ҚР-ның сыртқы экономикалық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:36, курсовая работа

Описание

Тәніміз бен киіміміздің тазалығын сақтауда түрлі сусабындар мен ұнтақтарды қолданатынымыз рас. БАҚ әлемін жаулап алған жарнамалар олардың жақсы қасиеттері туралы жұрттың құлағын жауыр еткенімен, осы тауарлардың адам ағзасына, қоршаған ортаға әсеріне кім көңіл аударып жатыр? Ал, көпшілігіміз тауар жарнамаланса, оның бізге келтірер залалы жоқ деп ойлаймыз. Шынтуайтында, мәселе – мүлдем басқаша. Кейбір ақпарат құралдары, тіпті кереғар мәлімет береді. Ендеше, бұл мәселенің түп-төркініне тереңірек үңіліп көрелік.

Работа состоит из  1 файл

Тәніміз бен киіміміздің тазалығын сақтауда түрлі сусабындар мен ұнтақтарды қолданатынымыз рас.doc

— 60.50 Кб (Скачать документ)

Тәніміз бен  киіміміздің тазалығын сақтауда түрлі сусабындар мен ұнтақтарды қолданатынымыз рас. БАҚ әлемін жаулап алған жарнамалар олардың жақсы  қасиеттері туралы жұрттың құлағын  жауыр еткенімен, осы тауарлардың  адам ағзасына, қоршаған ортаға әсеріне  кім көңіл аударып жатыр? Ал, көпшілігіміз тауар жарнамаланса, оның бізге келтірер залалы жоқ деп ойлаймыз. Шынтуайтында, мәселе – мүлдем басқаша. Кейбір ақпарат құралдары, тіпті кереғар мәлімет береді. Ендеше, бұл мәселенің түп-төркініне тереңірек үңіліп көрелік.

Соңғы жылдары  тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі  хош иісті сабын, сусабын, гель, кір  жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір  жуу процесінде қолданылатын заттардың  құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың  бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.

Сонымен қатар, кір жуғыш ұнтағын көбірек  салсақ, кірді тез кетіреді деген  түсінік қалыптасқан. Бірақ тіпті  олай емес екенін айтқан абзал.

Сатылымдағы кір  жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып келеді. Ал, фосфат – кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет қана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін де шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші. Ал, оның балалар денесіне тигізетін зиянды әсерін айтпаса да түсінікті. Сондықтан жуылған кірді мүмкіндігінше қайта-қайта шайып, содан соң ілу керек.

Синтетикалық  қоспа адам ағзасына келіп түсіп, аллергиялық реакция туғызуы  мүмкін. Енді осы факторға бүгінгі  күнгі адамдардың ағзасындағы иммунитет  қасиетінің нашарлауын және қоршаған ортаның жылдан-жылға бұзылып, экологияның қарқынды өзгеріске ұшырауын қоссақ, онда кір жуғыш ұнтақты дағдылы пайдаланудың адамға тигізетін залалын да айтпай кетуге болмайды. Аллергиялық аурулардың келіп шығуына адамның иммундық жүйесінің төмендеуі себепші болады. Бұл, сөз жоқ, жас ұрпақтың болашағына қауіптене қарап, тиесілі баға беруді, мұндай дерттің алдын алу шараларын ертерек қолға алуды міндеттейді.

Үлкен перзентханада  қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады.

Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір  себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.

Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда  шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын  тигізеді.Бүгін Европа құрамында  табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды заласыздандыруға көмектеседі.

Құрамында фосфат элементі бар кір жуатын ұнтақтар қоршаған ортаға да көп залал келтіретінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп шықты. Фосфат натрий элементі тұрмыста қолданыста болған ақаба су тазалағыш қондырғыларынан да өтіп, көлге, өзенге, жасанды су қоймаларына барып түседі де, ондағы балдырларға таптырмайтын тыңайтқыш болып қызмет етеді. Сөйтіп, ол майда су өсімдіктерінің өте жылдам көбейіп, дамуына жағдай жасайды. Міне, осыдан кейін су «көктеп», яғни бірте-бірте көк түске бояла бастайды. Натрий фосфат элементі қалдықтарының бір келісі 5-7 келі балдырдың өсіп-өнуіне жағдай туғызады. Жыл сайын елімізде мыңдаған тонна кір жуу ұнтақтарының сатылатынын есепке алсақ, мәселенің қаншалықты күрделі екенін көреміз. Ал, ақаба сумен бірге ондаған тонна натрийлі фосфат ерітінділерінің су қоймаларына барып түсетінін айтып, соңғы кездері эколог-ғалымдарымыз дабыл қағып жүр.

Көктемнен күз  айларына дейін көл, өзен суының бұзылуы  бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Бұдан су өсімдіктеріне, балықтарға және жағалауда жүріп қоректенетін жануарларға үлкен залал келіп отыр.

Балдырлар сырт көзге ешқандай қауіп тудырмайтындай болып көрінеді. Бірақ сол жасыл  балдырлардың көбеюінен судың сапасы да күрт нашарлайды. Тіпті, оның кәдімгідей жаман иісі де шығып тұрады. Көгілдір балдырдың суда шектен тыс көбейіп кетуі олардың өз-өзінен шіріп, су айдынының шектен тыс ластануына алып келеді. Мұндай процесс кезінде судың құрамындағы оттегі көп жұмсалады да, метан, күкірт қышқылы, аммиак сияқты зиянды заттар бөлініп шығады. Осының салдарынан судағы балықтар қырыла бастайды. Бұл суды ішкен үй жануарларының да өлуі байқалған. Әсіресе, Америка құрлықтарында күз мезгілінде, құстар қайтқан кезде олар көптеп қырылады екен.

Жаз айларында  суға шомылған балалардың, ересектердің үстіне түрлі жаралар, қышыма, бөртпелер  шығып, көпке дейін жазылмайтыны соңғы уақытта тері аурулары дәрігерлері тарапынан жиі айтылып жүр. Осы жағдай балдырлардың «гүлдеуі» кезінде қатты өршіп кетеді.

Дүние жүзінде  балықтарды, теңіз өсімдіктерін жеген  кісілердің уланған жағдайлары өте  көп кездеседі. Алколоид токсиндері – балдыр құрамындағы өте күшті улы зат. Тамақ, су арқылы олардың адам ағзасына өтіп, қан жасушаларына кіріп, зиянды әсерін тигізетінін сарапшылар әлдеқашан айтқан. Цианды бактериялар токсиндерінің кері әсерінен адам ағзасында қатерлі ісік пайда болады. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде Австралияда жүкті әйелдер арасында түсік тастау жағдайлары да осы балдырлы суды пайдаланғаннан болатынын көрсетті. Соның салдарынан баланың айы-күні жетпей, шала туылуы, тіпті, тумысынан мүгедек болып дүниеге келуі жиі кездескен. Ал, ағзаға түскен балдырлардан асқазан-ішек жолдарындағы қатерлі ісік ауруының туу қаупі бірнеше есе артатынын биомедицина ғылымы дәлелдеп отыр.Осындай экологиялық дағдарыс адам ағзасын улап, аналар өмір сүруге қабілетсіз, денсаулығы нашар жас ұрпақты дүниеге әкеледі. Анағырақ айтсақ, денсаулығы нашар ата-анадан шалажансар бала туылады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай бала ер жеткен соң ұрпақ қалдыруға қабілетсіз болады.

Адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады. Сондықтан  да адам денесіндегі су қорын толтырып отыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, адам күніне 3-4 литр су ішетінін ескерсек, ауыз судың маңызы, оның тазалығы туралы айтылып жүрген пікірлердің дұрыстығын әркім де қолдайды.Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз.Және бір мысал келтірейік. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз суының бір текше метрінде 50 грамм микроорганизмдер болған, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1000-1200 граммға жетіп отыр.Қазір дүниежүзінің кейбір елдерінде құрамында фосфат элементтері жоқ кір жуғыш ұнтақтарды шығару жолға қойылған. Әсіресе, Германияда, Норвегияда, Австрия мен Италияда кір жуғыш ұнтақтарына фосфат химиялық қоспасын қосуға қатаң тыйым салынған. Тайвань, Гонконг, Тайланд елдері де осы тізімге кіреді. Тіпті, мұндай елдерде автокөлік жуатын сусабын да фосфатсыз жасалып шығарылады.

Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған құрамында фосфаты өте көп кір жуу ұнтақтарын зерттеп, тексеретін уақыт жетті.

Кір жуғыш және тазалағыш заттарды жоғарыда аталған  елдерден алдырса, немесе өзіміздің  отандық өндірушілер жасап шығарса, соңғы кездері аса көбейіп  кеткен аллергиялық аурулардың азаюына мүмкіндік туар еді. 2.2.1. Үйдегі ауаны ластағыштар

Тұрғын баспанада  ауаны ластағыштардың болуы экстремальді жағдайларға жатпайды, алайда, олар тіршілік үшін қауіпті фактор болып  табылады. Үйде негізгі ауа ластағыштары формальдегид, асбест, жану өнімдері, аэрозолдар, сыр еріткіштер, шылым түтіні, шаң (“Экологиялық қауіпсіздік” тарауын қараңыз) болып табылады.

. Тұрмыстық химия  препараттары 

Тұрмыстық химиялық препараттар үй-ішіндегі жұмысты  жеңілдетеді, бірақ оларды абайлап пайдалану керек. Оларға мыналар жатады:

косметикалық  құралдар (лосьондар, әтірлер, шашты  қалпына келтірушілер). Олардың құрамына орталық жүйке жүйесіне уытты  әсер ететін түрлі спирттер кіреді;

инсектицидтер (зиянкес жәндіктермен күресу тәсілдері  – хлорофос, карбофос, “Прима” дихлофосы, “Антимоль”). Бұлармен ауыр уланған кезде зардап шегуші есінен танып қалып, онда қалтырау пайда болады, оның жүрек соғысы нашарлайды, бұлшық еттері әлсізденеді, артериялық қысымы төмендейді, тыныс алуы тоқтап қалуы мүмкін. Интоксикациялық улануға бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, көрудің бұзылуы, психикалық қозу тән;

репелленттер (ұшатын жәндіктерге қарсы препараттар). Олардың адам ағзасына түсуі ауыр асқынулар тудыруы мүмкін, өйткені  репелленттердің құрамына кіретін диметилфталат ағзада метил спиртіне айналады, ал ол болса, бірқатар уытты өнімдерге ыдырайды (құмырсқа қышқылы, формальдегид). Адам есінен танады, тыныс алу мүшелерінің қызметі бұзылады, көру жүйкесі зақымданады – бұл соқырлыққа алып келуі мүмкін;

қышқылдар мен сілтілер (сірке қышқылының 80-пайыздық ерітіндісі, тұз, карбол қышқылы). Улы сілтілерден каустик содасы, мүсәтір спирті, күйдіргіш калий аса қауіпті;

Тұрмыстық химия  препараттарының кез келгенін пайдалану  барысында сақталуы қауіпсіздікті  қамтамасыз ететін және оған кепілдеме беретін негізгі ережелер мыналар:

тұрмыстық химияның барлық заттары жеке, тамақ өнімдері мен дәрілерден қашықта, міндетті түрде  жапсырмасымен сақталуы тиіс;

нұсқауды басшылыққа алу қажет;

тамақ өнімдерін, мейілі, оны қаншалықты мұқият жусаңыз да, тұрмыстық химия құралдарынан босаған ыдыста сақтауға болмайды;

ас үй мен  тұрғын бөлмелерді инсектицидтермен өңдегенде  тамақ өнімдерін жауып тастап, балаларды, отбасының егде тартқан  жандарын пәтерден уақытша шығара тұру керек. Инсектицидтермен жұмыс істеушілер ауызы мен мұрнын төрт қабатталған дәкелі байлауышпен, ал көздерін – көзілдірікпен қорғауы тиіс. Инсектицидтерді қолданған соң бөлмені бірнеше сағат бойы желдетеді. Инсектицидтерді түнге қарай, адамдар ұйқыға жататын бөлмелерге қолдануға мүлдем тыйым салынады.

Тұрмыстық химия  препараттарымен уланған кезде  көрсетілетін алғашқы көмек. Қандай жағдайда да “жедел жәрдем” шақыру керек. Білу қажет:

қышқылдармен  және сілтілермен уланғанда шұғыл  көмек қажет. Зардап шегушінің асқазанын  өз бетімен жууға мүлдем тыйым салынады. Бұл процедура құсуды, тамақтың ісінуін, қышқылдар мен сілтілердің тыныс алу жолдарына түсуін күшейтеді. Мұндай науқастардың асқазанын арнайы зондтың көмегімен жуады. Қышқылдар мен сілтілердің ауыздың кілегейлі қабығы мен өңешті қайта күйдіруін болдырмау үшін зардап шегушіге 2-3 стақан су беріңіз, бірақ одан көп емес!

ешбір жағдайда улы сұйықтықтарды “бейтараптандыруға”  тырыспаңыз: қышқылмен уланғанда  әлсіз сілті беруге немесе керісінше  жасауға болмайды. Бақылаулар байқатқандай, бұл заттар өзара әсерлескен кезде көп мөлшерде көмірқышқыл газын түзеді, бұл жағдайда асқазан созыла түсіп, ауырсыну мен қан кету күшейеді;

теріге және көздің немесе еріннің кілегейлі  қабығына түскен қышқылды немесе сілтіні  мол сумен жуып жіберу керек (1-2 литр, ең жақсысы, су ағынының астында);

косметикалық  құралдармен, инсектицидтермен, дақ  кетіргіштермен, анилинді бояғыш заттармен  уланған кезде “жедел жәрдем”  келгенше зардап шегуші есінен танып  қалмаса, оны құстырыңыз. Ол үшін оған 2-3 стақан тұзды су беріп, таза мата оралған екі саусағыңызды тілдің түбіне басыңыз;

егер зардап шегуші есін білмесе, оны басы жанына бұрылып жататындай етіп жатқызыңыз. Бұл асқазандағы заттың тыныс  алу жолдарына түсуінің алдын  алады. Тілі түсіп кетіп, діріл пайда болғанда, жақтары сіресіп, қалыпты тыныс алуға кедергі жасағанда зардап шегушінің басын абайлап шалқайтып қойыңыз. Оның төменгі жақ сүйектерін ол мұрыны арқылы дем ала алуы үшін алға және жоғары қарай қозғаңыз.

Информация о работе ҚР-ның сыртқы экономикалық саясаты