту жобалары.

    3. Кіші  жаңа кәсіпорындар үшін капиталға  қол жеткізуді қамтамасыз ететін  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

     Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек  ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының  қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық  және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.

     Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.

     Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.

     Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте  жарқын, бастысы – оны басқара  білу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Тарау. ҚР –  дағы шағын   және  орта  бизнестің   

     даму  тенденциялары.

     2.1. ҚР – дағы  шағын және  орта  бизнестің жағдайы.

     Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезедегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

     Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын алады. Біздің  елімізде болса, шағын   бизнесті  және  оған  орта  бизнесті  қосқанның өзінде  олардың ЖІӨ - гі сыбағалы  үлесі 30% - дан аспайды.  Мәселен, 2002 жылдың  нәтижелері  бойынша еліміздегі  шағын және  орта бизнес  субъектілерінің жалпы іші өнімдегі  үлесі 17%  болды,  ал  2003 жылы бұл пайыздық  қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер  осы сектордың ұлттық  экономикасындағы  елеулі   еместігін көрсетеді. /1.,2../.

     Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді.

     Мұндай  жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты.

     Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтірейік.

     Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы  шикізат  ресурстарына  бағалардың шарықтауынан  және  үкіметтің  сауатты  нарық  реформаларды жүргізуінен  алады.  Олардың  нәтижесінде  Қазақстандық  экономикаға  ақша  массасының (мұнай  долларының  түсімінен) қысымы  артып  барады. Сол  себепті  қазіргі  кезде  біздің  елімізде инвестициялау  объектілерінің  тапшылығы  байқалуда. Сондықтан  көптеген  тұлғалар  өз  істерін  ашуға  тырысуда.

     Статистика  бойынша  ҚР – сы агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2004 жылғы  1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде  шағын  бизнестің  130779  субъектілері  тіркелген. Олардың 71,5%  әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы  осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2004 жылдың 1 қаңтарында  белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%  саудаға, автомобильдерді жөндеуге   және  үй  шаруашылығы қолдамындағы  өнімдерді  өндіруге  мамандырылған. Ал өнеркәсіптік  бағыттағы  әрекет ететін  белсенді  шағын  кәсіпорындардың  үлесі  12,5% , ал осы  кәсіпорындардың 90,2% өңдеу  бойынша  өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асырады /3./.

     Жоғарыда  келтіріліп  кеткен  статистикалық  мәлеметтерден көріп отырғанымыздай  шағын бизнес субъектілері  көбінесе  сауда мен сервис  саласында әрекет  етеді. Ол көбінесе  шағын кәсіпорында ашушылардың бастапқы  қапиталдарының  аздығымен байланысты.  Сондай – ақ, өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі  мемлекеттік  реттеудің  жетілмегендігімен  және құрал – жабдықтармен  технологияларды  импорттауға  кедендік  төлемдердің  ауыртпалығымен   түсіндіріледі.

     Одан  ары  біз  Қазақстанда  әрекет  ететін  шағын кәсіпорындардың салалар бойынша ұсынысының  құрылымын қарастырамыз. Олардың    ұсыныстарының салалар бойынша құрылымы  келесі (2.1. кесте)  кестеде берілген /1/.

     2.1.  кесте. Салалар  бойынша кіші  бизнес  субъектілерінің  ұсыныс  құрылымы. (01.01.05)14 

Қызмет  ету  сферасы Үлесі,  % Орташа  құны
Сауда 28,9 94300
Аптекалар, формакология 2,5 90100
Ойын - сауық  индустриясы 4,2 527500
Қоғамдық  тағамдану 11,3 240800
Өндіріс 23,1 418300
Ауыл  шаруашылығы 10,0 222100
Сервис  сферасы 19,5 428050
Барлығы 100 288736
 

     Келесі  статистикалық мәліметтерде  біз  шағын бизнестің  сфералары  бойынша  инвесторлардың  артықшылықтарын  беруді  қарастырамыз. Олар  келесі  кестеде (2.1.2)  берілген:

     2.1.2 кесте. Шағын бизнестің сфералары  бойынша инвесторлардың  артықшылық  берулері. (2005ж. 1 қаңтар)15 

Қызмет  ету  сферасы Үлесі, %
Сауда 17,6
Аптекалар, формакология 8,8
Ойын  – сауық  индустриясы 5,9
Қоғамдық  тағамдандыру 17,6
Өндіріс 29,4
Ауыл  шаруашылығы 10,0
Сервис  сферасы  20,6
Барлығы 100

Информация о работе ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары