Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2012 в 14:49, курсовая работа
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
Талданып
отырған кәсіпорын мәліметтері
бойынша кәсіпорынның барлық капиталының
табыстылық коэф-фициенті, 18-кестеде берілген
мәліметтермен сипатталады.
18-кесте
Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық
№ |
|
Өткен
жыл |
Есепті жыл | Ауытқуы (+,-) |
А |
|
1 | 2 | 3 |
1. | Таза табыс, мың теңге | 5040 | 6538 | + 1498 |
2. | Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасьі^ | 30512 | 37254 | +6742 |
3. | Жалпы активтердің табысты-лық деңгейі (авансталған ка-питал), % | 16,52 | 17,55 | + 1,03 |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсет-кіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай фактор-лардың есебінен құрылғанын және активтердің табыс-тылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлар-дың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ның таза табысы жатқызылады.