Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:09, курсовая работа

Описание

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………...........................….…..3
I-бөлім Валюта нарығы. Валюта динамикасы
1.1.Валюта және оның түрлері. Валюта курсы…………...............…4
1.2.Валюта нарығының мәні: түрлері, дамуы………......................10
II-бөлім Халықаралық валюта жүйесі.
2.1.Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы……...............….17
2.2.Халықаралық валюта жүйесінің мәні, түрлері,
элементтер .............................................................................19
2.3. Халықаралық валюта жүйесіндегі халықаралық
қаржы ұйымдарының ролі….…………..................…....…..........…22
Қорытынды…..……………………………....................…................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………..................…..............…27

Работа состоит из  1 файл

Валюта жуиеии.doc

— 112.00 Кб (Скачать документ)

       1979 жылы Европалық экономикалық одақтың шеңберінде Батыс Европа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Европа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды.

       ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең  - саяси, экономикалық және валюталық одақ құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 жылы шілдеде басталып, мүше – елдерге  1992 жылдың аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған.

      Екінші кезеңде Европа валюталық институты құрылып, оның құрамына 12 орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты – орталық банктердің Европалық жүйесін эмиссиялау.

      Үшінші кезең экономикалық одақтың  бірнеше мемлекеті несие –  ақша жүйесінің  бірыңғай  үлгісі  шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген ХХ - ғасырдың аяғында басталды.

         

              2.2.  Халықаралық  валюталық   жүйенің  мәні,

                                түрлері, элементтері

      Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан шаруашылық байланыстардың интернационалдандыру негізінде  тарихи қалыптасатын валюта – экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық - заңдылық тұрғысынан – ол белгілі-бір  қоғамдық – экономикалық формация шегінде мемлекеттік – құқықтық түрде ұйымдасқан валюта – экономикалық қатынастар.

      Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік  және мемлекетаралық немесе аймақтық  валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда  елдің ақша жүйесінің құрамдас  бір бөлігі ретінде ұлттық  валюта жүйесі пайда болды.

      Ұлттық валюта жүйесі деген  қоғамның ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

      Ұлттық валюта жүйесі ұлттық  валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық  валюта – елдің ақша бірлігі.

         Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

  • ұлттық валюта;
  • ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары;
  • валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.
  • валюта бағамының тәртібі.
  • валюталық шектеудің болуы немесе болмауы.
  • төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есеп шоттары, евро, ХВҚ резервтік позициясы) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
  • халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
  • валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы.

      Әлемдік шаруашылық қатынастарының  дамуына байланысты әр елдің  ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.

      Дүниежүзілік валюта деген халықаралық  валюта қатынастарының ұйымдастыру  формасы, яғни ол – халықаралық  несие – қаржы институттарымен халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндеті – халықаралық саудасаттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс - әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету.

      Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер  арасындағы ақша - есептесу  қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының  ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі " деген ұғымға кіретін ішкі  және сыртқы жүйелер органикалық  өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.

       Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір  түрі болын алтын, кейін құйма  формасындағы алтын есептелді.

      Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде  дүниежүзілік валюта жүйесінің  негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

  • әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
  • валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
  • валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  • халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;
  • халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
  • әлемдік валюта нерығы мен алтын нарығының ережесі;
  • мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан халықаралық валюта қоры бекітілді.

      Аймақтық валюта жүйесі – дүниежүзілік  валюта жүйесінің шеңберінде Батыс Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы  Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық"  одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту.

      Дүниежүзілік валюта жүйесінің  ерекшеліктері мен тұрақтылығы  оның құрылымдық принциптерінің  әлемдік шаруашылықрың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді.

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.3. Халықаралық  валюта жүйесіндегі  халықаралық 

                          қаржы ұйымының ролі

      Бұл мекемелер  ағымдағы жүзжылдықта пайда болды. Олар халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған. Олардың құрамына дүниежүзілік және аймақтық банктер және банк емес институттар кіріп, әр түрлі глобальды немесе аймақтық масштабтағы міндеттер мен мақсаттарды шешеді.

            Халықаралық есеп айырысу банкі  ( ХЕБ-БМР ).

      Халықаралық есеп айырысу банкі  – алғашқы халықаралық дәрежедегі  банк. Ол 1930 жылы Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісімі негізінде құрылған .

      ХЕБ-ны құрудың мақсаты қатысушы  – елдердің орталық банктерінің  ынтымақтастығына жәрдемдесу және  олардың арасындағы халықаралық  есеп айырасуды қамтамасыз ету деп жарияланды.

      Халықаралық есеп айырысу банкі  – алғашқы халықаралық бәрежедегі  банк. Ол  1930 жылы Англия, Бельгия,  Германия, Италия, Франция және Жапония  елдерінің үкіметаралық келісімі  негізінде құрылған. Бұл мемлекеттер  сондай-ақ Швейцариямен осы банктің Базельде орналасуы жөнінде конвенцияға қол қойды. Аталған мемлекеттердің орталық банктерінен басқа, оның алғашқы құрылтайшыларының арасында АҚШ –тың Морганның банкирлік үйі бастаған кейбір коммерциялық банктері болды. ХЕБ-ны  құрудың мақсаты – қатысушы елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету деп жарияланды. 1932 жылы оған Еуропаның тағы да  19 елі қосылды.

      Бұл елдердің орталық банктері  ХЕБ-ның құрылтайшылары, әрі оның клиенттері болып саналады. Сондықтан ХЕБ-ны орталық банктердің халқаралық банкі деп жиі атайды. Онда Федералдық резервтер жүйесі  АҚШ-тың өкілі болып қатыспаса да, ол ХЕБ-мен тығыз байланыста қызмет жасайды. Базельде ай сайын өтетін мәжілістерде және ХЕБ-ның жалпы құрылтайшылар жиналысында үнемі Федералдық резервтер жүйесінің басқарушылар кеңесінің мүшесі қатысады. ХЕБ-ның дәстүрлі басқарушысы  болып Батыс Еуропа елдері саналады, бірақ АҚШ өз ықпалын арттыра түсуде.

    Қазіргі кезде ХЕБ мүшесі болып 30-дан астам мемлекет есептеледе, оның ішінде  екінші дүниежүзілік соғысқа дейін оған кірген бұрынғы еуропалық социалистік елдер: Албания, Болгария, Венгрия, Польша және т.б.  Қатысушыларының құрамы мен ХЕБ-тың қазіргі  жүргізетін операцияларының географиясы оның аймақтық батыс еуропалық валюта-несие ұйымынан халықаралық ұйымға айналуын сипаттайды.

       ХЕБ-ның қызметін акционерлердің  жалпы жиналысы мен директорлар  кеңесі басқарады, ал Банктің  өзі шын мәніндегі  акционерлік  есеп айырысу палатасы болып  саналады. Банктің жарғысына сәйкес оның негізгі қызметтері – халықаралық қаржылық  операцияларға қолайлы жағдайлар жасау және қатысушылардың мемлекетаралықесеп айырысуын жүргізгенде сенімді жақ ролін атқару.  Банк депозит - саудалық, қорлар және басқа операцияларды, оның ішінде алтынмен операциялар жүргізеді, сондай - ақ валюта - несиелік қатынастарға  мемлекетаралық  реттеу жүргізеді. Операциялар бойынша есеп айырысу валютасы болып швейцарлық алтын франк қабылданған, ал АҚШ доллары акционерлерге дивиденд төлеу үшін қолданылады.

      ХЕБ әлемдік басты валюталардың  бағамын қолдау мақсатында   60- жылдардың басынан бастап арнаулы  операциялар  жүзеге бастады  – ол орталық банктердің біріккен  валюталық интервенциясы ("базельдік  несиелер"). Ол шетел валютасына  сұраныстың күтпеген өсуін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың орталық банкісімен "своп" операциясын жүргізу тәжірибесін қолдануда. Одан басқа, ХЕБ - әлемдегі танымал ірі экономикалық хабарлама-зерттеу орталығы. Ол басқа халықаралық несие-қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық саясатын жүргізеді.

                                     
 
 
 
 
 
 
 

                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

      Валюталық жүйенің басты элементі  – валюталық бағам. Валюталық  бағамның қалыптасуына ықпал  ететін факторлар қатары анықталады. Шетел валютасының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

      Валюталық нарықтарды валюталық  оперпцияларды жүргізудің негізіне  халықаралық сауда, сонымен байланысты  көрсетілген қызметтер және капиталдар  мен несиелердің халықаралық  қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныспен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу – сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді.  Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

        Валюталық  нарықтардың қатысушыларын  екі басты топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу  қажет болғанда  басқа банктерден  және брокерлік фирмалардан баға  белгіленімін білгісі келетіндер;  активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

       Шетел валютасы халықаралық төлем  айналымында ең басты банктік  және несиелік айналыс құралдары  – телеграфтық және пошталық  аударымдар, чектер, тратталар түрінде  болады. Әр түрлі елдердің валюталарының  салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын объективті құндық  қатынастарына негізделеді.

       Валюталық бағам – басқа елдің  ақша бірлігіне қатысты сол  елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген  валюталық паритет шеңберінде  ауытқып отырады.

          

       

                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

      1.Байжомартов У.С " Основы экономической теорий"

      2.Баукина М.К Семенов В.А "Макроэкономика"

      3.Бисенғазиев М.Е "Макроэкономика" Орал БҚМУ, 2000ж

     4.Гайнулин "Основы экономический  теорий"1998 г

     5.Жүнісов Б,Мәмбетов Ұ,Байжомартов У "Нарықтық экономика негіздері" 1994 ж

     6. Зубко Н.М "Экономическая  теория

      7.Казаков А.П,Минаев И.В. “Экономика" 1996 г

    8.Камаева "Экономикалық теория" 1998 ж

     9.Мадешев Б. "Нарықтық экономикалық  теорияға кіріспе" 1995ж

     10. Мадиярова Д.М "Сыртқы экономика саясаты және экономикалық қауіпсіздік" 2000ж

    11.Мамыров Н.Қ,Құлекеев Ж.Ә,Сұлтанбекова  Г.Қ "Макроэкономика","Экономика  " 2000 ж  

     12.Осипова "Общая теория" 1994 г

     13.Шиденов Ө.Қ,Сағындықова Е.Н,Жүнісов Б.А"Жалпы экономикалық теория" Ақтөбе, 2004 ж

     
 
 
 
 
 
 
 
 

                            Қолданылған әдебиеттер:

Информация о работе Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы