Сұраныс және ұсыныс заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30
Қорытынды..........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

Работа состоит из  1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

    3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы  

    Ұсыныс  көлемінің өзгеруі ұсыныстың  бағалық емес детерминаттары ықпалымен  болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет). 

         P                                 S2    S

                                                 S1 
 

                                                                       Q 

    4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы. 

    Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез  келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше болады.

    Ұсыныс  қисық сызығы нарық сұранысының  сипатына байланысты өз кескінін, пішінін  өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп  таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.

            P                                 S 
 
 

                                                                 Q 

    5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация). 

    Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның  өсуіне қарай ұсыныс белгіленген  деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.

     P            А1

                                            В 6 сурет. Ұсыныс қисық

                                                                              сызығының пішіні

                    А 

                     S                                     Q

    Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі. Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.

    Қысқа мерзімді кезеңде кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)

P                 S                       P                       S           P 

                                                                                                                    S         

                                                                                                                 

                                   Q                                        Q                                    Q 

          7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы. [1, 102 б] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3. Нарықтың тепе-теңдік  моделі. 

    Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.[3]

    Неоклассикалық  мектебінің негізін қалаушысы ағылшын  экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты  сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс  пен ұсыныс «бір қайшының екі жүзі»  болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (8 сурет)

    Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі  – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.

     P

          S 
 
 

          D Q      

    8 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі). 

    Егер  тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:

     QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD =  QS

                                                                                                                      

  P2                                                P2 

                             E                             PE                        E      

  PE                                                                                                        

              

                                                             P1    

  P1            QS     QE       QS'                       QS       QE       QS'                  

            9 сурет. Вальрас бойынша              10 сурет. Маршалл бойынша

тепе-теңдік                                         тепе-тендік 

    Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен  ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең  шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:

    PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS

    Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені  олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель.

    Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:

    а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады

    б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде

    в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұрады.

    Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта  оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:

    1.Егер  сұраныс пен ұсыныс  қисық сызықтары  бірдей еңкіштігінен  қиылыспайды. Бұл  жағдайда тұрақты  тепе-теңдікке жетпей:

    а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 11-а)

    б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені  не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 11-б, 11-в) 

    

                  D                                        S                        S   

                                  S                                        D                D

                                                                      

                                                                                                                                                                            

  a)                       б)                                      в)

    11 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды. 

2.Әр  түрлі еңкіштігі  (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс  қисық сызықтарының  ортақ нүктелері  жоқ:

    а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 12-а)

б) кез  келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс  бағасынан жоғары – мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса  да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 12-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы. [4, 88 б] 

           

                D                  S                                             S                                                                             
 
 
 

                                                                                    D    

  а)                                                          б)   

    12 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Сұраныс және ұсыныс заңдары