Жекешелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 12:28, реферат

Описание

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі

Работа состоит из  1 файл

Жекешелендіру.docx

— 22.10 Кб (Скачать документ)

   Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік     меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы   социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып  табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін,  экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс  орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың  менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап     етеді.

  Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы ек түрлі жолмен жүзеге асады:   
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер  және  жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы. 
  Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшік капиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа  экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.  
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін  ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауыр машина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты өндірістік қаражат инжра құрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді.

Мемлекеттік өндіріс орындарын  жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе   халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу  қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды  салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру  жүргізілмейді, олар мемлекет  меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай  жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке  жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және  ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа  кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі   болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару  органдарына құқық берілді. 1994  жылдан бастап жекешелендіру   нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді.   
  Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы  1991 жылы  қабылданған болатын.  1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің   мынадай тәсілдерін қарастырады:  
1)    Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы; 
2)    Аукцион және тендер. 
  Біздің республикамызда  өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді: 
1)    Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі; 
2)    Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің  топтық жекешелендірілуі;  
3)    Күрделі проектілер барысындағы үлкен  және мамандандырылған  мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.   
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді. 
  Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері  ретінде төмендегіні қарастыруға   болады. 
1)    Келісілген шартпен анықталған   инвесторға сату;

2) аукцион  және конкурс арқылы сату;

3) бақылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы.  
  Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі. 
  Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілуге 170 объекті  өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер  фабрикасы жатады. 
  Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге   жатады.  Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жандандыру ғана емес, сонымен  бірге, экономикалық және әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай   келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

Информация о работе Жекешелендіру