Шпаргалка по дисциплине "Экономическая теория"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 11:00, шпаргалка

Описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Экономическая теория" на казахском языке.

Работа состоит из  1 файл

ekonom_teoria_shpory.docx

— 80.36 Кб (Скачать документ)

2.Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.

3.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.

1.1.тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

1.2. жанама:  несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.

57. Фискалды саясат- мемлекеттің табыстары мен шығындарын реттеу бойынша қаржылық шаралардың жиынтығы. Оның негізгі бағыты- салықтық жүйені жетілдіру болып табылады, салықтар МБ 90% дейін құрайды

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

58. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

 ХС себептері:

-елдердің экономикалық ресуртармен  қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен  қамтамасыз ету қажеттілігін  тудырады;

-елдердегі технология мен олардың  деңгейінің әр түрлілігі, оларды  айырбастау қажеттілігін тудырады.

ХС мәні келесіде:

-ұлттық ресурстар базасының  жеткіліксіздігімен күресі;

-ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту  және ұлттық нарықпен әлемдік  нарықтар арасында байланыс орнату;

-шетелдік ресурстарды тарту  арқылы өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.

ХС пайдалылығы әр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:

-меркантелистер импорттың экспорттан  көп болуын жақтады;

-А.Смит басқа елдерден тек  осы елдегімен салыстырғанда  аз шығындармен өндіретін тауарларды  ғана сатып алу керектігін  көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық  теориясы” деп аталлынды;

-Д.Рикардо  “салыстырмалы тықшылық  теориясын” өңдеді, оған сәйкес  қандай да бір тауарды шығару  қай елде арзанға түссе, ол  сол елде шығарылуы керек.

59. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

-экономикалық: елде білікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

-сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..

60.Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.

Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.

Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.

Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса-бюджет тапшылығы (дефициті), табыстар шығындардан артық болса-бюджет профициті немесе артықшылығы орын алады, ал тең болса бюджет балансты.

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері:несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау);қарыздарды тарту; мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.


Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Экономическая теория"