Инновациялық кәсiпкерлiк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 20:36, реферат

Описание

Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.

Содержание

Инновациялық кәсiпкерлiк
Инновациялық жобаларды салыстыру
Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту

Работа состоит из  1 файл

Инновациялық кәсiпкерлiк.doc

— 84.50 Кб (Скачать документ)
">Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі: 
Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты. 
Динамикалық әдістерге – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:

- жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті); 
- фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;

- мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату; 
- инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.

Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді. 

Инновациялық  кәсiпкерлiктi дамыту     

 Осы  бағдарлама шеңберiнде мемлекет  инновациялық кәсiпорындар жүйесiн  қалыптастыру және оларды жандандыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдайды. 
      Инновациялық кәсiпорындардың тиiмдi төлемдiгiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi Қазақстанда технологияларды коммерцияландырудың iскерлiк қағидаттарына, құқықтық қорғаудың теориясы мен практикасына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға ие болып отырған, инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетiн кәсiби инновациялық менеджер-мамандардың институтының жоқтығы болып табылады. 
      Осыған байланысты жақын перспективада инновациялық кәсiпкерлiктi дамытудың маңызды бағыттары жоғары оқу орындарында да жоғары оқу орындарынан кейiн де, оның iшiнде шетелдерде оқуды, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды қаржыландыруда мемлекет қатыса отырып, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң білiктілiгiн арттыру үшiн қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, дөңгелек үстелдердi қамтитын инновациялық кәсiпкерлiк саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру болып табылады. 
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi, Индустрия және сауда министрлiгi және ҰИҚ жетекшi шетелдiк бизнес-мектептермен және жетекшi қазақстандық жоғары оқу орындарымен бiрлесiп, "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша басқару кадрларын даярлау жөнiндегi оқу бағдарламасы әзiрленетiн болады. 
      Инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды дайындау және қайта дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1439 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаржы ресурстары көзделетiн болады.  Сондай-ақ мақсаты инновациялық кәсiпкерлерге, инфрақұрылымдық ұйымдар қызметкерлерiне,өнеркәсiптiк кәсiпорындардың менеджерлерiне инновациялар менеджментiнiң теориясы мен практикасын енгiзу жөніндегі қысқа және орта мерзiмдi бағдарламаларды жүргізу болатын технопарктер жанындағы бiлiм беру орталықтары ашылатын болады. 
      Мемлекеттiң инновациялық кәсiпкерлiктi ынталандыру жөнiндегi күш-жiгерi мына бағыттарға да шоғырланатын болады:    меншiк нысанына және қаржыландыру түрлерiне қарамастан барлық субъектiлердiң инновациялық қызметтi жүргiзуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында салық жүйесiн одан әрі жетiлдiру;    бiлiмдердiң мамандандырылған желiлерiн құруға және олардың жаңа технологияларды дамытудың аумақтық аймақтарында коммерцияландыруға бағытталған кластерлiк стратегияларды әзiрлеу; 
ақпараттық алмасу және инновациялық қызметте қажеттi деректерге, регламенттерге, дерекқорға және т.б. ену жүйесiн дамыту; 
инновациялық қызмет үшiн iскер және ақпараттық қызметтердi дамытуға жәрдемдесу - қаржылық және құқықтық консалтинг, патенттiк қорғау және басқалары;инновациялық қызметтiң басым бағыттарын дамыту саласындағы шетелдiк мамандарды шақыру;     кәсiпкерлiктiң тиiмдi түрлерiнiң бiрi ретiнде инновацияны насихаттау; шетелдiк инвесторлармен бiрлескен инновациялық кәсiпорындар құруды ынталандыру; 
монополияны реттеу және адал бәсекенi қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру; өнер табыстарды патенттеу рәсiмдерiн оңайлату; 
 мемлекет пен жеке бизнес арасындағы диалогты оңайлатуға жәрдемдесетiн бизнес қауымдастықтарды құруға жәрдемдесу; инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құруға пайдаланылмаған өндiрiстiк алаңдарды және ресурстарды беру жолымен инновациялық қызметті күшейту мақсатында мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалануды арттыру; 
жабдықты қайта бөлу үшiн инфрақұрылымдарды құру (ақпараттық және лизингтiк агенттіктер, пайдаланылған жабдықты сату жөнiндегi сауда кәсiпорыны және т.б.); өнiмдердi стандарттау және технологиялық процестердi, тауарлар мен қызметтердi сертификациялау жүйелерiн құру;

мемлекеттiк сектордан технологияларды мемлекеттiк емес секторға берудiң тиiмдi тәртiбiн әзiрлеу; инновациялық тәуекелдердi сақтандырудың тетiгiн құру; басқармалық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту; 
зияткерлiк меншiк құқығын қорғау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi шараларды қабылдау.

Информация о работе Инновациялық кәсiпкерлiк