Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 07:21, курсовая работа

Описание

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселердің бір қатарын жолға қояды. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болады. Өйткені ол құрылымдық - ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорындарда кеңінен тарай бастады. Яғни едәуір қаныққан нарығы бар үлкен қалаларда орналасқан ірі кәсіпорындарда маркетинг құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары.
1.1. Маркетингтің мәні мен мағынасы және принциптері.
1.2. Маркетингті зерттеудің мақсаты және әдістері.
1.3. Қазақстанның кәсіпорындарындағы маркетингті пайдалану ерекшеліктері
2 тарау. “Рахат” АҚ маркетингті пайдалану және дамыту жолдары.
2.1. “Рахат” АҚ өндірісткік жағдайын талдау.
2.2. “Рахат” АҚ маркетинг жұмысын талдау және бағалау.
2.3. “Рахат” АҚ өндірістік маркетингтік іс - әрекеттерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұысқалар.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

“Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары ”.DOC

— 488.50 Кб (Скачать документ)
  • коммуникациялық   бернесі  –  маркетинг    зерттеулері    кезінде

қолданылатын  сауалдама,  тұтынушылар  пікірлерін  жинау, тауар өтімін талдау арқылы  жарнама  рынокпен  және   тұтынушымен  қайта байланысын қамтамасыз  ету;

  • бақылау бернесі -  рыноктағы  өнімдердің    жылжыуынбақылауға

мүмкіндік  беру;

  • түзетім бернес - өткізу саясатын және жарнама қызыметін ұтымды

жағына  өзгерту жағына мүмкіндік жасау;

  • сұранысты  бақылау бернесі  -  нақты   тұтынушылар   топтарына

көзделген  әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашу;

     Қоғаммен байланыс (паблик рилейшнз), дегеніміз – ол    фирма туралы  қоғамның   жақсы  пікірін   құру  мақсатымен    тауар   және кәсіпорын    туралы    коммерциялық    маңызды   ақпарат   тарату.

     Қоғаммен байланыс – фирманың табысты қызметінің тәуелді болатын барлық жақтарынан ізгі қарым-қатынастарды және престижді қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілетін кез-келген коммуникация. Ал фирманың қызметінің жемісті болуы: өзінің қызметкерлер, клиентура, үкімет, қоғам, тұрғылықты халықтың басым   тобына   тәуелді   болуы  мүмкін.  Жалпы  айтқанда,  паблик рилейшнз деген  ұғым  фирманың бейнесінене оны қалыптастыратын факторларға тікелей қатысы бар әрекеттерді қамту.

 Қоғаммен байланыс саясатының негізгі мақсаттары:

  1. ішкі саясатты жүзеге асыру;
  2. сыртқы саясатты жүзеге асыру;
  3. фирма беделін көтеру; 

Қоғаммен  байланыстын ерекшеліктері:

  • түсінігі жоғары  -  жарнамаға   қарағанда     ресми  таныстырулар,

баяндамалар  тұтыншыларға  шынайы , сенімді  көріндіру;

  • тұтынушылар кеңінен қамтылуы–бұрын  сатушыларға,  жарнамаға

сеніңкіремей   жүргендерге   жариялау   әрекеті   кең көлемде жақсы нәтиже береді;

көзге  тартымды да жағымды келеді;

  • Қоғаммен байланыс шараларының түрлері:
  • қөпшілік ақпарат құралдармен байланыс жүргізу;
  • басылған өнімдерді шығару;
  • кәсіби   және  қоғамдық     ұйымдар           жұмысына       фирма 

өкілдерінің  қатысуы;

  • оқиға түрдегі әр түрлі шараладды ұйымдастыру;
  • қоғамда  маңызды   мәдени   шараларға    фирманың    қатысуы;

      Арнайы сату дегеніміз  -  тауар   мен    қызмет   өткізу    кезінде  сатып алушы  тек  ақпаратты  ғана емес, сонымен  қатар  өзінің пікірін айтуға мұмкіндік алатын сатушы мен сатып алушының  тікелей байлансты . Арнайы сату ерекшеліктері:                                                                                      

1. сатушы  сатыпалушы   қатынастарының   түрі   тікелей   болады;

екі  жақты  байланыс  тұтынушыларды  қажеттіліктеріне, икемді жауап  қайтаруға, жылдам өзгертуге мүмкіндік  береді;

3. сатып  алушы   жағынан   белгілі   жауап    беруін    болжайды;

4. тауарды  тікелей сатып алумен  аиақталатын  байланыстың  жалғыз түрі;

     Өтімді ынталандыру  - тауарды сатуға немесе өткізуге көмектесетін қысқа мерзімді түрткі болатын көтермелейтын шаралар. Өтімді ынталандыру шаралары келесі жағдайларда қолданылады:

1)  рынокта ұқсас тұтыну қасиеттерімен бәсекелес тауарлар сатылған кезде;

2)  рынокқа жаңа тауарды ұсынғанда,  немесе фирма жаңа рынокқа шыққан кезде;

3)  тауар “құлдырау” өмір кезеңіне келген кезде;

4 )  төмендеген сұранысты жандандыру үшін;

5) ұсынған тауарларға тұтынушылардың ақпараттығын күшейту үшін;

     Өтімді ынталандырудың ерекшеліктері:

  • Тауарға   деген  тартымдылықты    күшейту –  ол    үшін   әлуетті

тұтынушылар  арасында лотерея, купондар таратылады  және бағаны төмендету арқылы қызықтыру;

  • сатып алуға шақырушыларды көбейту – ол үшін тез арада сатып

алуға  шақырулар әдіс қолданылады;

  • сатып алуға тұтынушыларды талаптандыру –ол үшін тұтынушыға

құнды   болып   табылатын   женілдіктер,  кепілдемелер,  бағаны  төмендету.

Өтімді  ынталандырудың үш жолы бар:

  • Сауда саласында (делдалдарды) ынталандыру.   Бұл жол    жанама

өткізу  арналарын пайдаланады. Делдалдарды  ынталандыру  үшін мына  әдістер  қолданылады. Баға  жеңілдіктері, бірге   жарнама жүргізу, сауда жарыстарын  жүргізу,  тауарды тұтынушыға  жеткізу.

  • Өткізумен   айналысатын  фирма    жұмсшыларын  ынталандыру.

Жұмыс  сапасын  жақсарту    мақсатымен  уәждеме  қолданылады.

Мысалы,    ақшалай ,  заттай  сыйлықтар,   қосымша     демалыс  уақыттарын  беру, т.б.

  • Тікелей  тұтынушыларды  ынталандыру.  Мұнда  тұтынушыларға

баға  жеңілдіктері,  купондар,  кепілдемелер  беріледі,   тауармен ресми  таныстырулар өткізіледі/27/.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                 

        

1.3. Қазақстанның кәсіпорындағы маркетингті пайдалану

                                ерекшеліктері

     Қазақстан   Республикасында   осы  нарықтық   экономика   даму жолында  көптеген  қыиыншылықтарды  бастан  өткізіп  кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде.

     Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни, нарықтық  экономиканың  амал-тәсілдеріне   бейімделіп, өте тиімді шешіммен,кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселерді шешіп  елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті, мақсаты тұр.  Бұл дегеніміз – тұрғындарымыздың әл- ауқатын  артырып,  әлеуметтік- экономикалық жағдайды жақсарту,әлем таныған өркениетті ел болу/10/.

     Ел  экономикасын   дамытуға   отандық   өндірістердің   маңызды    өз жерімізде қай меншікті  болмасын өндіріс орындарын   (кәсіпорындар, фирмалар, мекемелер) кіші.   Орта  және ірі бизинесті нарықтық экономика жағдайында көрсету ел экономикасына, мемелекеттік бюжетке тиімді болып табылады.   қандай болмасын кәсіпорын, шаруашылық субьектілері нарықтық жағдайда қызмет етпес бұрын сол  нарыққа  көшу - өзінше  мақсат  емес  яғни,  экономикалық тиімділігін көрсету  және  адамдардың  өмір  деңгейін, әл - ауқатын жақсарту. Нарықтың тиімді әрекет ету үшін тиімді нарықтың инфрақұрылым ( коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялар, биржалар, аудиториялық ұйымдар,  брокерлік, маркетингтік  және  нарықтық  қатынастардың  қатысуы ретінде  оның дамуы бастама сипатта болуы тиіс.   Маркетинктің  тәжірбиелік  қолдауы мемелекет бейнесі мен  оның  экономикасы,  бәсекелестік  жағыдайы ,салт – дәстүрі , халықтың тұтыну  мөлшері  және  басқада  көптеген  факторларына қарай  ұлтық  ерекшелігі болады:   Біздің  Қазақстанның  нарықтық экономикасында  кәсіпорынның дамуының  баяу болуы: 1)  өндіріс құралдарының талаптығы; 2) тауар тораптары тапшылығы;3) сұраныс тапшылығы; 4)  ресурстар тапшылығы/11/;

     Кәсіпорындардың іс - әрекетіне экономиканың  жалпы жағдайы да   әсер етеді. Ал осы нарықты зертеу,оның механизмдерімен танысу маркетинг ғылымының  бір саласы.   Кәсіпорынның  шаруашылық іс- әрекетін  және маркетингтік  қызметін басқарудың  нәтижесінде өз бақылауы мен өз талдауын жүргізу.

     Қазақстандағы  кәсіпорынның   дамуына кедергі  болып  турған негізіннен  макроэкономикалық   факторлар,  атап  айтқанда:

1) Қаржы немесе  ресурстарының жеткіліксіздігі  мен инвестциялық  белсенділіктің әлсіздігі; 2)  Бюджеттің  әлеуметтік тұрғдан алғандағы қатаң жобасы, жұмысыздықтың  жоғарғы  деңгейі,төлем  қабілетін төмендетіп , бюжет      тапшылығы       жағдайындағы    өндіріс талаптарын бере алмауы  өнімді   өткізуде  қиындықтар  туғызуда; 3) Импорттық өсуі жағыдайында ұлттық тауардың бәсекелік қабылетінің төмендеуі; 4) Салық жүйесінің жетілмегендігі атап көрсетіледі.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының  экономикасы түбегейлі  жүйелі   бағыттары  мен   шарттарының   өзгерісімен  сипатталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе   жатқан    негізгі     құрамдарының   бірі   маркетинг   жүйесі.Маркетинг дегеніміз  қазіргі заманғы  істің жаңа әдістерін қолданудың бірі болып есептеледі. Бірақ оның ерекшеліктерін    біздің  республикамыздағы    қиындықтарға   тап болып  тұр. Сірә түйінді  мәселердің  бірі– ол Қазақстандағы маркетинкті ұйымдастыру тәжірибесінің азы,  осымен қатар  сапалы  білімді  мамандардың жоқтығы.

     Маркетинг   жайында   экономикалық  әдебиеттердің   беттерінде түсініктеме беріліп,  зерттеулер  жүргізіліп,  әр  түрлі  пікір - ойлар кеңінен таратылған. Мысалы, француз ғалымы Ж.Ж.Ламбен  өзінің 1996  жылы  шыққан  “Стратегиялық  Маркетинг”  атты  кітабында маркеттингтің  тарихи  эволюциясын   зертеп   көрсеткен.Соған байланысты    маркетинг   үш    даму    сатыға  бөлініп:“пассивті”, “ұйымдастыру” және “активті” деп аталған/12/.       

    Жалпы айтқанда“пассивті” маркетингтің тән қасиеттері  болып ірі көпшілік  потенциалды  рынокпен   шек    қойлған   ұсыныстың сәйкес  болмауы   сипатталады.   Өндірістің   қуаттылығы   керектігін   қанағаттандыруда  жетімсіз  болып,    сұраудың  ұсыныстан  жоғарлапкеткенімен  байланысты.  Соған орай  пассивті   маркетингке сәйкесрынок халықтың  қажеттілігін  белгілі  және  тұрақты  етеді. Маркетингтің  алғашқы даму  дәрежесінде  әр  түрлі  коммерциялық қызметтер құралып, өтім ұйымдастыру орында және сатып  алушылардың қарым-қатынастармен белгіленеді.Маркетинг аспаптарына тұтынушының үмітін орындау қатынасымен белгіленеді. Маркетинг аспаптарына тұтынушының  үмітін  орындау емес , сонымен  қатар жауапкершіліктің бытыраңқы түрлері пайда болады. Басқаша айтқанда ,  осы кезеңге бюрократиялық көз қарас жән  де  кәсіпорындардың тек қана ішкі мәселерін шешу бейімделіп отырады.  Негізгі приориттердің бірі болып өндірісті  дамыту және  өнімділікті  арттыру жолдарын іздеп табу  жатады. Маркетинг  тек  қана  шығарылған өңімді  сатумен  айналсып, сатып   алушының   мәселесін  шешу проблемасын  мүлде  қарамайды. Бірақ   мұндай нарықтық қарым қатынас ерекше  үстем  болуы уақытша.  Осы  кездегі фирмалардың  талаптарын   алдын  ала   болжау және  алдағы  өзгерістерді  көріп, болашақ күн тәртібін  дұрыс  ұйымдастыру  қажет.Соған даярлық жасамаған фирмалардың өмірі тек қана уақытша  немесе  болашағы белгісіз болуы мүмкін.

     Осыған   байланысты  Қазақстан  Республикасының  кейбір мекемелердің маркетинг ерекшеліктері  қазіргі  заманға   беймәлім және  де бұл  даму  сатысы  шетелдер  фирмаларының  жұмыстарына лайықсыз екендігін байқаймыз.

     Маркетингтің келесі даму сатысы  болып”ұйымдастыру”  түрі және де сонымен байлансты экономикада  мынандай өзгерістер тап болады:

– өнімнің  жаңа түрлері енгізіліп, өзіне-өзі  қызмет ету орындарының дамуы  кеңінен таралады. Жалпы өнімділіктің сапасы жоғарланып, көпшілік     орындарының     талабына    лайықсыздығы байқалады;

– нарықтық  географиялық ықпалының  аумағы кеңейіп және де  сонымен  қатар    тұтынушылар   мен   өнім   шығарушылардың психологиялық қарым-қатынасы өзгереді;

– сауда  маркаларындағы  салалардың  саясаты  дамып  және саудадағы    өзіне-өзі    қызмет  ету   тәсілі    кеңінен   таратылып қолданылады.  Осы  сатыдағы  маркетинктің  негізгі  мақсаты – ол тиімді  коммерциялық ұйымдастыру орындарын құру. Маркетингтің ролі өзгеріліп сату  концепцясына  назар аударылды    да  және   де оның нәтижелі жолдары іздестіріледі. Осы кезде сату әкімшіліктерінің орындары құрылып, басқаша айтқанда, коммерциялық дирекциялар кеңінен пайда болады.Олардың мақсаттарына сату орындарын  қалыптастыру   және   сол  үшін  әр алуан   жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі. Сонымен қатар жарнаманың батыл  шаралармен   таралуы  арқасында  “қолайсыз маркетинг”  пайда   болы,кейбір жағдайда оны  ұсыныстың  талабына   жақындатады.   Бірақ, осымен қатар әр түрлі тұтынушылардың құқытарын  заңдылық түрде қорғау орындары да құрылады.

     Ал   енді,  сңғы    даму сатыдағы  “активті маркетинктің”

стратегиялық   мақсаттары   негізінен  үш  факторларға  байланысты. Олар:

-   техникалық процестің жылдамдығын  дамыту; 

-  тұтынушы  рыноктың толықтығы және де  оның кемеліне келіп жетуі;

-  рыноктық  халықаралық ынтымағын нығайту және  сол  жолдағы

кедергілерді  жүйелі түрде жою. Технологиялық  процесстердің ықпалын  нығайту  және  оның жылдамдығынның  артыуы  “инновация” кезеңін тудырып, әртүрлі творчестволық ізденістер, концепциялар, ғылыми  жаңалық ашу, өнер    тапқыштықпен  тығыз байланысты. Басқаша    айтқанда “инновация”   – ол  айқын   тілектердің    арқасындағы   өзгерістер  нәтижесі.Осы кезеңдегі ғылыми зерттеулер әр  алуан   университеттерде   немесе  жеке қоғамдар  арнаулы орындарда,     орталықтарда дамиды. Мемелекет, осыған орай, зерттеу жүргізу үшін көмек көрсетіп тұрады.Технологиялық инновацияның нәтижесі болып теоретика лық  түрде  жоспарланған зертеулер жүргізеді. Олар апроббация тәсілдеріне тексеріліп,  алдын  ала  қойылған  мақсаттаррға  сәйкес болуы тиісті.

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану