Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 22:14, реферат
Ауыл шаруашылығындағы қаржылық есеп жалпы экономикалық принциптер, бухгалтерлік стандарттар және халықаралық қаржылық жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің әр кәсіпорында жүргізілуінің өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Көптеген ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың бухгалтерлері өздері шешім қабылдап жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік шотта көрсетіп отырады
Каржы есебіндегі ауыл шаруашылығының ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығындағы қаржылық
есеп жалпы экономикалық принциптер, бухгалтерлік
стандарттар және халықаралық қаржылық
жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік
есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының
арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық
тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара
алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің
әр кәсіпорында жүргізілуінің өзінің
ерекшеліктері болуы мүмкін. Көптеген
ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың
бухгалтерлері өздері шешім қабылдап
жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік
шотта көрсетіп отырады. Қаржылық есепті
тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық,
еңбек және ақша ресурстарын бақылап,
дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп,
оның өзіндік құнын төмендету жоспарын
орындау мақсатында ішкі резервтерді
пайдалануды, белгіленген уақытында есеп
беріп және оның мәліметтерінің жедел
талдануын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының
аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын
бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп
берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк
есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң
негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады.
Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi
есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға
және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты
етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы
шаруашылық әдiстердiң барлығын басынан
соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға
сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық
әдiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының
барлығының да есепке алынуы.
Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк
маманының қай-қайсының болмасын негiзгi
кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты
пайдаланушыларға уақыттылы және дұрыс
есептелген мәлiмет беру болып табылады.
Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде
пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан,
жалпы сипаттағы қаржылық есептi құру
кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi,
ұсынылатын ақпарат көлемiн объективтi
бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бұл
жұйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан
оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды
жеңуге болады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:
-камералдық жүйе – ұйымның
тиімділігі ақшалай қаражат
-қарапайым(унигрификалық)
-қосарлы жүйе – бағалау
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп.Бұл өндірістің әр түрлі материалдық дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.
Ауыл шаруашылығындағы қаржылық есептің негізгі ерекшілігі - ең алдымен, оның өндіріс үрдісі тірі табиғатпен, жермен және тірі ағзалардың – еңбек заты ретінде әрекет ететін жануарлар мен өсімдіктердің қатысуында.
Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субьектінің қызмет ету мақсаты пайда табу болып табылады.Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған.Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің және тұрғындарының сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына, кәсіпорын қоймасында дайын өнім қалдықтарының көбеюі айналым капиталының ұзақ уақыт тоқтап қалуына, нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне, несиеге деген қажеттілікке, олар бойынша пайыздар төлеуге, жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, шаруашылық жұмысшыларымен еңбекақы бойынша есеп айырысу, кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының ұйымдарын өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп.Бұл өндірістің әр түрлі материалдық ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты.Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты мамандануына, шоғырлануына, орналасуына,көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б.
Информация о работе Каржы есебіндегі ауыл шаруашылығының ерекшеліктері