Сауда қызметінің негізгі түрлері және түсініктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:09, реферат

Описание

Сауда – экономикалық өмірдің бір саласын бейнелейді, бұл кәсіпкердің қызметі, әрекет ету өрісі және объект - тауар айырбасы, тауарларды алып-сату, осы процесс барысында тұтынушыларға сатып алушыларға қызмет көрсету, жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау. ол тауарды сату мен сатып алу және қызмет көрсетумен байланысты. Бұл өз тұрғысынан экономикалық делдалдар мен өндіруші және тұтынушылар, тауарды өндірушілерден сатып алу жолы, тұтынушыларға қайта сату мақсатында немесе тауарды тұтынушыларға басқа төлем ақы жолымен оларды келесі өндірушіге сату

Содержание

1. Сауда қызметі туралы түсінік
2. Тауарлық операциялар есебінің қағидалары
3. Сауда жүйесіндегі тауар қорының аналитикалық (жекелеген) есебі

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 25.68 Кб (Скачать документ)

Дәріс-1            Сауда қызметінің негізгі түрлері және түсініктері

 

Қарастырылатын сұрақтар:

 

    1.  Сауда қызметі туралы түсінік

    2.  Тауарлық операциялар  есебінің  қағидалары

    3.   Сауда жүйесіндегі   тауар қорының аналитикалық (жекелеген)  есебі

   

Сауда қызметі  туралы түсінік

 

       Сауда –  экономикалық   өмірдің  бір саласын  бейнелейді, бұл кәсіпкердің қызметі, әрекет  ету өрісі    және объект -  тауар  айырбасы, тауарларды алып-сату, осы процесс барысында тұтынушыларға сатып алушыларға қызмет көрсету, жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау. ол тауарды сату мен сатып алу және қызмет көрсетумен байланысты. Бұл өз тұрғысынан экономикалық делдалдар мен өндіруші және тұтынушылар, тауарды өндірушілерден сатып алу жолы, тұтынушыларға қайта сату мақсатында немесе тауарды тұтынушыларға басқа төлем ақы жолымен оларды келесі өндірушіге сату

Ұйымның тауарлық қызметінде күнделікті көптеген үй –  шаруашылық процестер болып отырады, тауарлардың айналымымен байланысты, мысалы, игеру, сатылым орнына дейін  тасымалдау, тиеу және түсіру, сақтау, сату, сатып алушыларға жеткізіп беру, бағаның түсуі және жарамсыз деп  табу.

          Сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік  есептің  міндеттері:

  • Сақталуды  және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін ұйымдардағы барлық мүліктің сандық – соммалық есебі.
  • Ұйым мүлкін қалыптастыру көзінің есебі (ұйымның міндеттемесі)
  • Сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік өткізбенің көмегімен жүзеге асатын барлық шаруашылық процестердің  сипаттамасы.
  • Саудалық және басқарушылық қызметтті жүзеге асыруға кеткен сандық және сапалық  есебі
  • Ұйымды басқару және жетекшілік ету үшін қажетті ұйымның сауда қызметінің толық  және жеткілікті ақпараттарының қалыптасуы.

       

  1. Тауарлық операциялар есебінің  қағидалары

 

Тауарларды  өткізумен айланысатын  үш сауда буыны  бар: көтерме, бөлшек және   жұртшылықты тамақтандыру кәсіпорны.

       Көтерме  сауда -  бұл тауарларды  үлкен топтамамен ауқымды көлемде сату,  көтерме сатып алушыларға сату, тауарлары үлкен мөлшерде тұтынатын немесе оларды бөлшектеп сататындарға сату. Көтерме және ұсақ  көтерме тұтынушылар желісі арқылы  жүзеге асырылады - делдалдық жеңілдіктер қарастыратын  дилерлік бағалармен  және  арзандығымен ажыратылады.

        Бөлшек  сауда – бұл тауарларды даналап немесе кішігірім мөлшерлерде тұтынушылардың жеке немесе  бейкоммерциялық түрінде қолдануға сату. Тауарларды  бөлшектеп сату шаруашылық операциясы  ереже бойынша бөлшек сауда кәсіпорындары желісі арқылы  жүреді,  тарату және жеткізу сауда желісі, аукциондар,  соңғы тұтынушыға қызмет көрсетуші және басқа.

        Жұртшылықты тамақтандыру кәсіпорындары – негізгі міндеті өз  өнімін тұтынушы  тұрғын халыққа немесе  ұйымдарға өндіріп өткізу.

           Жұртшылықты  тамақтандыру, көтерме  және  бөлшек сауда кәсіпорындарындағы   бухгалтерлік  есеп  және  аудит  спицификасы  «технологиялық  процесс»  ерекшеліктермен  келісілген,  ол  жұртшылықты  тамақтандыру  кәсіпорындарында  өндіріс  процесі  және өткізу  процесі  болып   көрсетілген.

       Өткізу  процесімен  келесідей  түсініктер  байланысқан:

      ақшалай  түсім -  тауарларды   сатқаннан түскен  ақшалай қаражат, өткізуден түскен  түсім;

      саудалық  үстеме  баға -  бұл тауар бағасына  қойылатын үстеме  баға,  сауда кәсіпорындарының  шығындарын  жабуға  және  өткізу  операцияларынан пайда алу үшін  қажет;

     тауар  айналымы – тауарларды  сауда  кәсіпорындарынан  заңды тұлғаларға  және тұрғындарға және жеткізушіден  сауда  ұйымдарына дейінгі  сауда  айналымы;

     сатып алу  бағасы – бұл тауарды сатып алуға байланысты  көтерме үстеме бағамен және шығындар қосылған еркін баға;                                                                           лицензия – операцияларды жүзеге  асыруға рұксат  беретін құқық. Қазақстан Республикасы  Президентінің « Лицензия  туралы» Жарлығына сәйкес  заңдық  күші  бар, бөлшек  сауданы жүзеге  асыру,  мемлекеттік маңызы  зор немесе  қауіптілігі жоғары  тауарлардың жеке  түрін сату  үшін  міндетті  түрде лицензиялау қажет.

Өткізу  бойынша шығындар -  өткізу  процесіне байланысты  шығындар.

 

    3.   Сауда жүйесіндегі   тауар қорының аналитикалық (жекелеген)  есебі

 

          Аналитикалық есептің жүргізілуі тауарлардың, сатып алушылар, жабдықтаушылар және басқа да объектілер есебінің  жан-жақты мағлұмат алу үшін қажеттілігі.

Аналитикалық  есепті жүргізу қажеттілігі тауар сатып алушылар, жабдықтаушылар және есептің басқа объектілерінің топтары бойынша ақпарат және жалпыланған мәліметтерді алу қажеттілігімен  себеп болуда.

       Саудада аналитикалық  есептің түрлерін анықтауға   келесі факторлар әсер етеді:

  • тауар топтары бойынша сату көлемін  және рентабелділікті  талдау

қажеттілігі, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды басқару, шығындарды жоспарлау және нормалау,  оларды минималдау  жолдарын іздеу, қызмет  түрлерінің  тиімділігін салыстыру,  тиімді баға саясатын жүргізу, персоналды  ынталандыру және т.с.с

  • ұйымның  қаржылық  жағдайы,  оның қызметінің қаржылық

нәтижелері  және қаржылық жағдайындағы болған өзгерістер  туралы шынайы және толық  түсінік  беретін бухгалтерлік  есептілікті  құру және ұсыну қажеттілігі;

  • есептің әртүрлі объектілері  үшін салық салу тәртібі.  Көптеген

салықтарды  есептеу  кезінде  аналитикалық мөлшерде есепті жүргізу талап етіледі,  ал жеңілдік беру тәртібін  пайдалану  тек  салық салынатын және  салық салынбайтын айналымдарға жеке есепті жүргізу кезінде ғана  мүмкін болады;

  • статистикалық есептілікті құру және ұсыну қажеттілігі.

Жеке есепті жүргізу мыналарды  талап етеді:

  • шаруашылық  операцияны  қызметтің белгілі-бір түріне жатқызуға мүмкіндік  беретін операциялардың мазмұнын бастапқы есеп құжаттарында сипаттау: (шоттарда,  орындалған жұмыстар актісі, жүкқұжаттарында,  төлем тапсырмаларда және т.б.);
  • қызметтің  белгілі-бір түрі бойынша Пайда алумен  байланысты әрбір операция бойынша  бастапқы есеп  құжаттарын, синтетикалық  есептің жекелеген  регистрлерді  (мемориалды ордерлерді,  бухгалтерлік  өткізбелерді, журналдарды,  кітаптарды, ведомостарды, айналым сальдолық ведомостарды,  бас кітапты және басқа талдап қорыту үшін жүргізу;)
  • Пайдаға  салынатын салыққа  әртүрлі  ставклар  белгіленген  қызметтің әрбір түрі бойынша,  тиісті баланстық шоттардың жекелеген  субшоттары бойынша  шығындарды жүзеге асыру және  табыс алумен байланысты операциялардың сипатталуы.

         

       Жеке есеп болмаған кезде ҚҚС  қолданылады.Әр түрлі ставка  бойынша  ҚҚС  салынатын  тауарларға   келетін айналым  шығындарына да  жеке есепті  ұйымдастыру кезінде  қиындықтар  пайда болады.

       Тауар өндірушілер  типтері  бойынша есеп (импорттық және отандық) импорттық тауарларды өткізу туралы есептілікті алу  мүмкіндігінен ие болу үшін маңызды.Кеден органдарына төленетін импорттық тауарлар бойынша ҚҚС  жекелеп көрсетеді.

       Сатып алушы  мен  есеп айрысудың  аналитикалық  есебі әрбір  сатып алушы   бойынша  жүргізіледі. Мұнда келесі мәліметтер жинақталады:

  • атауы;
  • есеп айырысу немесе  басқа шот номері;
  • заңды мекен-жайы;
  • дебитор кәсіпорынның  банкісінің атауы,  мекен-жайы, корреспонденттік шот номері.

       Бухгалтерлік  есепті  ұсыну мақсатында  дебиторлық  қарыздың есебі,  соның ішінде  сатып алушылардың  қарызы  төменгі есептіліктерді  алу жолымен   ұйымдастырылуы тиіс:

1) қарызды өтеу мерзімдері туралы. Атап айтқанда:

  • қысқа мерзімді (12 ай ішіндегі  күтілетін төлемдер) және  ұзақ мерзімді;
  • мерзімі өтіп кеткен  қарыз, соның ішінде 3 айдан  асқан мерзімдегі  ұзақ мерзімді  қарыз ішінен  12 айдан асып  күтілетін төлемдер белгіленеді;
  • талаптық мерзімі өтіп кеткен (3 жыл) дебиторлық қарыз:

2) вексельмен  қарыз өтелген  дебиторлық қарыз туралы. Бұл кезде  мерзімі өтіп кеткен вексельдердің, сату  бағасындағы және  нақты өзіндік құн бойынша  жекелеген тауарлардың  дебиторлық қарыз  көлемінің есебі жүргізіледі.

                                   

Негізгі оқу әдебиеттер:

1. Сейдахметова  Ф.С. Современный бухгалтерский  учет Учебное пособие. Алматы 2005

2. Радостовец  В.К., Радостовец В.В  Ғабдуллин  Т.Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп»   Алматы 2003.

3. Радастовец  В.В. Теория и отраслевые особенности  бухгалтерского учета. Алматы

2000

4. Назарова  В.Л. Бухгалтерлік есеп принциптері  Оқулық Алматы 2005ж.

5. Назарова  В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях. Алматы Экономика 2005

6. О.И. Соснаускане   Бухгалтерский учет в торговле  Москва 2007

 

 


Информация о работе Сауда қызметінің негізгі түрлері және түсініктері