Сұраныс икемділіг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 09:42, лекция

Описание

Сұраныс икемділігі – бағаның өзгеруіне байланысты экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен берілген тауарға сұраныс көлемінің өзгеруі. Бағалық икемділік немесе икемсіздік дәрежесін икемділік коэффициенті (Еd) арқылы анықтайды.

Работа состоит из  1 файл

cураныс Word.docx

— 25.55 Кб (Скачать документ)

Тақырып 3.  СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС    ИКЕ МДІЛІГІ 

    1. Сұраныстың  бағалық икемділігі
    2. Сұраныстың қиылысқан және табыс бойынша икемділіктері
    3. Ұсыныс икемділігі
 
 

         Сұраныс икемділігі – бағаның өзгеруіне байланысты экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен берілген тауарға сұраныс көлемінің өзгеруі. Бағалық икемділік немесе икемсіздік дәрежесін икемділік коэффициенті (Еd) арқылы анықтайды. 

                            ∆Q, %       (Q2-Q1)/ Qop        dQ       P 

                     Ed = --------- = ---------------- = ----- * ----- ;

                            ∆P,%         (P2 –P1)/ Pop        Q       dP 

      Мұндағы,  ∆Q – пайыздық шамадағы сұраныс көлемінің өзгеруі,

                               ∆P – бағаның өзгеруі, пайызбен.

 

Егер сұраныстың бағалық икемділігінің коеффициенті Еd›1 болса, онда сұраныс икемді, яғни, бағаның 1%-ға өзгеруі сұралатын көлемнің 1%-дан артыққа өзгеруіне әкеледі.

Еd ‹1 болса, икемсіз – бағаның 1 %-ға өзгеруі сұралатын көлемнің 1%-дан кем шамаға өзгеруіне әкеледі.

Еd═1  болса, бірлік икемді - бағаның 1 %-ға өзгеруі сұралатын көлемнің де 1%-ға  өзгеруіне әкеледі.

Егер Еd =0, ∆Q=0 болса, өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгерісі сұралатын көлемнің ешқандай өзгерісіне әкелмейді. Мысалы: қант диабетімен ауыратындардың инсулинға сұранысы .Графикте бұл тік сызық.

Егер Еd =ω,  ∆P=0 болса, сұраныс өте икемді- бұл тауарға сұраныстың баға өзгерісіне тәуелді болмайтынын білдіреді.Осы жағдайда сұраныс қисығы көлденең сызық және  икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады. 

Сұраныстың бағалық икемділігінің факторлары.

    Алмастырғыштық. Берілген өнімнің  неғұрлым көп жақсы алмастыр-ғыштары болса, соғұрлым оған сұраныс икемді. Және керісінше, алмастырғыштары аз болса , cұраныс аз икемді болады.

    Тұтынушы табысындағы үлестік салмақ. Өнім тұтынушы бюджетінде неғұрлым көп орынды алса, оған сұраныс соғұрлым икемді болады. Айталық, қарындаш және жеңіл автокөліктің бағаларының 10 %-ға жоғарлауы қарындашты тұтынудың сәл азаюына, ал автокөлікті сатып алудың  біршама кемуіне әкеледі, себебі бірінші жағдайда бағадағы өзгеріс бюджеттің аз үлесін құрайды.

    Сән-салтанат тауарлары және күнделікті қолданылатын заттар. Әдетте күделікті қолданылатын заттарға (нан, электроэнергия) сұраныс икемсіз, ал сән-салтанат таарларына икемді болады.

    Уақыт факторы. Шешімдерді қабылдау үшін уақыт кезеңі неғұрлым ұзақ болса ,өнімге сұраныс соншалықты икемді.   

            Сұраныстың қиылысқан икемділігі 

Сұраныстың  қиылысқан икемділігі басқа өнім (Ү өнімі) бағасының өзгерісіне қандай да бір өнімнің (Х өнімі) тұтынушылық сұранысы қаншалықты сезімтал екендігін өлшейді.   

                            ∆Qх, %            dQх    P ү

                     Eхү = ---------   = -----  × ----- ;

                            ∆Pү,%             Qх       dPү 

      Сұраныстың қиылысқан икемділігі тауар-субститут және тауар-комплемент ұғымдарымен байланысты.

      Егер Х және Ү тауарлары өзара алмастырылатын болып табылса, онда қиылысқан сұраныс икемділігі оң шамада (Еxy>0), яғни, Ү тауарының бағасының түсуі Ү тауарына сұранысты арттырады, сәйкесінше Х тауарына сұраныстың кемуіне әкеледі, өйткені Ү тауары Х-ті алмастырады (сиыр еті↔шошқа еті, сары май↔ маргарин).

      Егер тауарлар бірін-бірі толықтырса, онда Ехү<0, яғни, Ү тауарының бағасының жоғарлауы Ү тауарына сұранысты төмендетеді, сәйкесінше Х тауарына сұраныста кемиді (теннис ракеткалары мен теннис добы, фотоаппарат пен пленка).  

Егер Х және Ү өнімдері өзара тәуелсіз тауар (май мен фотоаппарат) болса, онда Еxy=0 болады. 
 

Табыс бойынша сұраныс икемділігі 

      Табыс бойынша сұраныс икемділігі табыстың өзгерісіне тұтынушылық сұраныс қаншалықты сезімтал екенін өлшейді.

       

                            ∆Q, %            dQ      І 

                     Eі = ---------   = -----  × ----- ;

                            ∆І ,%             Q       dІ 

      Табыс бойынша икемділіктің сандық мәні сапалы және төмен санаттағы тауарлар түсінігімен тығыз байланысты.

      Егер Еі > 0 болса, табыстың өсуі сапалы не жоғарғы санаттағы тауарларға сұранысты арттырады. Күнделікті қолданылатын тауарларға сұраныс (0 ‹ Еі ‹1, табыс 1%-ға өзгерсе, сатып алынатын көлем бір пайыздан кем шамаға өзгереді) әдетте сән-салтанат тауарларына (1‹ Еі ‹ω, табыс 1%-ға өзгерсе, сатып алынатын көлем бір пайыздан артық шамаға өзгереді) қарағанда төмен икемділік коэффициентінде болады.

      Егер Еі < 0 болса, тауар төменгі санаттағы (ұсталынған тауарлар, автобус билеттері тағы басқалар) болып саналады, яғни табыстың азаюы сол тауарларға сұранысты жоғарлатады немесе табыстың өсуі оларға деген сұранысты төментеді.

Нақты тауарларға сұранысты зерттеудің экономикалық әдістері икемділіктің барлық үш түрін баға бойынша, табыс бойынша, қиылысқан сұраныс икемділіктері қарастырады. Икемділік түсінігі тек сұраныс сияқты экономикалық түсінікке таралмайды, оны сонымен қатар бағаның өзгеруіне ұсыныс көлемі сезімталдығын анықтау үшін де қолдануға болады. Баға бойынша ұсыныс икемділігін ұсынылатын өнім көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы арқылы есептеуге болады.

              Ұсыныстың бағалық  икемділігі 

  Ұсыныс  көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың  бағасы болып табылады. Баға өзгерген  уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп  отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың  бағалық икемділігі деген көрсеткішті  қолданамыз.

   E p (S)- баға 1 процентке өзгерген уақытта,  ұсыныс көлемі неше процентке  өзгеретінін көрсететін шама.

  Ұсыныс  икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:

  1. дәл қазіргі кезең

  2. қысқа кезең

  3. ұзақ мерзімді кезең.

  E p (S)=0, ұсыныс өте икемсіз болады.

       DР> DQ

  1>Ep (S)>0, икемсіз ұсыныс.

                DQ> DP

  E p (S)>1, ұсыныс икемді.

    Ұсыныс икемділігі мынадай формулалармен  анықталады:

  1. егер ұсыныс функциясы берілген  болса, 

                 E p (S)=dQs/dP*P/Qs

  DQs/dP- ұсыныс функциясының Р арқылы алынған алғашқы туындысы;

  Р-қарастырып отырған тауардың бағасы;

  Q-осы  тауарды ұсыну көлемі. 

  2. нүктелік икемділік

                  E p (S)=DQ/DP*P/Q

  3. доғалық икемділік

                  E p (S)=Q 2-Q 1/P 2-P 1*P 1+P 2/Q 1+Q 2

  Сұраныс пен ұсыныс икемділіктері микроэкономикалық  талдауда жиі қолданылады. 

Информация о работе Сұраныс икемділіг