Дербес компьютердің кұрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 16:09, реферат

Описание

Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды.

Работа состоит из  1 файл

Дербес компьютердің кұрылысы.doc

— 38.00 Кб (Скачать документ)

                     Дербес компьютердің кұрылысы 

       Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981жылы  IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды.

    Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады:үстел үстінде тұратын (Desk Top), ұтқыр (Note Book), қалтаға салуға келетің (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC), және т.б.

    Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді.

    Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді.Электронды пошта құралдары көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады.

     Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста тапсырмайтын көмекші жасап ала аласыз. 

     Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанып амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.

     Компьютер тұрмыста да көптеп көмек көрсетеді:бос уақытты қызықты етіп өткізуге, электронды пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас жасауға, Internet арқасында жаңалықтарға қол жеткізуге, үйдегі бухгалтерияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар

 

     Компьютер-бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылырдың жиынтығы.

    IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады.

    Қосымша  немесе шеткері құрылғыларды  бірнеше топқа бөліп қарастыруға  болады:

-ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);

-ақпаратты шығару  құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер),

-енгізу және  шығару қызметтерін бірге атқаратын  құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).

    Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:

-жүйелік (аналық) тақша*;

-процессор*;

-оперативті жады*;

-тұрғылықты диск*;

-алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;

-CD және DVD диск жетектері;

-бейнесызбалық бейімдеуіш;

-дыбыстауыш  (дыбыстық бейімдеуіш);

-желілік тақша;

-енгізу-шығару порттары (ажыратқыш);

-қоректендіру блогы.

    Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша-бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі коп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

    Әдетте  компьютер сипаттамасының басында,  орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері-ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.

    Процессор  немесе микропроцессор компьютердегі  орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы  болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

    Процессордың  жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.

    Процессордың  үстіне радиатор, радиаторға процессорды  салқындатуға арналған желдеткіш  (кулер) орнатылады.

    Компьютердің  оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді, Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

    Бұл  тұрғылықты дискіге қатынамастан  бағдарламаның маңызды мәліметтеріне  қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді.

    Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады алап етеді. Пәрмендерді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады.

Егер компьютерде  орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске қосатын  болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем тұрып қалады. Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы.

    Оперативті  жады ішкі жады болып саналады  да, сыртқы жадыға мысал бола  алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де ақпарат сыртқы жадыда сақталады. 

Информация о работе Дербес компьютердің кұрылысы