Кәсіпорындардың шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 14:18, доклад

Описание

бұл жерде кәсіпорын шығындары жайлы жазылған

Работа состоит из  1 файл

касипорын экономикасы.docx

— 24.17 Кб (Скачать документ)

      Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің  негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері 

шығындар  бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша  шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық  мақсаттағы көмекші материалдар;  өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы; технологиялық  мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік  сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.

      Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері  бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді. Ол өндірістің  әр түрлі  учаскелерінде  өзіндік  құнды  төмендету резервтерін іздестіруге  мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың  түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған  қаржының мөлшерін анықтау.

      Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша  бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені  осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге  мүмкіндік береді:

      а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);

      б)жұмыс  және қызмет көрсету түрлері бойынша;

      c)өнім  өндірісімен байланысты барлық  шығындар жиынтығы екі негізгі  элементтерге бөлінеді:

    • материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);
    • тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік   

      сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге  төлемдер және т.б. );

               д) шығындарды басқаша топтастыру  оларды мүмкін болатын өнім  өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары  бойынша бөлістірілуі мүмкін:

    • материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);
    • еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы );
    • жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;
    • құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;
    • цехтық (өндірістік) шығындар;
    • жалпышаруашылық шығындар;

    е) дайын  өнім шығындар құнын  аудару  әдісі  бойынша:

    • тікелей шығындар;
    • жанама  шығындар;

      f) қалыптасу уақыты бойынша:

    • ағымдық  шығындар;
    • болашақ кезең  шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );

    Қазақстан       экономикасындағы     барлық     салалары        бойынша 

кәсіпорындардағы  жұмыс пен қызметке қосылатын  өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей  анықтау  мақсатында  1992  жылдың  30  шілдесінде  Министрлер  Кабинетінің  Нұсқауы негізінде  жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік  құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің  жаңа басты есептеу жоспарына  көше бастады.  
 
 
 

Информация о работе Кәсіпорындардың шығындары