Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 13:57, реферат

Описание

Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнін оқып, қаржылық есептің мәні, әдістері мен қағидаларын және оның есептік- экономикалық ақпарат және басқарма жүйелеріндегі алатын маңыздылығын меңгергендігін қарастырады.

Работа состоит из  1 файл

Салтанат Тасболатовна.docx

— 25.18 Кб (Скачать документ)
  1. 93Түсіндірме жазба

     Осы үлгілік оқу бағдарламасы 0518000 «Есеп және аудит(салалар бойынша)» мамандығына әзірленді.

      Үлгілік оқу бағдарламасы «Экономикалық  талдау және қаржы есептемесін талдау » пәнінің  мазмұнын іске асыруға арналған және жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеуге негіз болып табылады.

      Тақырыптың  атаулыры, мазмұны және уақыты циклдық  комиссиямен белгіленеді және күнтізбелік  тақырыптық жоспарға кіргізіледі.

      Бөлімдер  мен тақырыптар атаулары оқыту үшін міндетті болып  табылады және қысқартылып  өзгертілмейді.

      Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың  «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнін  оқып, қаржылық есептің мәні, әдістері мен қағидаларын және оның есептік- экономикалық ақпарат және басқарма жүйелеріндегі алатын маңыздылығын меңгергендігін қарастырады.

      «Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау»  пәнін оқу барысында «Қаржылық  есеп», «Ұйымдастыру экономикасы», «Аудит және ревизия» және басқа пәндермен  байланыс жасау қажет.

      Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру  барысында дидактикалық және көрнекі  құралдарды қолдану  ұсынылады: плакаттар, оқу бейнефильмдері, электронды оқулықтар, оқу және оқу- әдістемелік құралдар. Пәнді меңгеру үрдісінде білім  беруші «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңнын, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастыру  бойынша басқа да нормативтік  құқықтарды пайдалануы тиіс.

      Үлгілік оқу бағдарламасы білім берушінің  оқу үрдісінің белсенді етудің және білім алушыларсен сыныптан тыс жұмыс жасаудың әр түрлі әдістерін қолдану: оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлер мен көрнекі құралдарды пайдалануды қарастырады. Тәжірбиелік сабақтарды тиісінше деңгейде өткізу үшін кабинеттер нұсқаулық және оқу-тәжірбелік материалдармен, оқу құралдары және құжаттардың бланкілерімен қамтамассыз етілуі керек.

      Пән бойынша сабақты жүргізу нысаны оқытушы мен оқытудың дидактикалық мақсаты жіне пәннің мазмұнына байланысты таңдалады. 

  1. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
Стандартпен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқытудың нәтижелері Үлгілік бағдарламада жоспарланған нәтижелері
Білім алушылар келесі құзыреттіліктерді игеруі керек: 

Базалық құзыреттілік:

БҚ 1.Қиын-қыстау кезіндегі ақпарат негізінде  шешімдер қабылдау;

БҚ 2.Қазіргі  заман ақпараттық – коммуникациялық  технологиялар көмегімен ақпаратты  өздігімен табу, талдау, іріктеу, қайта  жасау, сақтау, интерпретация жасау.

Пән оқу барысында  білімалушылар төмендегідей құзыреттіліктерге ие болуы керек:

Базалық құзыреттілік:

Біледі:

  • Қаржылық менеджментті ұйымдастыру сұрақтары бойынша Заңнамалық және инструктивтік материалдары;

Меңгерді:

-дербес компьютерде жұмыс істеуді.

Дағдыланды:

-қолданбалы бағдарламадығы жұмыстарға.

Кәсіби  құзыреттілік:

КҚ 1. Өндіріс  экономикасын, қарызды жұмылдыру  және жеке құралдарды қолдану тәртібін, өндіріс экономикасын, бағалы қағаздар шығаруды және сатып алуды білуі;

КҚ 2. Ұйымды техникалық қайтадан жабдықтау бойынша құрлыс, күрделі жөндеу және шығындарды қаржыландыру тәртібін, ағымдағы қаржыны басқаруды  қамтамасыз ету қаржы әдістінің  жүесін білу;

КҚ 3. Ұйым шотына түсетін ақша құралдарын болжау, перспективалық жобалар мен жылдық қаржы жоспарын, технико-экономикалық өндірістік жоспар көрсеткіштерін есепке ала отырып әзірлей білу;

КҚ 4. Құралдардың  келіп түскенін, табыс және шығыс  мөлшерін, аударымын, ұйымның бюджетпен, салық органдарымен, банктермен өзара  байланысын анықтау, табыс және шығыс  балансын, кассалықжоспарлар мен  несиелік тапсырыстар құру;

КҚ 5. Жедел қаржыландыруды, есептік және төлем міндеттемелерінің  орындалуын, болып жатқан өзгерістерде ұйымның төлем төлеуге қабілеттілігін уақытында көрсетіп, жеке қаражат жағдайын қадағалаудықамтамасыз етеді;

КҚ 6. Жоспарлы нормативтер, табысты бөлу жобалар жоспарын әзірлеуге  қатысады.

Кәсіби  құзыреттілік:

біледі;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, тәуекелдік тін түсінігі және түрі, тәуекелдіктің факторлары және процедурасы.

    меңгерді:

  • Кәсіпорынның қаржылық түсімдерін басқару;
  • Капиталдық құйылымдардың пайдалығын есептеу;
  • Перспективалық және жылдық жобалардың қаржылық жоспарын құру;
  • Есепке алу мен статистикалық есеп беру жөніндегі бастапқы құжаттаманы рәсімдеуді;
  • Өндірістік бағдарламаларды, жоспарлы тапсырмаларды әзірлеуді және олардың орындалуын талдауды;
  • Экономикалық есептерді орындағанда экономикалық- математикалық әдістер мен есептеу техникасын пайдалануды;
  • Бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;
  • Ұймның өтімділігінің көрсеткіштерін есептеу;
  • Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша тәуекелдіктерін есептеу

    дағдыланды:

  • Кәсіпорынның өндірістік- қаржы қызметіне білікті талдау жүргізуді.

     

Арнаулы құзыреттілік:

АҚ 1. Экономикалықталдаудың  әр түрлі әдістерін қолданады, шаруашылық қызметті обьективті бағалайды. Экономикалық көрсеткіштерді талдау мақсатында электрондық командалар бере алады. Өндіріс көлеміне әсер ететін факторлардың деңгейін есептеу әдістерін қолданады.

АҚ 2. Негізгі  қорлардың қолдану тиімділігін  есептей алады. Ұйым қызметін обьективті түрде бағалайды.

АҚ 3. Талдау әдістемесіне байланысты талдау түрлерін қолдана  біледі. Қаржылық жағдайды талдаудағы әдістерді қолдана біледі: экспресс талдау. Қаржылық көрсеткіштер негізінде  ұйымның қаржылық жағдайын обьективті бағалайды.

АҚ 4. Баланс активтерінің құрамымен құрылымын талдайды, баланс көздерінің құрылу көзін анықтайды. Баланс ликвидттігін анықтайды, ұйымның тұрақтығын бағалайды.

АҚ 5. Ұйымның  қаржылық қорытындысы бойынша келісілген қаржылық есеп түрлерін құрайды. 

Арнаулы құзыреттілік:

біледі:

  • Ұйымның қаржылық жағдайын талдау әдістерін;

    меңгерді:

  • Ұйымның қаржылық жағдайын көрсеткіштерін есептеу және қаржылық жағдайын талдау бойынша құзыретті болу;
  • Аналитикалық процедураларды жүргізуді;
  • Ұйымның қаржы шаруашылық жағдайы және нарықтық тұрақтығы бойынша ғылыми тұрақты зерттеу және бағалау;

    дағдыланды:

  • Ұйымның қаржылық жоспарын әзірлеуді;
  • Ұйымның өтімділігін есептеуді;
 
 
 
 
 
 
  1. Тақырыптық  жоспар және пән мазмұны

    Тақырыптық  жоспар

п/п

Бөлімдердің және тақырыптардың атауы Бекітілген  деңгей Орта  деңгей маманы
Негізгі орта білім базасында Жалпы орта білім  базасында Негізгі орта білім  базасында Жалпы орта білім  базасында
  1 Бөлім.

Экономикалық  талдау теориясы

       
1 1.1 Экономикалық  талдау мазмұны, пәні, міндеттері        
2 1.2 Экономикалық  талдаудың әдісі мен тәсілдері        
3 1.3 Экономикалық  талдауды ақпаратпен қамтамассыз  ету        
4 1.4 Экономикалық  талдау түрлері        
5 1.5 Аналитикалық  жұмысты ұйымдастыру        
6 1.6 Өндірістік  қызыметтің негізгі көрсеткіштерін  талдаудың негізгі әдістемелері        
  2 бөлім.

Экономикалық  талдау және қаржы  есептемесін талдау.

       
7 2.1 Ұйымның қаржылық  тұрақсыздығын талдау        
8 2.2 Ұйымның табыстылығын  талдау        
9 2.3 Ұйым қызыметінің  тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау        
10 2.4 Кәсіпкерлік  тәуелділік және ұйымның болашақ  банкротқа ұшырауын талдау        
11 Барлығы        
 
 

Пәннің  үлестік оқу бағдарламасының  мазмұны

1 Бөлім. Экономикалық  талдау теориясы

    1. Экономикалық талдау мазмұны,  пәні, міндеттері

     Кіріспе. Экономикалық талдаудың тарихы мен  даму келешегі. Нарықтың экономикаға  көшу кезеңдері. Пән және оның міндеттері, өзге пәндермен байланысты. Курстың  құрылуы, және тақырыптардың мазмұны  экономикалық талдаудың мазмұны. Экономикалық талдаудың заңы. Экономикалық талдаудың  міндеттері. Экономикалық талдау және басқа ғылымдар. Экономикалық талдау және аудит.

1.2     Экономикалық талдаудың  әдісі мен тәсілдері

      Экономикалық  талдау әдісі, оның ерекшеліктері. Талдау әдістері мен топтастыру. Салыстыру- талдаудың негізгі тәсілі.

      «Айырма»  әдісімен шаруашылық қызыметінің жалпылау көрсеткіштеріне әртүрлі факторлар  әсер етуін анықтау.

      Индекстің әдіс- зерттелетін көрсеткішке әр түрлі факторлар әсер етуін анықтайтын әдіс.

      Баланстық әдіс. Есептің мәліметтер статистикалық  өндеу әдістері мен тәсілдерін қолдану. Талдаудың экономикалық-математикалық  әдістері.

1.3     Экономикалық ақпарат  жүйесі. Субьектілердің  шаруашылық     қызметінің талдау көздері. Көрсеткіштер жүйесі. Аналитикалық көрсеткіштерді дайындау. Экономикалық ақпаратты компьютерлік өндеуді ұйымдастыру кезеңі.

1.4.    Экономикалық талдау  түрлері

      Экономикалық  талдау түрлерін топтастыру болашақ  экономикалық талдаудың міндеттері мен әдістемесі.

      Шаруашылық, салалық экономикалық талдау ұйым қызметін талдаудың әдістемесі мен ұцымдастыру  ерекшеліктері.

      Шаруашылық  салыстырманы талдау әдісі.

1.5.    Аналитикалық жұмысты  ұйымдастыру.

      Ұйым  қызметін бақылайтын және талдайтын  органдар.

      Ұйымдардың  қызметін бақылаудың нысандары мен  әдістері.

      Бухгалтерлік  есептемелерді тексеру экономикалық талдау. Талдау – аудит тексеруі ревизия. Экономикалық талдау кезендері қазіргі замандағы аналитикалық жұмысты жетілдіру. Шет мемлекеттерде аналитикалық жұмысты ұйымдастыру.

1.6     Өңдірістің  қызметің  негізгі көрсеткіштерін  талдаудың негізгі  әдістемелері

      Кешенді экономикалық талдау жүйесі. Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс.

      Басқармашылық және қаржылық талдаудың мазмұны. Өндірістің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейін талдау. Еңбек өнімділігін, материал қажетсінуін, қор қайтарымын талдау, өнім, жұмыс, қызмет көлемі мен құрылымын талдау өнім шығындарын және өзіндік құнын талдау.

      Білім алушыларға келесідей ұғымдар қалыптасу  керек: басқармашылық және қаржылық талдау мазмұны, еңбек өнімділігі қор  қайтарымы, материал қажетсінуін талдаудың  мазмұны, өтім, жұмыс, қызмет көлемі мен  құрылымын талдаудың мазмұны, өнімнің өзіндік құны мен өндіріс шығындардың талдаудың мазмұны.

2 Бөлім. Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

          2.1 Ұйымның қаржылық  тұрақсыздығын талдау.

      Баланс  активтерінің құрамы  мен құрылымы өзгерін талдау. Баланс активтері  құралу көздерінің құрамы мен құрылымы өзгеруін талдау. Баланстың өнімдлігін талдау. Ұйымның төлем қабілеттілін талдау. Ұйымның несие өтеуге жарамдылығын талдау.

      Білім алушыларда келесідей ұғымдар қалыптасуы керек: баланс активтерінің құрамы мен құрылымы өзгерісін таңдаудың мазмұны, ұйымның төлем қабілеттігін талдаудың мазмұны.

      2.2 Ұйымның табыстылығын  талдау.

      Ұйымның табыстылық көрсеткіштері және оларды талдау міндеттері.

      Табыстылықтың нақты (абсолютты) көрсеткіштерін талдау.

      Маржиналдық табысты талдау. Табыстылық қатысты  көрсеткіштерін талдау.

      2.3 Ұйымның қызметінің  тиімділігін және  іскерлік белсендігін  талдау.

      Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткішін  талдау. Ұйымның нарықтық белсенділігінің  көрсеткіштер жүйесі. Ұйымның қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау.

      2.4 Кәсіпкерлік тәуекелдік  және ұйымның болашақ  банкротқа ұшырауын  талдау.  

      Ұйымның банкротқа ұшырау ықтималдығын талдау кәсіпкерлік тәуекелдікті талдау. Инвестицияның жоба тиімділігін талдау.

      Базалық құзыреттілік: Ұйымның банкротқа  ұшырау ықтималдығын талдауының мазмұны, кәсіпкерлік тәуекелдік талдауының мазмұны, инвестициялық жоба тиімділігін  талдауының мазмұны.

       

     

Информация о работе Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау